МГ № 162 МГ № 162 МГ № 162 МГ № 162
Химиядан сабақ жоспары Пән мұғалімі Сыдықбекова Т.Н.
Сыныбы – 11 (Қ) сабақ реті: күні________
Тақырыбы |
§1. Органикалық қосылыстардың химиялық құрылыс теориясы. |
уақыты |
Білімділік мақсаты: дамытушылық:
тәрбиелік: |
Оқушылардың органикалық реакциялардың жіктелуі және механизмі туралы алған білімдерін қайталау; түсіндіру біліктілігі мен дағдыларын жетілдіру, көңіл аудару ,еске сақтау қабілеттерін дамыту;
сабақ уақытын бағалауға үйрету,еңбекқорлыққа және пәнге қызығушылығын арттыру.
|
|
Сабақ типі: |
Қайталау сабағы |
|
Сабақ өткізілу түрі: |
кітаппен өздік жұмыс, орындау, кестемен жұмыс, мұғалімнің түсіндіруі,кітаппен өздік жұмыс, фронталды сұрақтар; |
|
Құралдар мен реактивтер: |
Кітап, дәптер, интерактивті тақта, ХЭПЖ, ДДТ-1 |
|
Ұйымдастыру кезеңі: |
(Сабақтың мақсаты мен кезеңдерін анықтау.) -сабақта қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік жасау ; -оқушыларды психологиялық дайындау. Амандасу.Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аудару. Сабақтың жалпы мақсатын ашу ,оны өткізу жоспарын көрсету. |
1-2 |
Үй тапсырмасын тексеру кезеңі: |
Сабақтың білімділік мақсаты: -үй тапсырмасының дұрыс, толық орындалғанын тексеру ; -білімдеріндегі кеткен кемшіліктерді,тапсырма орындау барысында қиындықтарды анықтау ; -кеткен кемшіліктерді жою. Айналым бойынша жаттығу тексеру. |
2-3 |
Оқушыларды білімді ,саналы және белсенді түрде меңгеруге дайындау кезеңі: |
1.Сабақ тақырыбын хабарлау.Оқушылармен біріге отырып сабақ мақсатын айқындау. Жаңа материалды оқып үйренудің практикалық қажеттілігін көрсету. Оқушылардың алдына оқу проблемасын қою.Білімді жаңғырту. (Актуализация ) Білімділік міндеттері: . -оқушылардың білім алуға деген ынта-ықыласын жұмылдыру. -оқушыларды білім алудың мақсаттарын анықтауға; - оқушылардың материалды бір мезгілде қабылдауы ,ой қорытындыларын жасауы,жалпылай және жүйелей білуі. 2.Оқыту проблемалары: 3.Білімді жаңғырту: Фронталды әңгімелесу: ОҚҚТ шығуына қандай себебтер негіз болды? ОҚҚТ негізгі қағидаларын тұжырымдап беріңдер. Органикалық қосылыстарға қандай химиялық байланыс тән? Коваленттік байланыс қалай түзіледі? Коваленттік байланысқа сипаттама бер ? Н-Сl, Н-Н, Сl - Сl атомдар арасында байланыс түзілгенде қандай орбитальдар өзара қаптасады? Химиялық реакцияның қандай белгілері бар? |
3-4 |
Жаңа сабақты түсіндіру кезеңдері:
|
Білімділік міндеттері: Берілген материалды оқушылардың қабылдауын есте сақтауын қамтамасыз ету; - оқушылардың білімді қабылдауына,алған білімнен қорытынды шығаруға,жүйелеуге қажетті түрлі әдіс –тәсілдерді үйрету; - оқушылардың білімді қайта жаңғырту әдістерін қабылдауы;берілген оқу материалын өз бетінше ұғынуға ,түсініктерді ,заңдарды, анықтамаларды философиялық тұрғыдан түсінуге көмек жасау. 1.