Quantcast
Channel: Химия - Қазақстан ұстаздарына арналған - Әдістемелік-ақпараттық сайт sabaqtar.kz
Viewing all articles
Browse latest Browse all 130

"Химия"пәні - 9 сынып

$
0
0

ЭЛЕКТРОЛИТТІК ДИССОЦИАЦИАЛАНУ ЖӘНЕ

ЭЛЕКТРОЛИТТЕРДІҢ ҚАСИЕТТЕРІ (10 сағ.)

3- сабақ. Электролиттер мен бейэлектролиттер

 

Сабақтың мақсаты: «электролиттер» және «бейэлектролиттер» ұғымын қалыптастыру, ерітінділердің электр өткізгіштігі заттың кристалдық құрылымына және химиялық байланыс түріне тәуелді екендігін көрсету.

Реактивтер және құрал жабдықтар: күкірт қышқылының, натрий гидроксидінің, натрий хлоридінің және қанттың ерітінділері; мыс, темір, алюминий сымдары; қатты күйдегі натрий гидроксиді және хлориді, спирт, бензол, глицерин; ерітінділердің электр өткізгіштігін тексеретін құрал; «Ерітінділердің электр өткізгіштігі», «Кристалдық топ типтері», «Тұздардың қышқылдардың және негіздердің ерігіштігі» кестелері.

Сабақтың барысы. I Жаңа сабақты қабылдауға дайындық. Сабақтың тақырыбын және міндетін хабарлағаннан кейін берілген сұрақтар төңірегінде әңгіме жүргізіледі.

  1. Өздеріңе белгілі химиялық байланыс түрлері туралы айтыңдар.
  2. Мына қосылыстардағы химиялық байланыс түрін анықтаңдар: а) NaCI, KI (иондық байланыс); ә) Na2SO4, CuSO4, NaOH, Ва(OH)2 (иондық және коваленттік полюсті байланыс); б) HCL, H2SO4, HNO3, H2O (коваленттік күшті полюсті байланыс); в) C2H6O, C6H12O6, C6H6 (коваленттік әлсіз полюсті байланыс).
  3. Қандай бөлшектерді иондар деп атайды? Мына қосылыстардың құрамына қандай иондар кіреді? NaCL, Na2SO4, CuSO4, NaOH, Ba(OH)2.
  4. Берілген иондық қосылыстардың ион зарядын көрсетіңдер (тапсырма жылжымалы тақтаға немесе кодопленкаға алдын ала жазылып қойылады):

 NaCL, Na2SO4, NaOH, Ba(OH)2, CuSO4, Al2(SO4)3.

  1. Қандай қосылыстар иодық байланыс түзеді? Олардың жалпы физикалық қасиеттері қандай? (Оқушылар, әсіресе заттардың қаттылық, баяу балқығыштық қасиеттерін көрсетуі керек.)

  Әңгіме нәтижелерін жүйелеп, қорытындылаған соң, әрі қарай пән аралық сипаттағы төмендегідей сұрақтарды талдаған жөн.

  1. Электр тоғының табиғаты жөнінде не білесіздер?
  2. Металдардың электр өткізгіштігінің себебі неде?
  3. Өткізгіштер деген не?
  4. Жаңа сабақты оқып үйрену. Оқушылар физика курсынан осы мәліметтерді қайталаған соң, дәптерлеріне мынадай қорытынды жазады: Электр тоғы дегеніміз – зарядталған бөлшектердің ( электрон немесе иондардың) бағытталған қозғалысы.

Бұдан кейін мұғалім оқушылармен бірлесіп, электр өткізгіштікті сынауға арналған құралдың құрылымын талдайды.

Содан соң мыс, темір, алюминий сымдараның электр өткізгіштігі көрсетіледі. Берілген тұздардың (NaCL және CuSO4), сілтілердің (NaOH және Ba(OH)2), ерітінділерінің электрөткізгіштігін көрнекі түрде көрсету төмендегідей қорытынды жасауға мүміндік береді: жоғарыдағы ерітінділер электр тоғын өткізеді, ал құрғақ NaCL, CuSO4, Ba(OH)2 , NaOH электр тоғын өткізбейді (тәжірибе жасап көрсетеміз).

 

Заттардың аты

Электр тоғын өткізе ме?

Дистилденген су

Кристалды натрий хлориді

Натрий хлоридінің, т.б. ерітінділері

Өткізбейді

Өткізбейді

Өткізбейді

 

Әрі қарай мұғалім электролиттердің электр өткізгіштігін зерттеген швед химигі С. Аррениус екенін, ол электролиттік диссоциация теориясы деп атауды ұсынғанын айтады.

Бұдан кейін оқушылардың белсенді қатысуымен:

құрамы мен қасиеттерінің әртүрлілігіне қарамастан, тұздар мен негіздердің ерітінділері және кристалдары электрөткізгіштігін сынағанда неліктен бірдей нәтиже көрсетеді?- деген сұраққа жауап береді.

Зерттеген заттардағы ортақ қасиет – екеуі де иондық қосылыстарға жатады, яғни оларда иондық байланыс және иондық кристалдық тор бар. Бірақ кристалдарында иондар бір-бірін қатты ұстап тұрады да, еркін қозғалуға мүмкіндіктері болмайды (сондықтан электр тоғын өткізбейді), ал оларды еріткенде иондық байланыс үзіледі де, бос иондар пайда болады. Сондықтан олардың ерітінділері электр тоғын өткізеді.

Бұл болжамның дұрыстығын дәлелдеу үшін оқушыларға «Тұздардың, негіздердің  және қышқылдардың суда ерігіштігі» кестесін пайдаланып, ерітінділері электр тоғын өткізетін тұздар мен негіздерден 2-3 мысал келтіреді.

Әрі қарай қышқыл ерітінділерінің электрөткізгіштігін тексеруді ұсынамыз (Н2SO4 немесе НCL),  электр шамы жанады, демек, олардың ерітінділері электр тоғын өткізеді, бұл ерітіндіде иондардың түзілгенін дәлелдейді. Мұғалім су молекуласының әсерінен сутек пен қышқыл  қалдығы арасында коваленттік полюсті  байланыс әлсірейтінін түсіндіреді.Cутектің электроны толықтай қышқыл қалдығына өтеді де, коваленттік полюсті байланыс иондық байланысқа ауысады, осыдан зат иондарға ыдырайды. Мұғалім өтілген материалды жүйелеп, мынадай қрытынды жасайды: ерітінділері мен балқымалары электр тоғын өткізетін заттар электролиттер (тұздар, негіздер, қышқылдар) деп аталады.

Электролиттер электрөткізгіштігімен анықталады. Бұдан соң мұғалім мынадай проблемалық сұрақ қояды: Барлық суда еритін заттарды электролиттер деп атауға бола ма? Мұғалім  эксперимент нәтижесі бойынша қорытынды жасауды ұсынады. Суда: қант, глюкоза немесе этанолды ерітіп, электродты саламыз, электр шамы жанбайды. Бұны С12Н22О11 және С6Н12О6 құрылысы негізінде түсіндіреміз.  Бұл қосылыстардағы коваленттік байланыстың полюстігі аз, сондықтан молекулалар арасындағы байланыс (молекулалық кристалдық тор) берік емес, ал керісінше молекулаішілік байланыстың беріктігі бұл заттар суда ерігенде, оларды жеке бейтарап молекулаларға ғана ыдыратады. Әрі қарай тағы да қосымша глицерин мен бензолдың электрөткізгіштігін тексеріп, мынадай қорытынды жасауға болады: ерітінділері электр тоғын өткізбейтін заттарды бейэлектролиттер деп атайды (спирт, қант, глюкоза, глицерин, бензол, т.б.).

Білімді қорытындылап, бекіту.

Сабақтың қорытындысында оқушылардың алған мәліметтерін бекіту мақсатында мынадай тірексызбаны жаздыру керек.

 

 
   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тапсырма.

Тірексызбаны жалғастырыңдар және мына берілген заттарды электролиттерге, бейэлектролиттерге бөліп жазыңдар: калий гидроксидінің сулы ерітіндісі, дистилденген су, глюкоза, кальций хлоридінің кристалы, қант ерітіндісі, натрий гидроксидінің ерітінідсі.

Үйге тапсырма: §1. 1-,5-,7-,8-,9- жаттығулар. Жұмыс дәптерінен және есептер мен жаттығулар жинағынан тапсырмалар.

               4-сабақ. Электролиттік диссоциациялану механизмі.

 

Сабақтың мақсаты: электролиттік диссоциацияның мәнін ашу. Иондық және коваленттік полюсті байланысы бар қосылыстардың мысалында электролиттік диссоциацияның механизмін көрсету.

Электр  ерітіндісіндегі зарядталған бөлшектер – иондардың пайда болуындағы судың маңызын көрсету.

Тұздардың, қышқылдардың және сілтілердің диссоциациясы. Оксоний ионы, катиондар және аниондар.

Реактивтер және құрал-жабдықтар: эксперименттік есептерді шығаруға арналған реактивтер тобы және құралдар. «Тұздардың, қышқылдардың, негіздердің суда ерігіштігі», «Иондық және ковалентті полюсті байланысы бар қосылыстардың еруі және электролиттік диссоциация сызбасы», кестелері, «Иондардың гидротациясы», натрий хлоридінің крситалдық торының моделі, «Қатты заттардың еру механизмі» кинофрагменті (кинофрагмент болмаған жағдайда «Электролиттік диссоциация теориясы» диапазитивті немесе экранға оқулықтағы 4- суретті түсіріп көрсету керек).

Сабақтың барысы. I. Жаңа сабақты қабылдауға дайындық. Сабақты оқушылардың «электролит», «электролиттік диссоциация» ұғымдарын қалай меңгергенін білуге мүмкіндік беретін әңгімелесуден бастаймыз. Ол үшін мынадай сұрақтар ұснылады немесе мұғалім өз қалауы бойынша сұрақтар дайындайды.

 

  1. Мына заттар электр тоғын өткізе ме?

а) натрий хлоридінің ерітіндісі;

ә) қант ерітіндісі;

б) күкірт қышқылының ерітіндісі.

 

  1. Құрамында мынадай иондары бар қосылыстарды жазыңдар:

а) Na+ жәнеCl-

ә) K+ және S2-

б) Ba2+ және NO3-

в) B2+ және Br-

г) Al3+ және SO42-

 

  1. Кестеде берілген қосылыстардың иондық құрамын көрестіңдер.

 

Қосылыстың формуласы

Иондар

            

                 оң                       теріс

1.      BaCl2

2.      NaOH

3.      Al2(SO4)3

4.      MgCl2

5.      Zn(NO3)2

6.      Ba(OH)2

7.      HCL

 

  1. Жаңа сабақты оқып–үйрену. Әрі қарай міндеті мен мазмұнын айқындап, проблемалық сұрақ қоямыз: неліктен тұздардың, қышқылдардың және негіздердің судағы ерітіндісінде иондар пайда болады?

Бұл сұраққа жауап беру үшін су молекуласының құрылысы мен қасиетін білу керек. Әңгімелесу процесінде мұғалім оқушыларды судың қасиеттерімен қысқаша таныстырады. Оқушылар судың құрылымдық және электрондық формулаларын еске түсіреді және судың кейбір қасиеттері, оның молекуласының өте күшті полюстігіне (диполь) байланысты деген қорытынды жасайды. Еру процесі еріткіштің қасиетіне тәуелді. Мысалы, су зарядталған бөлшектердің электростатикалық тартылуын 81 есе азайтса, ал этонол 27, ацетон 27, бензл 2 есе (диэлектрлік өтімділік) азайтады.

Мұғалім иондар түзілуі мен механизмін жүйелеп, оқушыларға мынадай қорытынды жасайды: иондық және ковалентті полюсті байланысты қосылыстар ерігенде түзілген иондар судың дипольді молекулаларымен әрекеттесіп, гидраттанған иондар түзеді, яғни диссоциация процесі жүреді. Әрі қарай диссоциация процесінің қайтымды екені, иондарға ыдырау - иондану, ал кері процесс - молекула түзілу деп аталатыны айтылады.

Ерітіндіде иодар су молекуласымен байланысқан, яғни гидраттанған күйде болады. Оқушылар бірден мынадай қорытынды шығарады, гидраттанған мыс ионының кристалдық мыс (II) сульфатындағы мыс айырмашылығы бар.

Әрі қарай қышқылдардағы коваленттік  байланыстың, оларды суда еріткенде ионды байланысқа айналу механизмі қаралады және сутектің гидраттанған ионы:

Н+2О = Н3О+

оксоний ионы туралы түсінік енгізіледі.

Мұғалім оксоний ионын гидраттанған протон түрінде қарау керектігін ескертеді, осыған байланысты кейінгі жаттығуларда қышқылдардың диссоциациялану теңдеуін жазу әдісіндегі (Н3О орнына Н+) ерекшелік түсіндіріледі, себебі ерітіндіде сутек ионы ғана емес, барлық иондар гидраттанады. Сондықтан иондармен байланысқан су молекуласы реакция теңдеуіне есепке алынбайды. Бұны түсіндіру үшін қышқылдардың оксоний ионын түзе жүретін диссоциация теңдеуін және қысқартылған түрін жазып көрсетеміз:

HCl + H2O = H3O+ + Cl-

H2SO4 + 2H2O = 2H3O+ + SO42-

HNO3 + H2O = H3O+ + NO3-

немесе

 

HCl = H+ + Cl-

H2SO4 = 2H+ + SO42-

HNO3 = H+ + NO3-

Бұдан кейін мұғалім электролиттік диссоциация теңдеуі қалай жазылатынын және оқылатынын күкірт қышқылының, кальций гидроксидінің, алюминий сульфитінің мысалында түсіндіреді. Содан соң тақтаның сол жағына тігінен бірнеше қышқылдар, негіздер, тұздардың формулалары жазылып, оқушыларға осылардың әрқайсысының электролиттік диссоциация теңдеуін жазу ұсынылады. Тапсырмма тексеріліп, тақтаға электролиттік диссоциация теңдеуінің жүйеленген жалпы формуласы жазылады:

КА = К+ + А-

 

КА – диссоциацияланбаған электролит молекуласы, К+ катион, А- - анион.

III. Алған білімді қорытындылау. Сабақты мөмендегідей электролиттік диссрциацияның негізгі ережелерін қайталаумен қорытындылаймыз:

  1. Тұздар, негіздер және қышқылдар сулы ерітінділерінде (балқымаларында) иондарға ыдырайды:

 

CuCl2= Cu2+ + 2Cl-

NaOH = Na+ +Cl-

HCl = H+ + Cl-

2.Ерітіндіде түзілген иондар судың полюсті молекуласының әсерінен гидраттанады және бір- бірінен ажырайды. Бұл процесс иондану деп аталады.

  1. Иондану процесімен бір мезгілде кері процесс молекула түзілу жүреді. Иодану мен молекула түзілу қайтымды диссоциация процесінің екі жағы:

 

HCl↔H+ + Cl-

(HCl + H2O) ↔ H3O+ + Cl-

 

  1. Еріген заттың оң зарядтарының саны мен теріс зарядтарының саны тең болғандықтан, жалпы электр бейтарап болады.

Эксперименттік есептерді шығару барысында, қосымша пысықтау сұрақтарының көмегімен оқушылардың білім деңгейін анықтауға болады.

  1. Электролиттік диссоциация теориясының мәнін айтып беріңдер.
  2. Тұздардың, негіздердің және қышқылдардың суда ерігенде иондарға диссоциацияланатынын қалай дәлелдеуге болады?
  3. Аз мөлшерде тұз алып, суда және этанолда еріткенде алынған ерітінділердің электрөткізгіштігі қалай болады?

Үйге тапсырма.  §2. 1 6 - жаттығулар. Жұмыс дәптерінен тапсырмалар.

                  5- сабақ. Қышқылдардың, сілтілердің және тұздардың

 сулы ерітінділерде диссоциациялануы.

 

Сабақтың мақсаты: қышқылдарға, негіздерге және тұздарға электролиттік диссоциация теориясы тұрғысынан түсінік беру. Қышқылдардың, негіздердің және тұздардың диссоциация теңдеуін құруды үйрету. Оқушылар қышқылдар, негіздер және тұздар диссоциациясының себебін және ерекшелігін түсіндіре білу керек.

Электролит ерітіндісінің электробейтараптығы және қышқылдардың, негіздердің, тұздардың сатылы диссоциациясы туралы түсінік беру.

Индикаторлардың қышқылдар мен сілтілерге әсері. Қышқылдар, негіздер және тұздар ерітінділерінің электрөткізгіштігін тексеру.

Реактивтер және құрал-жабдықтар: әк суы, натрий гидроксидінің ерітіндісі, қышқыл ерітіндісі, тамшуыр, лакмус, фенолфталеин, стақандар, 

«Қатты заттардың еру механизмі» кинофрагменті, «Қышқылдар, негіздер және тұздардың ерігіштігі» кестесі.

Сабақтың барысы. I. Жаңа сабақты қабылдауға дайындық. Сабақтың барысында әңгімелесу және топтық өзіндік жұмыстар орындату арқылы оксидтерді, негіздерді, қышқылдарды және тұздарды анықтауды қайталап, әр кластың заттарын формула бойынша анықтау дағдысын дамытамыз.

1-тапсырма. Формулалары келтірілген заттарды кластарға жіктеңдер және аттарын атаңдар: AlCl3, CuO, HMnO4, NaOH, KBr, Ba(OH)2, HNO3, ZnSO4, SO3, Al(OH)3, P2O5,CO2, H2SO3, LiOH.