Мұғалімнің түсіндіруі: Органикалық қосылыстардың химиялық құрылыс теориясының пайда болуы: 1. өндіріс пен халық шаруашылығының өскелең талаптарына сай келмеуі,органикалық химияның даму деңгейінің төмендігі 2. химия ғылымында мына заттардың қасиеттерін түсіндіре алмауы жаңа теорияның қажеттігі: · органикалық заттардың көптүрлілігі; · валенттіктің сәйкес келмеуі; · изомерия құбылысы; · органикалық заттар үшін тұрақты таңбаның болмауы. 3. Типтер теориясы: Жерар әрбір затты біртұтас қарауды ұсынды.Барлық органикалық қосылыстар қарапайым бейорганикалық қосылыстардың туындылары деп есептеді:сутек ,хлорлы сутек, су деп бірнеше типке бөлуді ұсынды: 1 тип – сутек, 2 тип – хлорсутек, 3 тип – су. 4. Радикалдар теориясы: Берцелиус органикалық заттар екі бөліктен –радикалдардан тұрады деп пайымдады.Ол химиялық реакция кезінде радикалдар өзгеріссіз сақталады деп есептеді . 5. 1860 жылы Карлсруэ қаласында өткен химиктер съезінде атом-молекулалық ілімді қабылдады. 6. Франкленд және Кекуле жұмыстарының нәтижесінде химияда валенттілік туралы түсінік қабылданып,көміртек атомының 4 валенттігі туралы түсінік енгізілді (Кекуле). 7.Ал 1857жылы Кекуле және Купер қосылыстардағы атомдардың тізбектелу идеясын ұсынды. Қорытынды: Ғылымдағы барлық жетістіктер органикалық химияның дамуында жаңа жағдайлар туғызды – органикалық қосылыстардың химиялық құрылыс теориясы. А.М.Бутлеровтың ОҚХҚТ 1.Молекулада атомдар нақты болады. 1828 жылы–Берцелиус шәкірті –неміс ғалымы Велер бейорганикалық заттан алғаш қы рет органикалық зат несеп нәрін- синтездеп алды. 1845 жылы –Кольбе сірке қышқылын алды. 1854 жылы - Бертло майды синтездеді. 1861жылы - алғашқы рет қантты зат синтезделіп алынды. 2.Молекуладағы атомдар өзара валенттіліктеріне сай өзара белгілі бір тәртіппен байланысады.Көміртек 4 валентті.
Н Н Н | | | Н – С – Н Н – С – С – Н | | | Н Н Н
метан этан
3. Органикалық заттардың қасиеттері олардың құрамына қандай атомдар және қанша мөлшерде кіретіндіктеріне тәуелді болуымен қатар, ондағы атомдардың өзара байланысу ретіне де тәуелді болады.
Н Н Н Н | | | | Н – С – О – С – Н Н – С – С – О – Н | | | | Н Н Н Н
диметил эфирі этил спирті қайнау темп. -23,7°С қайнау темп. +78,7°С
1. «Химиялық құрылыс» терминін А.М.Бутлеров ұсынды. Құрылыс- бұл молекуладағы атомдардың валенттігіне сәйкес тәртәппен байланысуын көрсетеді. Изомерлену –молекула бірдей сапалық және сандық құрамы бар,бірақ құрылысы, қасиеттері әртүрлі болатын құбылыс ,ал ол заттар -изомерлер СН3 – СН2 – СН2 – СН3 СН3 – СН – СН3 | СН3
нормаль бутан изобутан Қалыпты бутан мен изобутанның молекулалық формулалары бірдей С4Н10 болғанымен физикалық және химиялық қасиеттері бір-бірінен өзгеше әр түрлі заттар. Мысалы, бутанның қайнау температурасы -0,5°С, изобутанның қайнау температурасы 11,7°С. Бұл заттар бір-біріне изомер болып табылады 2. Молекуладағы көмірсутек атомының саны өскен сайын,изомерлнрдіңде саны өседі.Мысалы: формуласы С10 Н22 болатын заттың 75 изомері , формуласы С14 Н30 болатын заттың 1858 изомері бар. 3. 4.Қасиетіне қарай заттың молекуласының құрылысын ,құрылысына қарай –қасиетін болжап айтуға болады.