Содан соң келесі топтық тапсырма орындалады, оның мақсаты -негіздік және қышқылдық оксидтердің, негіздердің және қышқылдардың өздеріне тән жалпы қасиеттерін қайталау.

 ■ 2-тапсырма. Сызбанұсқа бойынша мысалдар келтіре отырып, айтып беріңдер (оны мұғалім алдын ала даярлайды).

Бұл қосылыстардың өздеріне тән жалпы қасиеттері мынадай реакцияларда көрінеді:

   А+В=С                            ВхОу + а = С + Н2О

А + в = С + Н2 ↑              а + в = С + Н2О

Берілген әріптердің орынан нақты заттардан мысалдар келтіріңдер және оларға тән реакция теңдеуін құрыңдар (топтағы әр оқушы жеке мысалдар келтіреді). Жұмыс нәтижесі кодоскоп арқылы тексеріледі немесе оқушылар бірін бірі тексереді.                                                                                    

  1. Жаңа сабақты оқып үйрену. Бұл тапсырма тірек білімді жүйелеуге және бекітуге мүмкіндік береді. Мұғалім электролиттердің сулы ерітіндідегі диссоциациялану механизмін білген соң қышқылдардың, негіздердің және тұздардың диссоцациясын шартты түрде бейнелейтін реакция теңдеуін құру қиын емес екенін айтады. Электролиттердің ерітінділері электрбейтарап екенін есте сақтаған жөн. Иондардың түзілуіне байланысты кинофрамент көрсетіледі. (бар болса).

Бұдан кейін оқушылар кодоскоп арқылы көрсетілген жаттығуды ауызша орындайды: мына заттар қандай иондарға диссоциацияланады және түзілетін иондардың зарядтары қандай: HCl, KCl, CaCl2, HNO3, Al(NO3)2,

Na3PO4, KOH, Ca(OH)2?

Әрі қарай қышқылдардың, негіздердің және тұздардың диссоциация теңдеуін құруды көрсетеді. Мұғалім қышқылдардың, негіздердің және тұздардың сатылап диссоциациялануын мынадай мысалдармен келтіреді.

                        Ca(OH)2↔CaOH+ + OH- ↔ Ca2+ + 2OH-

H2SO4 ↔ H+ + HSO4- ↔2H+ + SO42-

NaHSO4 ↔ Na+ + HSO4- ↔Na+ + H+ +SO42-

CaOHCl ↔ CaOH+ + Cl- ↔Ca2+ + OH- + Cl-

Оқушыларда қышқылдар, негіздер және тұздардың диссоциациялануы туралы ұғым қалыптасқан соң, олардың иондық құрамында ненің жалпы екенін түсіндіреміз.

Бұл кластардың қосылыстарына электролиттік диссоцация теориясы тұрғысынан қандай анықтама беруге болады? Қышқылдардың, негіздердің және тұздардың диссоциациялану теңдеуін жазып, олардың анықтамасын оқушылардың өздеріне айтқыздырған дұрыс. Мысалы, HI,Ba(OH)2, MgCl2.

III. Алған білімді бекіту. Жаңа материалды меңгеру дәрежесін тексеру үшін оқушыларға мынадай өзіндік жұмыс беріледі.

  1. Формулалары берілген заттардың: Pb (OH)2, Na3Po4,HF, Ca(OH)2, Al(NO3)3 электролиттік диссосация теңдеуін жазыңдар.
  2. Суда ерігенде мынадай иондар түзетін заттардың формулаларын жазыңдар:

а) Al3+ және SO42-; ә) К + және ОН-; б) Н+ және Вr- .

Үйге тапсырма: §3. 1-10-жаттығулар. Жұмыс дәптерінен және есептер мен жаттығулар жинағынан тапсырмалар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

6-сабақ. Электролиттік диссоциациялану дәрежесі.

Күшті және әлсіз электролиттер.

 

Сабақтың мақсаты: электролиттік диссоциацияның шамасы туралы түсінік қалыптастыру; күшті және әлсіз электролиттердің айырмашылығын дәлелдеу. Электролиттік диссоциациялану дәрежесі және оның белгіленуі туралы мағлұмат беру.

Реактивтер және құрал – жабдықтар: тұз және сірке қышқылының  1 М ерітіндісі, сірке қышқылы(конц.), дистилденген су, эксперименттік есептерге қажетті реактивтер, бензол, натрий хлоридінің концентрациялы ерітіндісі, заттардың электрөткізгіштігін тексеретін аспап, кейбір күшті және әлсіз электролиттердің диссоциация дәрежесінің сандық мәндері көрсетілген кесте.

Сабақтың барысы. I. Жаңа сабақты қабылдауға даярлық. Сабақ үй тапсырмасын талдаудан басталады. Содан соң, мұғалім жаңа сабақтың тақырыбымен таныстырып, оның міндеттерін түсіндіріп, мынадай проблемалық сұрақтарды талдайды.

  1. Электролиттердің молекулалары толық диссоциациялана ма әлде жартылай диссоциациялана ма?
  2. Электролиттердің диссоциациялануы неге байланысты?

Бірдей мөлшерде, бірдей концентрацияда алынған тұз және сірке қышқылының электрөткізгіштігіне жүргізілген көрнекті тәжірибенің негізінде, оқушылар бұл ерітінділердің электрөткізгіштігі әртүрлі болатыны туралы қорытынды жасайды.

  1. Жаңа сабақты оқып-үйрену. Тұз қышқылы сірке қышқылына қарағанда иондарға көбірек диссоциацияланады. «Диссоциациялану дәрежесі» ұғымы және α = — .... (мұндағы n – иондарға ыдыраған бөлшектер саны, N – еріген молекуланың жалпы саны) формуласының мәнін нақты мысалдармен түсіндіреді. Мысалы, 20С0-та тұз қышқылының концентрациясы с (НСl) = 0.9 моль/л болған жағдайда диссоциациялану дәрежесі:

                                  α = 0,91 немесе 91%.

Содан соң оқушыларға деңгейлі тапсырмалар бойынша оқулықпен өзіндік жұмыс орындау ұсынылады.

Тапсырма. Оқулықты пайдаланып, мына сұрақтарға жауап беріңдер.

       1.«Ерітіндіде сірке сірке қышқылының диссоциациялану дәрежесі 0,013% немесе 1,3%-ке тең» деген сөйлем нені білдіреді?

       2.Электролитті суда еріткенде әрбір 100 молекуладан:

а) 70;

ә) 5 молекула ионға ыдыраған жағдайда оның диссоциациялану дәрежесі неге тең болады?

  1. Бейорганикалық қосылыстардың әртүрлі класына жататын электролиттерге 2 мысалдан келтіріңдер: а) күшті; ә) орташа; б) әлсіз.
  2. Электролитті суда еріткенде әрбір 100 молекуланың 70-і немесе 10-ы иондарға ыдыраған жағдайда, электролиттің диссоциациялану дәрежесі неге тең?
  3. Диссоциациялану дәрежесі 0,31%-ке, 50%-ке, 25%-ке тең дегенді қалай түсінуге болады?

Мұғалімнің мүмкіндігіне қарай диссоциациялану дәрежесінің концентрацияға, температураға және электролиттің табиғатына тәуелділігін экспериментті түрде көрсетуіне болады. Мысалы, электрөткізгіштікті сынайтын аспапты пайдаланып, сірке қышқылының электрөткізгіштігін тексеруді қарастырамыз. Алғаш электр шамы әлсіз ғана жылтыраса, ерітіндіге су құйған сайын шам жарқырап, жануы күшейе түседі.

Диссоциациялану дәрежесінің электролиттің табиғатына тәуелділігін NaOH және KOH,  HF және HCl электролиттерінің электрөткізгіштігін салыстыру мысалында қарастырамыз.

Сондай-ақ электролиттік диссоциациялану дәрежесінің температураға тәуелділігін де көрсетуге болады. Бұл үшін құралдың жоғары жағындағы сымғ амперметрді қосамыз, ал электрөткізгіштікті сынайтын аспапты стақандағы қыздырылған (қайнатуға жеткізбей) және қыздырылмаған сірке қышқылының ерітіндісіне саламыз.

Күшті және әлсіз электролиттер туралы ұғым бекіту үшін оларменг бірге мынадай кестені толтыруға болады.

        Сулы орта үшін электролиттердің жіктелуі.

Қосылыс кластары

Электролиттер

күшті

орташа

әлсіз

Қышқылдар

HI, HBr, H2SO4, HClO4, HNO3, HCl

H3PO4, H2SO3

H2CO3, HF, H2S, H2SiO3, HCN, CH3, COOH

Негіздер

1

-

NH4OH және ерімейтін негіздер

Тұздар

Еритін тұздар

-

 

 

α – 70 – 90%

α – 3 – 30%

α – 1 – 3%

 

III. Алған білімді бекіту. Сабақтың қорытындысында суды электролиттік диссоциация тұрғысынан қарастырып, оқушылар мынадай сұраққа жауап іздейді. Неліктен суды қышқылға да, негізге де жатқызады? Бұл сұраққа жауап беру үшін оқушыларға мынадай тақырыпта қысқаша хабар дайындауды ұсынуға болады. Су-табиғаттағы ерекше заттардың бірі(мұғалім тақырыпқа қажетті қосымша әдебиеттерді көрсетеді).