ОҚХҚТ маңызы: 1. теория табиғатты диалектико – материалистік тұрғыдан түсіндіруге болатынын дәләлдеді 2. теория заттарды атом-молекулалық ілім негізінде терең қарастыруға мүмкіндік берді. 3. теория химиядағы жинақталған деректерді түсіндірді және жүйеледі,жаңа заттардың бар екендігін болжауға және олардың құрылысын анықтауға,химия өнеркәсібінің дамуына көмектесті 4. теория көміртек тізбегінің құрылыс негізінде заттарды ғылыми негізде классификациялауға мүмкіндік береді 5. теория ары қарай екі бағытта дамыды : стереохимия, атомның электрондық құрылысы туралы білім алу. XIX ғасырдың басында жануарлар мен өсімдіктер организмдерінің негізі көміртекті заттар екені анықталды. Органикалық химияның ғылымның жеке саласы ретінде бөлінуінің бесты себебі, сол кездегі минералды және органикалық заттардың тегіне деген көзқарас болды. 1808 жылы швед ғалымы Я.Берцелиус организмнен алынатын заттарды «органикалық заттар» деп, ал оларды зерттейтін химияның саласын «органикалық химия» деп атауды ұсынды. Сол кездегі кейбір ғалымдар органикалық заттар тек тірі организмде ғана «тіршілік күші» әсерінен түзіледі, оларды бейорганикалық заттар сияқты лабораториялық әдіспен алуға болмайды деп есептеді Бірақ XIX ғасырдың басында Фридрих Велер дициан мен судан қымыздық қышқылын, несепнәрді ; 1845 жылы Кольбе көміртектен сірке қышқылын; Бертло -1854 жылы этиленнен этил спиртін синтездеп алды,бұл органикалық заттардың организмнен тыс бейорганикалық заттардан синтезделуі органикалық және бейорганикалық заттарды жеке бөлуге болмайтынын көрсетті. Органикалық химияның жеке ғылым саласы болу себебтері: Органикалық заттардың көп түрлілігі; Көміртек қосылыстарының іс –жүзіндегі өте жоғары маңыздылығы; Органикалық қосылыстардың құрамы мен қасиеттерінің ерекшеліктері; Көптеген органикалық заттар жанғыш, қыздырғанда салыстырмалы түрде оңай ыдырайды: тәжірибе: (спирттің, балауыздың жануы,қанттың көмірленуі) Органикалық заттардың ерекшеліктері:
Органикалық химияның ғылым ретінде пайда болуы : 1. этерин теориясы: Жан Батист Дюма,19 ғасыр 20-шы жылдар; 2. радикалдар теориясы: Велер, Либих, 19 ғасыр; 3. типтер теориясы: Лоран және Жерар, 19 ғасыр; 4.Одлинг 19 ғасырдың ортасында«валенттік» ұғымын енгізді; 5. валенттік туралы түсінікті Фридрих Август Кекуле ары қарай дамытты; 6.біртіндеп жинақталған эксперименттік зерттеулер және оларды теориялық жолмен дәләлдеу А.М.Бутлеровтың органикалық қосылыстардың құрылыс теориясының ашылуына негіз болды. Органикалық химияның маңызы: 1. Қазіргі кезде 18 млн-ға жуық табиғи және синтетикалық органикалық заттар белгілі және олардың саны өсуде,ал белгілі бейорганикалық қосылыстардың саны 100 мыңдай. 2.Қазіргі химия өндірісіндегі процестер- органикалық заттар алу немесе сол заттардың қатысуымен жүретін реакциялар. Сол сияқты, табиғатта кездеспейтін көптеген органикалық заттар жасанды түрде синтезделіп алынды. Оларға әр түрлі дәрі-дәрмектер, бояулар, пластмассалар мен синтетикалық талшықтар, т.б. жатады. 3. Бейорганикалық химия бұл өзінше әдемі ,бірақ ол органикалық химиясыз пайдасы аз өлі денемен бірдей.Тірі организмдегі олардың тіршілік етуін қамтамасыз ететін көптеген процесстер -бұл органикалық заттардың химиялық реакциясы . 4.Химиктер өте күрделі табиғи заттарды алуды үйренді: көмірсулар, белоктар, нуклеин қышқылдары. Бұл кезде органикалық синтезге көмекке биотехнология келеді.
|
16-17 |
Білімді тексеру және өз бетінше тексеру кезеңі: |
-оқушылардың өтілген материалды қаншалықты дұрыс меңгергенін анықтау; Оқушылардыңіс-әрекеті мен біліміндегі олқылықтарды анықтау.Кеткен олқылықтардың себебін анықтау. -оқушылардың өзін –өзі бағалау қабілеттерін дамытуға жағдай жасау. ДДТ-1жұмыс істеу |
1-2 |
Үй тапсырмасын беру кезеңі:
|
Білімділік міндеттері: -оқушыларға үй тапсырмасының берілу мақсаты ,мазмұны шығарылу жолы түсінікті болуын қамтамасыз ету 1. Үй тапсырмасын орындауға берілетін нұсқаулар. параграф 1 оқу; № 7,9, 10(11 бет)жазбаша. 2.Дәптерге жазғандарын тексеру . |
1-2 |
Сабақ қорытындысын шығару кезеңі. |
- жекелеген оқушылар мен сынып жұмысына баға беру.Сабақтың кемшілігі мен қорытындысын шығару. Баға қою. |
1-2 |
Рефлексия кезеңі: |
Білімділік міндеттері: -оқушы мен мұғалім арасындағы дұрыс қарым қатынасты тудыру. -оқушылардыңөзін өзі басқару және басқа адамдармен дұрыс қарым –қатынас принципін үйрету.
|
1-2 |
МГ № 162 МГ № 162 МГ № 162 МГ № 162
Химиядан сабақ жоспары Пән мұғалімі Сыдықбекова Т.Н.