Білімді бекіту үшін бақылау сұрақтары және эксперименттік есептер шығаруға болады.

1.Электролиттік диссоциациялану дәрежесі деген не және ол қандай жағдайларға тәуелді?

        2.Күшті және әлсіз электролиттердің қайсысында иондар берік байланысқан?

       3.Концентрациялы сірке қышқылының электрөткізгіштігін сынаңдар. Электр тоғының пайда болмау себебін түсіндіріңдер.

      4.Сірке қышқылының шамалы мөлшерін суда және бензинде ерітіп, электрөткізгіштігін тексеріңдер. Байқалған құбылысты түсіндіріңдер.

Үйге тапсырма. §4. 1-7 жаттығулар және жұмыс дәптерінен, есептер жинағынан тапсырмалар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                               7 –сабақ. Иондардың қасиеттері.

 

Сабақтың мақсаты: иондар туралы оқушылар білімін одан әрі тереңдету, «катиондар, аниондар» ұғымын түсіндіру, электролит ерітінділері қасиеттерінің ондағы иондар қасиетіне байланыстылығының себеп-салдарын ашу. Бейтарап атомдар мен иондардың құрылысы мен қасиеттеріндегі айырмашылықтар. Электр өрісіндегі иондардың қозғалысы. Cl-, SO42-, Ba2+ және т.б. иондарға сапалық реакция.

Реактивтер мен құрал-жабдықтар: иондардың электр өрісінде қозғалысын демонстрациялауға арналған құрал (құрылғы), хлоры бар құты, сусыз мыс (II) сульфаты, мыс купоросы, хромат, дихромат, перманганат кристалдары, сілті ерітінділері, натрий металы; эксперимент есептерін шығаруға арналған реактивтер: крахмал, йод және калий йодиді ерітітнділері.

Сабақтың барысы. I. Жаңа сабақты қабылдауға дайындық.  Сабақты қышқылдардың, негіздердің және тұздардың жалпы қасиеттерін қайталап, диссоциация теңдеулерін жазудан бастаймыз. Диссоциациялану дәрежесі, күшті және әлсіз электролиттер туралы мәліметтерді қайталаймыз. Үш оқушы тақтаға мынадай реакция теңдеулерін жазады:

 а)қышқылдардың металмен, негіздік оксидпен, негізбен әрекеттесуі.

         ә)сілтілердің қышқылмен, қышқылдық оксидпен әрекеттесуі.

         б)қышқылдардың сілтілердің, тұздардағы диссоциациялану теңдеулері.

Басқа оқушылар берілген тапсырмалар бойынша топтық жұмыс орындайды.

Тапсырмалар. а) мына қышқылдардың диссоциациялану теңдеуін жазыңдар: бромсутек, азот, хлорлы HclO4 және марганец HМnO4 қышқылдары. Диссоциацияланғанда бірдей иондар түзетін электролиттердің астын сызыңдар;

ә)төмендегі тұздардың диссоциация теңдеуін жазыңдар: натрий карбонаты, натрий нитраты, мыс (II) сульфаты, калий сульфаты. Бұл тұздар диссоциацияланғанда қандай иондар түзіледі?

б) мына металл гидроксидтерінің иондарға диссоциациялану теңдеуін жазыңдар: калий, кальций, барий, магний, цезий. Бұл электролиттер диссоциацияланғанда түзілетін иондардың астын сызыңдар.

  1. Жаңа сабақты оқып-үйрену. Жаңа сабақтың тақырыбын айтып, міндетін түсіндіреміз. Орындалған тапсырмаларды талқылау барысында әртүрлі электролиттерден ерітіндіде түзілетін бірдей иондар бейорганикалық қосылыстардың бір класына жататын заттардың ұқсастығын анықтайтынына назар аударамыз.

Иондар мен атомдардың қасиеттеріндегі айырмашылық натрий хлоридінің атомдары мен иондары құрылысының сызбасын қарастырудан басталады. Атомнан, молекуладан және ионнан түзілетін заттардың қасиеттері әртүрлі болатынын көрсету үшін хлоры бар сынауық, металл натрий және натрий хлоридінің ерітіндісі көрнекі көрсетіледі.

Бұдан кейін иондардың электр өрісінде қозғалуын катод және анод ұғымдарын талқылаймыз. Осының негізінде оқушылар «катион» және «анион» ұғымына анықтама береді. Мұғалім сусыз мыс (II) сульфатының еруін көрнекі көрсете отырып, кристалдық тордағы иондар мен гидраттанған иондардың әртүрлілігі туралы ұғымды бекітеді.

Тапсырма. Мына ерітінділердің сапалық құрамын зерттеп салыстыру жолымен түрлі түсті қай ион беріп тұрғанын анықтаңдар: а) калий хроматы және калий сульфаты; ә) калий сульфаты және калий перманганаты.

Бұдан кейін никель, кобальт тұздарының кристалгидратын және ерітінді түрінде көрсетуге болады.

Иондар қасиеттерін оқытуды қорытындылай келе оқушыларға берілген кестені толтыру ұсынылады.

 

Ерітінділерге түс беретін

 иондар

Ерітіндінің түсін өзгертпейтін

 иондар

Катиондар: Cu2+ (көк), Fe3+  (сары), Ni2+ (жасыл)

Аниондар: MnO4- (күлгін), Cr2O72- (қызыл сары),CrO42- (сары)

Катиондар: K+, H+, Na+, Zn2+, Ca2+, Ba2+, т.б.

Аниондар: Cl-, OH-, NO3-,SO42-, CO32-,

Br, I-  және т.б.

 

III. Алған білімді бекіту. Берілген сұрақтарды, жаттығуларды орындау арқылы сабақты бекітуге болады.

Үйге тапсырма. §5. 1-5- жаттығулар. Есептер мен жаттығулар жинағы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

8 – сабақ. Ерітіндідегі ион алмасу реакциялары.

 

Сабақтың мақсаты: иондардың қасиеті ретінде электролиттердің қасиеттері туралы ұғымды тереңдету; молекулалық, толық және қысқартылған иондық теңдеулер құруды үйрету; реакция аяғына дейін жүретін жағдайлар; хлоридтерге, сульфаттарға сапалық раекцияны қайталау және бейтараптану реакциясы туралы оқушылардың білімдерін бекіту.

Заттардың қасиеттері және сапалық жаңа деңгейдегі олардың өзара әсер механизмі туралы білімді қайта қарау.

Аяғына дейін жүретін ион алмасу реакцияларын демонстрациялау. Катиондар мен аниондарға сапалық реакция.

Реактивтер мен құрал жабдықтар: тұздар, қышқылдар және негіздердің ерігіштік кестесі, күкірт қышқылының ерітіндісі, натрий мен магний сульфаты, барий хлориді, күміс нитраты, натрий және барий гидроксиді, темір (III) хлориді және темір(III) сульфаты, натрий карбонаты ерітінділері, фенолфталеин, сынауықтар мен тұрғы.

Сабақтың барысы. I. Жаңа сабақты қабылдауға дайындық. Өткен сабақтағы негізгі ұғымдарды қайталау. Оқушылраға тұздардың, қышқылдардың және негіздердің суда ерігіштігін анықтау дағдысын бекіту мақсатында жалпы жұмыс орындау ұсынылады.

Өзіндік жұмысты орындату алдында мұғалім суда ерімейтін заттар үшін кестеге олардың тек формулаларын, ал электролиттер үшін олардың диссоциациялану теңдеуін жазу керектігіне оқушылардың назарын аударады.

I нұсқа

«Тұздардың, негіздердің және қышқылдардың суда ерігіштігі» кестесін пайдаланып, берілген кестеге мына заттардың формулаларын бөліп жазыңдар:

CuO, Cu(OH)2, Ca(OH)2, H2SO4, K2SO4, BaSO4, AgNO3, AgCl, FeCl3, PbCO3.

Суда ерімейтін заттар

Суда еритін заттардың диссоциациялану теңдеуі

 

 

 

 

II нұсқа

«Тұздардың, негіздердің және қышқылдардың суда ерігіштігі» кестесін пайдаланып, I нұсқада келтірілген кестеге мына заттардың формулаларын бөліп жазыңдар:

Fe(OH)2, Ba(OH)2, Fe2O3, H3PO4, Na2CO3, PbSO4, Ba(NO3)2, CaCO3, AlCl3.

Осы жұмыстарды орындау ион алмасу реакциясы туралы жаңа білімді түсінуге көмектеседі және оқушылар реакцияның иондық теңдеуін жазуға дағдыланады.

  1. Жаңа сабақты оқып-үйрену. Сабақтың басында мұғалім электролиттердің химиялық қасиеттері иондардың қасиеті екеніне ерекше тоқталады. Сол себепті реакцияның жазылуын бұрынғыдай молекулалық түрде емес, иондық түрде бейнелейміз. Мұғалім тұз қышқылының немесе басқа да бір хлоридтің күміс нитратымен әрекеттесу тәжірибесін ірімшік тәрізді тұнбаның түскенін байқайды. Содан соң реакция теңдеуін: а) молекулалық; ә) толық иондық; б) қысқартылған иондық түрде жазады.

Теңдеулерді иондық түрде жазғанда барлық еритін электролиттерді иондарға ыдыратып, ал ерімейтін және аз диссоциацияланатын қосылыстарды молекулалық түрде жазу керек:

  1. HCl + AgNO3 = HNO3 + AgCl ↓

    KCl + AgNO3 = KHO3 + AgCl ↓

 

  1. H+ + Cl- + Ag+ + NO3- = H+ + NO3- + AgCl ↓

 

Қандай иондар ерітіндіде бірге бола алатыны және өзара қосылып тұнба түзетіндері екінші реакция теңдеуінен көрініп тұр. Жоғарыда көрсетілген теңдеу толық иодық теңдеу деп аталады. Бұл реакция теңдеуі тек күміс және хлорид иондарының арасында әрекеттесу жүргенін көрсетеді:

 

                                      Ag+ + Cl- = AgCl ↓

Электролиттер арасындағы реакция мәнін бейнелейтін осындай теңдеу қысқартылған иоднық теңдеу деп аталады.

Толық және қысқартылған иондық теңдеуді анағұрлым күрделірек мысал арқылы талқылаймыз: амоний сульфатының (NH4)2SO4 барий хлоридімен BaCl2 әрекеттесуі.

Бұдан кейін оқушыларға лабороториялық жұмыс ұсынылады.

 

I нұсқа

 

II нұсқа

 

Тұз қышқылының, натрий және кальций хлоридінің күміс нитратымен әрекеттесуі

Күкірт қышқылының, натрий және магний сульфатының барий хлоридімен әрекеттесуі

 

Екі нұсқада да реакциялардың молекулалық, толық және қысқартылған иондық теңдеулерін құру, жүрген реакциялар нәтижесінде айырмашылықтың болмау себебін түсіндіру(қысқартылған теңдеуге сүйеніп). Бұдан соң тәжірибеге сүйеніп, бейтараптану реакциясының мәні түсіндіріледі.

I нұсқа

Барий гидроксиді Ba(OH2) мен тұз қышқылының HCl әрекеттесуі.

II нұсқа

Натрий гидроксиді NaOH мен тұз қышқылының HCl әрекеттесуі.

Реакцияны бастар алдында сілті ерітіндісіне фенолфталеин қосылады. Оқушылар бейтараптану реакциясы неліктен тұз және су түзілу арқылы жүретінін түсінуі керек. Мысалы (II нұсқа), күйдіргіш натр мен тұз қышқылы ерітіндіде иондарға толық диссоциацияланған:

Na+, OH-, H+, Cl-.

 

Ерітінділерді қосқанда H+  ионы OH- ионымен кездесіп, аз диссоциацияланатын су молекуасын түзеді:

 

H+ + OH- HH2O

 

немесе иондардың бейтараптануы жүреді:

 

H3O+ + OH ↔ 2H2O

Реакция нәтижесінде аз диссоциацияланатын заттар түзілетін басқа да мысалдар келтірген жөн. Оқушылар қорытындыны өздері жасайды: кез келген күшті қышқылдың күшті негізбен бейтараптану процесі – сутек және гидроксил иондарының өзара әрекеттесуі.

Әрі қарай газ бөле жүретін алмасу реакциясы қаралады. Мысалы, натрий карбонатының Na2CO3 күкірт қышқылымен әрекеттесуін көрсетуге болады. Тәжірибені талдағаннан кейін мұғалім реакция теңдеуін молекулалық, толық және қысқартылған иондық түрде жазады:

                                                                                    CO2

                                            CO32- + 2H+ = H2CO3

                                                                                    H2O

   CO32- + 2H+ = H2O + CO2

Бұл реакция бойынша оқушылар өздері қорытынды жасайды. Реакция өнімдерінің бірі – көміртек (IV) оксиді ерітіндіден бөлінеді, реакция аяғына дейін жүреді.

III. Алған білімді бекіту. Сабақ соңында мұғалім төмендегідей қорытындыларға оқушылардың назарын ерекше аударады.

  1. Алмасу реакциясының мәнін көрсететін реакция теңдеуін құруды үйрену (электролиттердің әрекеттесуі). Таным процесінде диалектикалық көзқарас қалыптастыратын заттардың қасиеттерін және олардың әрекеттесу механизмін жаңа сапалық деңгейде қайта қарастыру.
  2. Бейтараптану реакциясының мәні – сутек ионының (қышқылдық қасиет) гидроксид ионымен (сілтілік қасиет) әрекеттесіп, нәтижесінде бейтарап су молекуласының түзілуіне әкеледі. Бұл реакцияны қарама – қарсылықтың диалектикалық бірлігі ретінде қарастыруға болады.
  3. Иондардың қасиеттерін анықтау арқылы, электролиттер арасындағы реакция нәтижесі болжанады. Реакция нәтижесінде әлсіз электролит түзілген жағдайда немесе бір зат реакциядан бөлінген (газ немесе тұнба) жағдайда электролит ерітінділері арасындағы алмасу реакциясы аяғына дейін жүреді.

Сабақтың қалған бөлігі толық және қысқартылған иондық теңдеулерді құру дағдысын бекітуге арналады (түсіндірмелі диктант әдісімен). Мұғалім оқушылардың қысқартылған иондық теңдеуді дұрыс оқуына көңіл аударады.

Келесі сабақта осы тақырыпқа өзіндік жұмыс орындалатынын хабарлайды.

Үйге тапсырма. §6. 1-9-жаттығулар. Жұмыс дәптерінен тапсырма

9-сабақ. Электролиттік диссоциациялану теориясы

тұрғысынан қышқылдардың, негіздердің және

тұздардың қасиеттері

 

Сабақтың мақсаты: электролиттік диссоциациялану теориясы тұрғысынан қышқылдардың, негіздердің және тұздардың қасиеттері туралы оқушылар білімін жинақтау және тереңдету; оқушылардың иондық реакция теңдеуін құру дағдысын жетілдіру.

Электролиттік диссоциация теориясы арқылы заттардың қасиеттері туралы түсініктерін дамыту. Әртүрлі класс заттарының генетикалық туыстығы туралы түсінікті иондық деңгейде әрі қарай дамыту.

Реактивтер мен құрал-жабдықтар: сілтілерді титрлеуге арналған құрал, индикаторлар, қышқылдар топтамасы, сілті ерітінділері, мыс (II)оксиді, мырыш, темір және мыс сымдар, тұздар топтамасы: мыс (II)сульфаты, темір (III) хлориді, «Қышқылдар» және «Негіздер» диаипазитивтері, «Тұздардың,қышқылдардың және негіздердің суда ерігіштігі» кетесі.

Сабақтың барысы. I. Жаңа сабақты қабылдауға дайындық. «Иондар алмасу реакциясы» тақырыбын бекіту және тексеру мақсатында өзіндік тапсырмалар орындауды ұсынамыз (5-10 минуттық).

Тапсырма. Төменде берілген реакция теңдеулерін теңестіріп, толық және қысқартылған иондық түрде жазыңдар.

I нұсқа

  1. HNO3 + Ba(OH)2 →Ba(NO3)2 + H2O
  2. AgNO3 + K3PO4→ Ag3PO4 + KNO3
  3. BaCO3 + HCl → BaCl2 + H2O + CO2

 

II нұсқа

  1. NaOH + FeCl2 →Fe(OH)2 + NaCl
  2. CaCO3 + HNO3 →Ca(NO3)2 + H2O + CO2
  3. Ca(OH)2 + HCl →CaCl2 + H2O

 

Немесе сабақтың басында жоғарыдағыдай мақсатта лабороториялық тәжірибелер орындауға арналған өзіндік жұмыс өткізуге болады (оқушылар үстеліне керекті реактивтер қойылады).

 

I нұсқа

Төменде көрсетілген заттар ерітінділерін бір-біріне құйғанда қай жағдайда реакция аяғына дейін жүреді, қайсысында реакция қайтымды?

а ) KNO3 және NaCl

ә) Ba(NO3)2 және H2SO4

б) CuSO4 және NаOH.

 

 

II нұсқа

Берілген айнаымдарды жүзеге асыруға болатын реакция теңдеулерін жазыңдар:

CuCl2→Cu(OH)2→CuSO4

III нұсқа

Мына бөлшектердің әрекеттесуі нәтижесінде жүретін реакция теңдеуін жазыңдар:

а)CuO + 2H+ →                 ә)2OH- + Cu2+→              б)H+ + OH-

 

Келтірілген реакциялардың толық иондық теңдеуін жазыңдар.