Сыныбы – 11 (Қ) сабақ реті: күні________
Тақырыбы |
§2.§3. Көмірсутектердің электрондық теориясы.Химиялық байланыстар. Көміртек атомының гибридтік күйі. |
уақыты |
Білімділік мақсаты: дамытушылық:
тәрбиелік: |
Оқушыларға көміртек атомының электрондық құрылысының ерекшеліктері, гибридтену, гибридтенген орбитальдар туралы білімді қалыптастыру; Оқушыларға ковалентті,дара және еселі,сигма(σ)және пи(π) байланыс, ковалентті байланыстың сипаттамасы: полюстігі,ұзындығы,бағытталуы,энергиясы молекулалардың кеңістіктегі пішіні,сутектік байланыс туралы білімді қалыптастыра отырып дамыту.;
түсіндіру біліктілігі мен дағдыларын жетілдіру, көңіл аудару ,еске сақтау қабілеттерін дамыту; сабақ уақытын бағалауға үйрету,еңбекқорлыққа және пәнге қызығушылығын арттыру.
|
|
Сабақ типі: |
Аралас сабақ |
|
Сабақ өткізілу түрі: |
кітаппен өздік жұмыс, орындау, кестемен жұмыс, мұғалімнің түсіндіруі,кітаппен өздік жұмыс, фронталды сұрақтар; ДДТ-2, |
|
Құралдар мен реактивтер: |
Кітап, дәптер, интерактивті тақта, ДДТ-2, көміртек атомының құрылысы |
|
Ұйымдастыру кезеңі: |
(Сабақтың мақсаты мен кезеңдерін анықтау.) -сабақта қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік жасау ; -оқушыларды психологиялық дайындау. Амандасу.Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аудару. Сабақтың жалпы мақсатын ашу ,оны өткізу жоспарын көрсету. |
1-2 |
Үй тапсырмасын тексеру кезеңі: |
Сабақтың білімділік мақсаты: -үй тапсырмасының дұрыс, толық орындалғанын тексеру ; -білімдеріндегі кеткен кемшіліктерді,тапсырма орындау барысында қиындықтарды анықтау ; -кеткен кемшіліктерді жою. Айналым бойынша жаттығу тексеру. |
2-3 |
Оқушыларды білімді ,саналы және белсенді түрде меңгеруге дайындау кезеңі: |
1.Сабақ тақырыбын хабарлау.Оқушылармен біріге отырып сабақ мақсатын айқындау. Жаңа материалды оқып үйренудің практикалық қажеттілігін көрсету. Оқушылардың алдына оқу проблемасын қою.Білімді жаңғырту. (Актуализация ) Білімділік міндеттері: . -оқушылардың білім алуға деген ынта-ықыласын жұмылдыру. -оқушыларды білім алудың мақсаттарын анықтауға; - оқушылардың материалды бір мезгілде қабылдауы ,ой қорытындыларын жасауы,жалпылай және жүйелей білуі. 2.Оқыту проблемалары: 3.Білімді жаңғырту: Фронталды әңгімелесу: ОҚҚТ негізгі қағидалары қандай. ОҚҚТ негізгі қағидаларын дәлелде.
|
3-4 |
Жаңа сабақты түсіндіру кезеңдері:
|
Білімділік міндеттері: Берілген материалды оқушылардың қабылдауын есте сақтауын қамтамасыз ету; - оқушылардың білімді қабылдауына,алған білімнен қорытынды шығаруға,жүйелеуге қажетті түрлі әдіс –тәсілдерді үйрету; - оқушылардың білімді қайта жаңғырту әдістерін қабылдауы;берілген оқу материалын өз бетінше ұғынуға ,түсініктерді ,заңдарды, анықтамаларды философиялық тұрғыдан түсінуге көмек жасау. 1.Мұғалімнің түсіндіруі: Сұрақтар: v Көміртек атомының заряды қандай?Пж элементтің реттік нөмірі 6-ға тең болғандықтан ,ядро заряды да алтыға тең. v Көміртек атомының ядросындағы қанша протон саны нешеге тең? Протон саны ПЖ элементтің реттік нөмірі 6-ға тең болғандықтан 6 болады. v Көміртек атомында қанша электрон бар? v Көміртек атомында қанша энергетикалық деңгей бар? v Сыртқы деңгейдегі электрон саны қандай? v Орбиталь деген не? v Электрондық орбиталдың қандай формаларын білесіңдер ? v Қандай орбиталдар және оның қаншауы көміртек атомының сыртқы электрондық деңгейін құрайды ?
Көміртек атомы органикалық қосылыстарда ылғи төрт валентті.Ол үшін химиялық байланыс түзгенде атом қозған күйге көшіп, , 2 s-электронның біреуі 2-р орбитальға ауысуы қажет.
Сұрақтар: Метанның құрылысы қандай? Метан молекуласында қанша химиялық байланыс бар? С-Н қандай байланыс типі қандай? Бұл байланыстар қандай типке жатады? Көміртек-сутек арасында байланыс қандай типті орбитальдардың бүркесуі арқылы түзіледі? Үш байланыс көміртек атомының р- орбиталі және сутек атомының s-орбиталінің бүркесуі,ал төртінші байланыс екі s-орбиталдің бүркесуі арқылы түзіледі. Яғни бұл жағдайда С-Н байланыстың біреуі басқа үш байланыстан ерекшелігі болады:энергиясы, байланыс ұзындығы,бағытталуы.Жаңа зерттеулер метан молекуласындағы байланыстың барлығы бірдей екендігін дәлелдеді.Неге? Бұл жағдайды түсіндіру үшін, гибридтелу теориясы деген гипотеза ұсынылды Метандағы барлық байланыстар бірдей,онда олар көміртек атомының бірдей орбиталдарынан түзілген деп болжам жасауға болады.Бірақ бұл орбиталдар бір-бірінен айқын ерекшеленеді.Яғни, көміртек атомында бұндай формадағы орбитальдар жоқ,олардың энергиясы,формасы бірдей болуы керек.Бұл құбылысты гибридтелу деп атаймыз.
*Гибридтелгенде орбитальдар саны өзгермейді, яғни бір s-орбитал және үш р-орбиталдан жаңа төрт байланыс түзіледі; * әрбір орбитальда жаңа форма түзілгенде жұптаспаған бір электроннан қалады,осылардың есебінен төрт С-Н байланысы түзіледі. Гибридтелгенде орбитальдардың пішіні гантель тәрізді , бірақ әртүрлі сфералы. Гибридтелген орбитальдардың кеңістік осьтерінде орналасуы. Гибридтелген орбитальдар бір-бірінен барынша қашықтықта орналасуға тырысады ,бұнда остер арасындағы бұрыш 109 28,ал остердің өздері тетраэдр төбесіне қарай бағытталады. Коваленттік байланыстың түрлері – дара және еселі байланыстар.Химиялық байланыс бір электрондық жұбы арқылы пайда болса, онда дара (жай) байланыс түзіледі.Мұндай байланыс сигма байланыс деп аталады.Бұл жағдайда орбитальдарының қаптасуы нәтижесінде пайда болған электрон тығыздығы атом ядроларын қосатын түзудің бойында жатады және сигма байланыстың бірнеше жағдайы болады. Ол s-s, s-p, p-p, , гибр. орбитальдардың қаптасулары нәтижелерінде түзілуі мүмкін.Сигма байланыс өте берік болады. Электрон бұлттарының қаптасуы нәтижесінде пайда болған электрон тығыздығы атом ядроларын қосатын түзудің екі жағында болса, пи байланыс түзіледі. Ол р-электрон бұлттарының екі жерден қаптасуынан түзіледі және пи байланыс түзілуінің тек бір жағдайы ғана болады. Бірақ кеңістікте әр түрлі бағытта орналаса алады. пи – байланыс түзілгенде, электрон орбитальдары қаптасқан кезде пайда болатын электрон тығыздығы сигма байланыстың электрон тығыздығынан азырақ болады. Сондықтан пи – байланыс сигма – байланыстан әлсіз болады және оның электрон тығыздығы көміртек атомдарының біреуіне қарай орай ығысады. Егер химиялық байланыс екі немесе үш жұп электрондар арқылы түзілетін болса, онда еселі байланыстар түзіледі. Органикалық қосылыс құрамындағы байланыстың еселігі өскен сайын оның беріктігі де артады. Коваленттік байланыстың негізгі сипаттамаларына оның полюстігі, байланыс ұзындығы, байланыс энергиясы және кеңістікте бағытталуы жатады. Байланыс полюстігі молекуладағы атомдардың арасындағы байланыстың электрон тығыздығының ығысуымен сипатталады. Коваленттік байланыс полюсті және полюссіз болып бөлінетінін білесіңдер.Егер химиялық байланыс бір түрлі атомдардың арасында түзілсе, олардың электрон бұлттарыны қаптасуынан түзілген электрон тығыздығы ядролардың қақ ортасында орналасады. Түзілген байланыс ковалентті полюссіз болады. Байланыс электртерістіктері әр түрлі, бірақ электртерістіктерінің айырмашылықтары үлкен емес элемент атомдарының арасында түзілсе, онда байланыс ковалентті полюсті болады. Электрон тығыздығы электртерістігі жоғары элементке қарай тартылады да, ол элементтің электрон тығыздығы өсіп, жартылай теріс зарядқа ие болады. Ал электрон тығыздығы кеміген элемент