Жоғарыдағы жұмыстарды орындап, тексеріп талдағаннан кейін электролиттік диссоциация теориясы тұрғысынан қышқылдар, негіздер және тұздар туралы оқушылар білімін жүйелеп, тереңдетуге көшеміз.

  1. Жаңа сабақты оқып-үйрену. Сабақ көрнекі және лабороториялық эксперименттермен толықтырылып отыратын төмендегідей әңгімелесу әдісімен жалғасады.
  2. Қандай заттар қышқылдар, негіздер және тұздар класына жатады? Бұларға электролиттік диссоциация теориясы тұрғысынан анықтама беріңдер.
  3. Сапалық және сандық құрамының әртүрлілігіне қарамастан, қышқылдар мен негіздердің ортақ қасиеттерін немен түсіндіруге болады?
  4. Қышқылдардың, негіздердің және тұздардың жіктелу сызбасын толықтырыңдар және мысалдармен бекітіңдер.

 

Диссоциаициялану дәрежесі бойынша:

                                               күшті

қышқылдар                           орташа

                                               әлсіз

 

Негізділігі мен құрамы бойынша:

 

       
   
 
     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Суда еритіндер (сілтілер)- сілтілік және сілтілік жер металдардың гидроксидтері

 

Суда ерімейтіндер (барлық қалған негіздер)

 

           

 
 

Тұздар

 

 

 

негіздік

 

қышқылдық

 

Орта немесе қалыпты

 

                                                                                                                                                             

                                                                                                                            

  

Әрі қарай берілген тәжірибелерді көрнекті көрсету арқылы қышқылдардың, негіздердің және тұздардың химиялық қасиеттерінқарастырамыз.   

А. Қышқылдадың химиялық қасиеттері.  

Басында қышқылдардың  қасиеттерін қайталау үшін оқушыларға мына қышқылдардың диссоциаицялану теңдеуін жазу ұсынылады: HCl, H2S, HNO3, H2SO4, H3PO4 және олардағы ортақ иондардың астын сызу тапсырылады.

Оқушылар еритін қышқылдардың ортақ қасиеттері-сутек ионының, дәлірек айтқанда оксоний ионының қасиеті екенін естеріне түсіреді:

1) қышқылдық дәм; 2) индикаторлардың түсін өзгертеді (лакмусты-қызылғы); 3) белсенді металмен әрекеттесіп, сутек бөледі және тұз түзеді;        4) негіздік оксидтермен әрекеттеседі; 5) еритін және ерімейтін негіздермен әрекеттеседі.

Реакция теңдеулерін молекулалық және иондық түрде жазады. Теңдеуді талдау барысында әрбәр реакция Н+ ионы бар екендігіне баса назар аударылады және бұл ортақ қасиет тек қышқыл ерітінділеріне ғана тән.   

Қышқылдардың тұздармен әрекеттесу реакциясын талқылаймыз. Бұл реакцияларда қышқылдың күшіне көңіл аударылады және мына қышқылдар мен тұздар ерітінділері арасындағы алмасу реакциялары жасалып, талданады: H2SO4 және BaCl2, HCl және AgNO3, HCl және CaCO3. Оқушылар газдың бөлінуі немесе тұнбаның түсуі арқылы реакцияның жүргенін көреді және реакцияның молекулалық иондық теңдеулерін жазады.

Негіздердің химиялық қасиеттері. Сілтілердің ортақ қасиеті- гидроксид ионының қасиеті екеніне көңіл аударылады:  

1)сабын тәрізді сезілуі; индикатордың түсін өзгертеді, лакмусты көк, фенолфталеинді қызғылт түске бояйды;

2)қышқылдармен және қышқылдық оксидтермен әрекеттесетін реакцияларды көрнекі көрсетіп, содан соң реакция теңдеулерін молекулалық және иондық түрде жазғызу керек;

3)негіздердің тұздармен әрекеттесу реакциясы қарастырылады (лабороториялық тәжірибе немесе демонсрациялап көрсету). Мысалы, натрий гидроксидінің NaOH мыс сульфатымен CuSO4 әрекеттесуі. Реакцияның белгісі-көгілдір түсті тұнбаның түзілуі.

Содан соң барлық негіздер (еритін және ерімейтін) тұздармен әрекеттесе ме жоқ па,  соны анықтаймыз. Ол үшін мұғалім мынадай тәжірибелерді көрсетеді: калий сульфатының K2SO4 ерітіндісімен мырыш гидроксидінің Zn(OH)2 ақ түсті ұнтағына әсер ету. Реакцияның жүргені байқалмайды. Мынадай қорытынды жасалады: ерімейтін негіздер қалыпты жағдайда тұздармен әрекеттеспейді.

Әрі қарай еритін негіздер барлық тұздармен әрекеттесе ме жоқ па, соны анықтаймыз. Мұғалім негіздер мен тұздардың суда ерігіштігін білу қажеттігін ескертеді. Оқушыларға мынадай бірнеше жаттығу орындау ұсынылады: ерітіндіде мына заттардың арасындағы реакцияны жүзеге асырыңдар: NaOH және BaSO4; KOH және FeCl3; МgCO3 және Cu(OH)2; Ca(OH)2 және Cu(NO3)2. Кесте бойынша оқушылар II және IV жағдайларда ғана реакция жүруі мүмкін екенін анықтайды. Содан соң олар бұл реакциялардың иодық теңдеулерін жазады.

Осылайша тұздар мен негіздер аасындағы алмасу реакциясының теңдеуін құру үшін:

1)ерігіштік кестесін пайдаланып, реакцияға алынған заттардың ерігіштігін (негіз бен тұздың) анықтау керек;

2)жүретін реакцияның теңдеуін құрып, ерігіштік кестесі арқылы реакция нәтижесінде түзілетін заттардың ерігіштігін анықтау керек, егер түзілетін тұздардың біреуі ерімесе реакция жүреді.

Әрі қарай жоғарыдағыдай үлгіде электролиттік диссоциация теориясы тұрғысынан тұздардың қасиеттері қарастырылады.

Тұздардың қасиеттерін қайталауды төмендегідей жоспарда жүргізуге болады.

1.Құрамы және атауы.

2.Тұздардың негіздерге, қышқылдарға және тұздарға әсері. Оқушылар еге реакция нәтижесінде түзілетін заттардың біреуі тұнбаға түссе немесе газ күйінде бөлінетін болса, еритін тұздардың сілітілермен, қышқылдармен және тұздармен әрекеттесу реакциясы аяғына дейін жүреінін біледі.

III. Алған білімді бекіту. Мұғалімнің қалауымен сабақты қайталау, бекіту сабағы реінде өткізуге болады.

Үйге тапсырма. §7. 1-10-жаттығулар. Жұмыс дәптерінен және есептер мен жаттығулар жинағынан тапсырмалар.

 

                            

 

 

 

 

 

 

                           10-сабақ. Тұздар гидролизі

 

Сабақтың мақсаты: тұздардың гидролизі туралы түсінік беру. Заттардың суда еруі тек физикалық процесс қана емес, еріген заттың сумен әрекеттесуімен қатар жүретін химиялық процесс екендігі туралы оқушылардың ұғымдарын тереңдету. Тұздар гидролизінің теңдеулерін құру дағдысын қалыптастыру; әртүрлі тұз ерітінділерінің ортасын болжап айта білуге үйрету.

Тірі организмдерге жүретін процестегі гидролиздің рөлін көрсету, қанның құрамында (реакция ортасы) болатын тұздардың биологиялық рөлі туралы ұғымдарын кеңейту.

Әртүрлі тұздардың гидролизін көрнекілік түрінде көрсету.

Реактивтер мен құрал-жабдықтар: дистилденген су, натрий және кальций оксиді, кальций карбиді, оқушылар үстелінде және демонстрациялық үстелде; натрий хлоридінің, мырыш нитратының, натрий корбанатының ерітінділері, лакмус, фенолфталеин, метилоранж, демонстрациялық тәжірибеге қажет стақандар мен цилиндрлер, сынауықтар мен тұрғы және шыны таяқшалар, «Тұздар гидролизі» кестесі.

Сабақтың барысы. I. Жаңа сабақты қабылдауға дайындық. Оқушыларды жаңа материалды қабылдауға даярлау үшін сұрақ-жауап әдісін қолданамыз.

  1. Қышқыл ерітінділерінің қасиеттерін не анықтайды?
  2. Ерітіндіде сутек катионының бар екені қалай анықталады?
  3. Негіздерге анықтама беріңдер. Ерітіндіде гидроксид иондарының бар екенін қалай анықтайды?
  4. Неге кейбір қышқылдар мен негідер күшті электролиттерге, ал басқалары әлсіз электролиттерге жатады?
  5. Тұздардың 4 типіне мысалдар келтіріп, кестені толтырыңдар.
  6. Жаңа сабақты оқып-үйрену. Оқушыларға: «Су неліктен қышқылдар мен негіздер сияқты индикатордың түсін өзгертпейді?» деп сұрақ қоямыз.

Ерітінділердің ортасы қышқылдық және сілтілік қасиеттерді тасымалдаушы бөлшектер концентрациясының ерітіндідегі мөлшерімен сипатталатынын білгенне кейін былай жазып көрсетеміз:

 

 

Тұздардың типтері

Мысалдар (формулалар)

1.

 

2.

 

3.

 

4.

Күшті негіздің катионы менкүшті қышқылдың анионынан түзілген тұздар

Күшті негіздің катионы мен әлсіз қышқылдың анионынан түзілген тұздар

Әлсіз негіздің катионы мен күшті қышқылдың анионынан түзілген тұздар

Әлсіз негіздің катионы мен әлсіз қышқылдың анионынан түзілген тұздар

 

 

H+ = OH- - бейтарап орта;

H+ < OH- - сілтілік орта;

H+ > OH- - қышқылдық орта.

Бұдан соң сабақ мазмұнын ашуға кірісеміз, басында «гидролиз» (грекше-су, lisis- айыру, ыдырату) түсінігінің этимологиясын түсіндіреміз. Гидролиз-заттардың сумен әрекеттесуі. Гидролиз нәтижесі тұздың қандай негізбен қандай қышқылдан түзілгеніне тікелей байланысты екенін ескерген жөн.

Мына берілген мысалдар арқылы тұздар гидролизін талқылаймыз: NaCO3, Zn(NO3)2, HCl, NaCl және Al2S3.

1.Күшті негізбен әлсіз қышқылдан түзілген тұздардың гидролизі Na2CO3.

Бастапқыда оқушыларға тұздың диссициациялануын жазғазған жөн:

 

Na2CO3↔2Na+ + CO32-

 

Содан соң гидролиз теңдеуін жазады:

 

2Na+ +CO32- + HOH↔2Na+ + HCO3- + OH-

Осыған фенолфталеин тамызсақ, натрий кабонаты ерітіндісі алқызыл (малина) түске боялады. Бұдан мынадай қорытынды шығады: күшті негіз бен әлсіз қышқылдан түзілген тұздарды еріткенде ерітіндіде гидроксид иондары пайда болып, индикатор түсін өзгертеді, яғни реакция ортасы сілтілік болады.

2.Әлсіз негізбен күшті қышқылдан түзілген тұздардың гидролизі, мысалы, AlCl3, Fe(SO4)3, Zn(NO3)2.

Алюминий хлоридінің гидролизін қарастырамыз. Оның ерітіндісінде Al3+ және Cl- иондары бар. Al3+ bоны судың гидроксид ионын өщ\зіг\не қосып алады:

Al3+ + HOH↔Al(OH)2+ + H+

Al(OH)2+ + HOH↔Al(OH)2+ + H+

Ерітіндіде Н+ иондары жиналып қалады. Ерітіндіге лакмус тамызса, ерітінді қызарады. Ерітінді ортасы – қышқылдық.

Оқушылар мынадай қорытындыға келеді. Күшті қышқылмен әлсіз негізден түзілген тұздардың гидролизінде катиондар (әлсіз негіздің) су молекуласының гидроксид иондарын қосып алады да, артық сутек иондарының есебінен қышқылдық орта көрсетеді.

3.Үшінші тапсырманы оқушылар өздері шеше алады, яғни күшті қышқылмен күшті негізден түзілген тұздарды еріткенде гидролиз жүре ме, мысалы, NaCl, KCl?

Қорытынды.

Күшті негіздің катионы мен күшті қышқылдың анионынан түзілетін тұздар гидролизденбейді, ерітінді де

H+ = OH-

иондардың тепе-теңдігі сақталады.

4.Әлсіз қышқыл мен әлсіз негізден түзілген тұздың гидролизін Al2S3 мысалында түсіндіреді. Гидролиздің бұл күрделі түрі жоғары мектептің химия курсында кеңірек қаралады. Сондықтан мұғалім бұған тереңірек тоқталмайақ, гидролиздің соңынадейін, яғни қышқыл және негіз түзілгенге дейін жүретінін ескертеді.

Al2S3 + 6H2O = 2Al(OH)3↓ + 3H2S↑

Тәжірибелер нәтижелерін және гидролиздің түрлерін кестеге толтырған жөн:

Тұз формуласы

Лакмус түсі

Орта

Қандай қышқылмен негізден түзілген тұз

Na2CO3

 

AlCl3

Көк

 

Қызыл

Сілтілік

 

Қышқылдық

Күшті негіз бен әлсіз қышқылдан

 

Әлсіз негізбен күшті қышқылдан

 

Содан соң гидролиз нәтижесінде тұз иондары ерітіндіде сумен әрекеттесетіндігіне жаттығулар орындатамыз. Егер тұз катионы гидроксид ионды қосып алса, онда ортақ қышқылдық болады, ал егер тұз анионы сутек ионын байланыстырса, онда ерітінді сілтілік болады.

Бұдан ке»н тірі организмде жүретін көптеген процестерде гидролиздің мәні зор екеніне тоқталамыз. Мысалы, қанның құрамына кіретін бірқатар тұздардың биологиялық маңызы, негізінені, олардың гидролизі есебінен сутек ионының концентрациясын тұрақты ұстап тұрумен анықталады.

Гидролиз, сондай-ақ химиялық және тамақ өнеркәсіптерінде де кең қолданылады.

Бұдан кейін оқушылардың алған білімі тақырып бойынша берілетін бақылау сұрақтары, эксперименттік есептер және мысалдарды талдау арқылы тексеріледі.

Үйге тапсырма. §8. 5-жаттығу. Жұмыс дәптерінен және есептер жинағынан сәйкес тапсырмалар беру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

12-сабақ .1-практикалық жұмыс

 

«Электролиттік диссоциация теориясы» тақырыбы бойынша эксперименттік есептер шығару.

Сабақтың мақсаты: оқушылардың осы тақырып бойынша алған білімдерін практикалық іс-әрекетте пайдалана біоу дағдысын жетілдіру.

1-практикалық сабақты жүргізуге нұсқау.

Химия кабинетінде қауіпсіздік техникасы ережесін сақтау.

1.Қышқылдармен және сілтілермен жұмыс істегенде өте сақ болу(мұғалім қышқылдармен, сілтілермен жұмыс істеуді естеріне түсіреді).

2.Заттарды нұсқауда көрсетілген мөлшерден артық алмау.

3.Көптеген реактивтерді улы екенін есте ұстау. Сол себепті олардың оқушылардың қолдарына және киімге тиюіне жол бермеу.

4.Реактив тұрған құтылардың қақпағын, тығынын ауыстырып алмау.

Қауіпсіздік техникасы ережелерімен танысып болған соң, оқушылар дәптерлеріне практикалық сабақтың тақырыбын кейін: «Қауіпсіздік техникасы ережелерімен таныстым» деп жазып қояды.

Мұғалімнің мүмкіндігін кеңейту мақсатында, оқулықтағы осы практикалық жұмысқа берілген есептерден өзге, тағы бір нұсқада эксперименттік есептер ұсынылады (орта деңгейлі оқушыларға).

1-тапсырма. Мына ерітінділер арасында жүретін реакцияны жасаңдар: а)мыс (II) хлориді мен калий гидроксиді; ә)натрий карбанаты мен азот қышқылы. Не байқалады? Жүргізілген тәжірибелердің толық және қысқартылған иондық теңдеулерін жазыңдар.

2-тапсырма. Тұз ерітінділерін индикатор көмегімен зерттеңдер. Әлсіз және күшті электролиттерді естеріңе түсіріп, тәжірибе жасаңдар.

Берілген ерітінділерді лакмуспен сынаңдар:

1)натрий хлориді;

2)мыс (II) хлориді,

3)натрий карбонаты.

Не байқалады? Қай тұздың судағы ерітіндісінде лакмус түрін өзгертеді?

Кестедегі сәйкес бағаналарға тұздардың формулаларын жазыңдар. Неге бұл тәжірибеде әртүрлі нәтижелер алынады?

Ерітінділер

Қышқылдық орта

Бейтарап орта

Сілтілік орта

NaCl

 

+

 

CuCl2

+

 

 

Na2CO3

 

 

+

Al(NO3)3

+

 

 

 

3-тапсырма. Тұз қышқылы мен мырыш арасындағы әрекеттесуді жасаңдар. Не байқалады? Реакцияның толық және қысқартылған иондық теңдеуін жазыңдар.

4-тапсырма. Үстелде бар реактивтерді пайдаланып, темір (III)гидроксидін Fe(OH)3 алыңдар. Реакцияның толық және қысқартылған иондық теңдеуін құрыңдар.                     