жартылай оң зарядқа ие болады. Мысалы, С→СІ электрон бұлтының тығыздығы электртерістігі жоғары хлор атомына қарай ығысады да, электрон тығыздығы ығысқан атом жартылай теріс зарядқа ие болады. Ал электрон тығыздығы кеміген көміртек атомы жартылай оң зарядталады. Бұл жағдайларда ығысудың иондардағыдай толық емес жартылай болатынын ескеру қажет. Жартылай зарядтар дельта минус немесе дельта плюс таңбаларымен белгіленеді. Химиялық байланыстың ұзындығы байланыс түзетін атомдар ядроларының қашықтығы нанометрмен өлшенеді. Ядролар жақын орналасқан сайын химиялық байланыс берік болады. Байланыс беріктігі өлшемі – байланыс энергиясы . Байланыс энергиясы осы байланысты үзуге жұмсалатын энергия мөлшерімен анықталады. Байланыстың еселігі артқан сайын ядроаралық қашықтық қысқарады да,байланыс энергиясы өседі. Байланыстың бағытталуы. S- орбитальдан басқа электрон орбиальдары өзара бұрыш жасап орналасады да, кеңістікте белгілі бір бағыты болады. Байланыстың бағытталуы молекуланың кеңістікте орналасуын,пішінін анықтайды.Аммиак молекуласының пішіні- төбесінде азот атомы орналасқан дұрыс пирамида тәрізді болатынын білесіңдер.Үш бұрыштарындағы сутек атомдарының байланыс бұрышы <HNH=107°2´.Метанның кеңістіктік пішіні тетраэдр тәрізді болады. Ортасында көміртек атомы орналасады,төрт бұрыштарында төрт сутек атомдары орналасады <HCH=109° 28´.Ал этиленнің кеңістіктік пішіні жазық тригональды болады. Сутектік байланыс бос электрон жұбы бар,электртерістігі үлкен атомдармен байланысқан сутек атомы арасында түзілетінін білесіңдер.О-Н байланысын мысалға ала отырып қарастырсақ,оттек пен сутек арасындағы электрон тығыздығы оттекке ығысып, оттек атомы жартылай «салыстырмалы» теріс, ал сутек атомы жартылай оң зарядқа ие болады О-Н да,басқа молекуланың қарама- қарсы зарядтарына тартылады.Сутектік байланыс үзік сызық арқылы белгіленеді.Спирт молекуласының ROH арасындағы сутектік байланыстың түзілуін мынадай сызбанұсқамен көрсетуге болады:
---O−H--- O−H---O−H--- O−H--- | | | | R R R R
Карбон қышқылдарының арасында да сутектік байланыс түзіледі Қорытынды:
Органикалық қосылыстар үшін сутектік байланыстың да маңызы зор |
16-17 |
Жаңа сабақты қалай қабылдағанын алғашқы тексеру кезеңі: |
Білімділік мақсаты: 1. - оқылған материалды оқушылардың дұрыс меңгергенін анықтау; -алғашқы берілген түсінікте кеткен кемшілікті анықтау; - кеткен кемшілікті жою жұмыстары; - Дәптермен жұмыс: сурет салып,көміртек атомының құрылысын түсіндіру |
9-10 |
Білімді қорытындылау және жүйелеу: |
-тапсырмаларды оқушылар өз бетінше орындайтындай дәрежеге жеткізу; -оқушылар білімі мен сыныптың ерекшелігіне қарай отырып тапсырманың күрделілігін анықтау; ДДТ-2 жұмыс істеу |
4-5
|
Білімді тексеру және өз бетінше тексеру кезеңі: |
-оқушылардың өтілген материалды қаншалықты дұрыс меңгергенін анықтау; Оқушылардыңіс-әрекеті мен біліміндегі олқылықтарды анықтау.Кеткен олқылықтардың себебін анықтау. -оқушылардың өзін –өзі бағалау қабілеттерін дамытуға жағдай жасау. Дәптерге жазғандарын тексеру |
1-2 |
Үй тапсырмасын беру кезеңі:
|
Білімділік міндеттері: -оқушыларға үй тапсырмасының берілу мақсаты ,мазмұны шығарылу жолы түсінікті болуын қамтамасыз ету 1. Үй тапсырмасын орындауға берілетін нұсқаулар. параграф 2,3 оқу; № 7,9(11 бет) 8,9(13 бет); 10жазбаша. 2.Дәптерге жазғандарын тексеру . |
1-2 |
IX.Сабақ қорытындысын шығару кезеңі. |
- жекелеген оқушылар мен сынып жұмысына баға беру.Сабақтың кемшілігі мен қорытындысын шығару. Баға қою. |
1-2 |
Рефлексия кезеңі: |
Білімділік міндеттері: -оқушы мен мұғалім арасындағы дұрыс қарым қатынасты тудыру. -оқушылардыңөзін өзі басқару және басқа адамдармен дұрыс қарым –қатынас принципін үйрету.
|
1-2 |
МГ № 162 МГ № 162 МГ № 162 МГ № 162
Химиядан сабақ жоспары Пән мұғалімі Сыдықбекова Т.Н.
Сыныбы – 11 (Қ) сабақ реті: күні________
Тақырыбы |
§4. §5.Органикалық қосылыстарды атаудың негіздері.Гомологтар мен изомерлер. |
уақыты |
Білімділік мақсаты: дамытушылық:
тәрбиелік: |
Оқушыларға органикалық қосылыстардың номенклатурасы,гомологтар мен изомерлер туралы білімді қалыптастыру; талдай білу,түсіндіру,жіктей білу,қосылыс формуласының атын атау,аты бойынша құрылыс формуласын құрастыру,есеп шығара білу біліктілігі мен дағдыларын жетілдіру, көңіл аудару ,еске сақтау қабілеттерін дамыту; сабақ уақытын бағалауға үйрету,еңбекқорлыққа және пәнге қызығушылығын арттыру. |
|
Сабақ типі: |
Аралас сабақ |
|
Сабақ өткізілу түрі: |
мұғалімнің түсіндіруі,жаттығулар орындау,фронталды сұрақтар; кесте құрастыру, есептер шығару |
|
Құралдар мен реактивтер: |
Кітап, дәптер, интерактивті тақта |
|
Ұйымдастыру кезеңі: |
(Сабақтың мақсаты мен кезеңдерін анықтау.) -сабақта қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік жасау ; -оқушыларды психологиялық дайындау. Амандасу.Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аудару. Сабақтың жалпы мақсатын ашу ,оны өткізу жоспарын көрсету. |
1-2 |
Үй тапсырмасын тексеру кезеңі: |
Сабақтың білімділік мақсаты: -үй тапсырмасының дұрыс, толық орындалғанын тексеру ; -білімдеріндегі кеткен кемшіліктерді,тапсырма орындау барысында қиындықтарды анықтау ; -кеткен кемшіліктерді жою. Айналым бойынша жаттығу тексеру. |
2-3 |
Оқушыларды білімді ,саналы және белсенді түрде меңгеруге дайындау кезеңі: |
1.Сабақ тақырыбын хабарлау.Оқушылармен біріге отырып сабақ мақсатын айқындау. Жаңа материалды оқып үйренудің практикалық қажеттілігін көрсету. Оқушылардың алдына оқу проблемасын қою.Білімді жаңғырту. (Актуализация ) Білімділік міндеттері: . -оқушылардың білім алуға деген ынта-ықыласын жұмылдыру. -оқушыларды білім алудың мақсаттарын анықтауға; - оқушылардың материалды бір мезгілде қабылдауы ,ой қорытындыларын жасауы,жалпылай және жүйелей білуі. 2.Оқыту проблемалары: 3.Білімді жаңғырту: Фронталды әңгімелесу: Изомерлену ,орын басу,алмасу,қосылу реакцияларына мысал келтіріңдер. |
3-4 |
Жаңа сабақты түсіндіру кезеңдері:
|
Білімділік міндеттері: Берілген материалды оқушылардың қабылдауын есте сақтауын қамтамасыз ету; - оқушылардың білімді қабылдауына,алған білімнен қорытынды шығаруға,жүйелеуге қажетті түрлі әдіс –тәсілдерді үйрету; - оқушылардың білімді қайта жаңғырту әдістерін қабылдауы;берілген оқу материалын өз бетінше ұғынуға ,түсініктерді ,заңдарды, анықтамаларды философиялық тұрғыдан түсінуге көмек жасау. Изомерлену –молекула бірдей сапалық және сандық құрамы бар,бірақ құрылысы, қасиеттері әртүрлі болатын құбылыс ,ал ол заттар -изомерлер СН3 – СН2 – СН2 – СН3 СН3 – СН – СН3 | СН3
нормаль бутан изобутан Қалыпты бутан мен изобутанның молекулалық формулалары бірдей С4Н10 болғанымен физикалық және химиялық қасиеттері бір-бірінен өзгеше әр түрлі заттар. Мысалы, бутанның қайнау температурасы -0,5°С, изобутанның қайнау температурасы 11,7°С. Бұл заттар бір-біріне изомер болып табылады 4. Молекуладағы көмірсутек атомының саны өскен сайын,изомерлнрдіңде саны өседі.Мысалы: формуласы С10 Н22 болатын заттың 75 изомері , формуласы С14 Н30 болатын заттың 1858 изомері бар. 5. 4.Қасиетіне қарай заттың молекуласының құрылысын ,құрылысына қарай –қасиетін болжап айтуға болады.
Бұл - ғылымдағы қолданылатын атаулар жүйесі.Органикалық химияда ертеде табиғи заттар аз болған. Ғалымдар әрбір затқа жеке атау ойлап шығарды.Мысалы, «этиленді» екікөміртектілеу сутек т.б.Бұндай атаулар көбінесе заттың шығу тегіне байланысты болды (мысалы: құмырсқа -формальдегиді, латынның-формика). Олар тривиалды деп аталады және химияда өте кең қолданылады. Химиктер қазір ацетиленді этин деп өте сирек атайды. Эксперименттік материалдардың жинақталуымен көптеген заттардың қасиеттерінің ұқсас,яғни бір топқа жататын қосылыстар екендігі анықталды. Сол топқа жататын барлық заттарға алғашқы ашылған заттың атымен атау кеңінен тарала бастады. Осылай кластар пайда болды.Заттардың туыстық байланыстарын ашып көрсету үшін рационалды номенклатураны қолдана бастады.Р.Н.ыңғайлы. Органикалық қосылыстардың саны геометриялық прогрессия заңдылығымен өсті. Әр елдің химиктеріне өзара тәжірибе алмасу қиынға соқты ,себебі бір ғана заттың бірнеше атауы болды, ал күрделі заттар үшін одан да күрделі қиындықтар туындады. Бұл проблеманы шешу үшін Халықаралық теориялық және прикладной химияның бірлестігіндегі барлық елдердің химиктері арнайы комитет құрып,барлық органикалық заттар атауға негіз жасады.Бұл но менклатураны халықаралық немесе ИЮПАК номенклатурасы деп атаймыз.
|
16-17 |
Жаңа сабақты қалай қабылдағанын алғашқы тексеру кезеңі: |
Білімділік мақсаты: 1. - оқылған материалды оқушылардың дұрыс меңгергенін анықтау; -алғашқы берілген түсінікте кеткен кемшілікті анықтау; - кеткен кемшілікті жою жұмыстары; - №1. есеп 80 %көміртектен, 20 % сутектен тұратынкөмірсутек формуласын табыңдар? Заттың сутек бойынша тығыздығы-15. Беілгені: W(С)=80 %: W(Н)=20 % Д =15 Анықта. : Сх Ну шешуі: ______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ Жауабы: зат формуласы: С2 Н6 –этан
|
9-10 |
Білімді қорытындылау және жүйелеу: |
-тапсырмаларды оқушылар өз бетінше орындайтындай дәрежеге жеткізу; -оқушылар білімі мен сыныптың ерекшелігіне қарай отырып тапсырманың күрделілігін анықтау; Мына заттардың құрылымдық формуласын жаз: 3-метилпентан, 2,3-дихлорбутан, 2,3-диметил-4,4-диэтилоктан, 3-пропилпентан |
4-5
|
Білімді тексеру және өз бетінше тексеру кезеңі: |
-оқушылардың өтілген материалды қаншалықты дұрыс меңгергенін анықтау; Оқушылардыңіс-әрекеті мен біліміндегі олқылықтарды анықтау.Кеткен олқылықтардың себебін анықтау. -оқушылардың өзін –өзі бағалау қабілеттерін дамытуға жағдай жасау. Дәптерге жазғандарын тексеру |
1-2 |
Үй тапсырмасын беру кезеңі:
|
Білімділік міндеттері: -оқушыларға үй тапсырмасының берілу мақсаты ,мазмұны шығарылу жолы түсінікті болуын қамтамасыз ету 1. Үй тапсырмасын орындауға берілетін нұсқаулар. параграф 4,5 оқу; №9-1 1(25бет) жазбаша 2.Дәптерге жазғандарын тексеру . |
1-2 |
IX.Сабақ қорытындысын шығару кезеңі. |
- жекелеген оқушылар мен сынып жұмысына баға беру.Сабақтың кемшілігі мен қорытындысын шығару. Баға қою. |
1-2 |
Рефлексия кезеңі: |
Білімділік міндеттері: -оқушы мен мұғалім арасындағы дұрыс қарым қатынасты тудыру. -оқушылардыңөзін өзі басқару және басқа адамдармен дұрыс қарым –қатынас принципін үйрету. |
1-2 |