МАҢЫЗДЫ БЕЙМЕТАЛДАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ

ТАБИҒИ ҚОСЫЛЫСТАРЫ (22САҒ)

 

13-сабақ. Химиялық эелементтердің периодтық жүйесіндегі бейметалдардың орны және құрылысы

 

Сабақтың мақсаты: химиялық элементтердің периодтық жүйесіндегі бейметалдардың орны мен қасиеттерін атом құрылысы тұрғысынан қарастыра отырып, оқушылардың білімдерін одан әрі дамыту. «Аллотропия» ұғымын және оның себептерін түсіндіру.

Реактивтер мен құралдар: графит, күкірт, фосфор, бром, йод, алмаз бен графиттің кристалдық тор модельдері, электртерістік қатары, периодтық кесте.

Сабақтың барысы. I. Жаңа сабақты оқып-үйрену. Мұғалім алдымен периодтық жүйеге қысқаша шолу жасай отырып, бейметалдар түзетін заттардың ерекшелігімен танысу үшін оларды период бойынша емес, топшадағы орны бойынша қарастыру тиімді екнін баяндайды. Табиғатта кездесетін бейметалдар саны аз. Периодтық жүйенің жоғары сол жақ бұрышынан бастап диагональ жүргізсек, бордан басталып астатпенаяқталады екен. Көбінесе бейметалл атомдарының (сутек, гелийден басқасы) сыртқы электрондық қабатындағы электрон саны 3-тен артық болады. Неғұрлым периодтық кестедегі элемент фторға (оң жаққа) қарай жақын орналасса, соғұрлым тотықтырғыштық қасиеті артады. Ол бейметалға тән қасиет. Физикалық қасиеттері де ерекше. Кейбір элемент бірнеше жай зат түзе алады. Оның себебі бейметалдарға тән құрылысында: а)кристалды торлары әртүрлі (О2 және О3азон). Нағыз белсенді бейметалдар VII топтың А топшасында орналасқанын 8-сыныпта «Галогендерді» оқығанда танысқансыңдар.  Оттек және оның қасиеттерін қайталауға бірнеше тапсырма орындатқан жөн.

Үйге тапсырма: §9. 1-8-жаттығулар. Жұмыс дәптерінен және есептер жинағынан апсырмалар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

14-сабақ. VI А топ элементерінің жалпы сипаттамасы.

Күкірт. Күкіртсутек

 

Сабақтың мақсаты: күкірттің периодтық кестедегі орнын атом құрылысы тұрғысынан қарастырып, оның аллотропиясы, физикалық және химиялық қасиеттері мен қолданылуы жайлы оқушылар білімін жүуелеу.

Реактивтер мен құралдар: күкірт, темір ұнтағы, тұрғы, индикаторлар, сынауықтар, құты, зат жағатын қасық, спирт шамы.

Сабақтың барысы. I. Жаңа сабақты қабылдауға дайындық. Өткен сабақта қарастырылған бейметалдардың периодтық жүйедегі орны, тобы, топшасы мен валенттік электрондары жайлы алған білімді еске түсіріп, күкірт пен оттектің атом құрылысын оқып-үйренуді жалғастырады. Өткен сабақтарда жеке заттарды және оның қосылысын оқып-үйрену үшін VIA,VA, IVA топшадағы элементтерді периодтық жүйеден таба отырып, оқушылар оқулықпен өзіндік жұмыс орындап, шығармашылықпен жұмыс істеу дағдысын дамытады.  §9 мәтінін баяндап, 7-,8-,9-жаттығулар тексеріледі. Немесе мұғалім жеке-жеке тапсырмалар даярлап, I-Iiнұсқаны ұсынады. Соның бір үлгісі төменде берілді.

Реакция теңдеулерін молекулалық, толық және қысқартылған иодық түрде жазыңдар және электрондық баланс тәсілімен теңестіріңдер.

I нұсқа

II нұсқа

1. Br2 + H2

    MgCl2 + AgNO3

2.Бейметалдарға тән физикалық қасиеттерін айтып, оттектің аллотропияқұбылысын еске түсіріңдер.

1. NaOH + HCl→

   KBr + Cl2

2.Не себепті период саны өскен сайын бейметалл элементтер азаяды. Атом құрылысы тұрғысынан түсіндіріңдер.

 

  1. Жаңа сабақты оқып-үйрену. Мұғалім өзі жоспарлап келген сабағын оқушылар біліміне сүйене отырып, түсіндіреді. Тақтада жоспар жазылады:

1)күкірттің периодтық жүйеде орналасуы;

2)табиғатта таралуы;

3)физикалық қасиеттері;

4)химиялық қасиеттері;

5)қолданылуы.

Күкірт атомының валенттік мүмкіндігі, тотығу дәрежесі, кристалдық күкірттің пластикалық күйге айналуы көрсетіліп, аллоторпиялық түр өзгерісі түсіндіріледі. Оқушылардың тірек біліміне сүйене отырып, күкірттің химиялық қасиетін тотығу-тотықсыздану тұрғысынан жазады. Күкіртсутектің лабороторияда алынуына, сульфид ионының S2- сапалық реакциясына тоқталып, H2S  табиғатта таралуы жайлы мағлұмат береді. Күкірт табиғатта бос күйде кездеседі. Оның мол қоры Павлодарда, Жоңғар Алатауында бар. Таза күкірттен Ақтөбенің газ өңдеу зауытында, Ақмола тау- кен комбинатында, Таразда, Өскеменде қосалқы өнім ретінде SO2 газын алып, одан күкірт қышқылын өндіреді. Жергілікті арасан суларын атай келіп, күкіртсутектің емдік қасиеті айтылады. Осы тақырыпқа сәйкес оқушыларға реферат жазу тапсырылады.

III. Алған білімді бекіту. Тақтада: 1)күкірттің химиялық қасиеттерін дәлелдейтін реакция теңдеулерін жазғызу;

2)күкіртсутектің H2S химиялық қасиеттеріне мысалдар келтіріңдер;

3)төмендегі айналымдарды іске асыруға болатын рекакция теңдеулерін жазыңдар:

H2S→S→SO2→H2SO3

 

Na2S

4)әңгімелесу арқылы күкірттің табиғатта таралуы мен қолданылуы қорытындыланады.

Үйге тапсырма.§10. 1-8,§11. 1-6 – жаттығулар. Жұмыс дәперінен және есептер жинағынан тапсырмалар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                15-сабақ. Күкірт оксидтері. Күкірт қышқылы

 

Сабақтың мақсаты: күкірттің оттекті қосылыстарына салыстырмалы сипаттама бере отырып, олардан түзілетін гидроксидтердің (қышқылдарының) атаулары мен қасиеттерін салыстыру. Күкірт қышқылымен жұмыс істеудің сақтық шараларына тәжірибе жасай отырып, көз жеткізу.

Реактивтер мен құралдар: концентрациялы және сұйыылтылған күкірт қышқылы, индикатор, мата, қағаз, ағаш, қант ұнтағы, шыны таяқша, химиялық стақандар, су.

Сабақтың барысы. I. Жаңа сабақты қабылдауға дайындық. Өткен сабақты еске түсіру мақсатында берілген сұрақтар мен жаттығуларды орындатқан жөн: 1)күкірттің химиялық қасиеттерін жазыңдар;

2)құрамында 12% қоспасы бар 10г темір сульфидін күкірт қышқылымен әрекеттестіргенде қанша көлем (қ.ж.) күкіртсутек алуға болады?

3)Төмендегі айналымдарды іске асыруға болатын реакция теңдеулерін жазыңдар:

ZnS→H2S→PbS

 

SO2

Қалған оқушылар күкірсутектің табиғатта таралуы мен қолданылуын еске түсіреді. Мұғалім алдын ала тапсырма беру арқылы адам денсаулығына шипасы мол жер астынан шығып жатқан көмірсутекті, сульфатты бұлақ суларының маңызы және пайдасы жайлы оқушыларға хабарлама жасатады. Оған қажет материалды табу үшін шәкірт ізденеді, шығармашылық қабілеті мен пәнге қызығушылығы артады.

II.Жаңа сабақты оқып-үйрену. Күкірт (VI) және күкірт (VI) оксидтері қышқылдық оксидтер. Оның ішінде SO2 тотықсыздандырғыш қасиет көрсетіп, күкірт (VI) оксиді алынады. Күкірт (VI) оксидін алу теңдеуі:

2SO2 + O2 ↔2SO3 + Q

Тура реакция жүруі үшін қандай жағдай қажет екенін мұғаліммен бірге отырып еске түсіреді. Қышқылдық оксидтердің химиялық қасиетін бұрын алған тірек білімге сүйене отырып жазады. Күкірт (VI) оксидінің химиялық қасиетін, яғни сумен, сілтімен әрекеттесу теңдеулерін жаза отырып түсіндіреді. Химия кабинетінде қауіпсіздік техникасы ережелерін еске түсіріп, күкірт қышқылы H2SO4 концентрациялы болған жағдайда суда ерітіп, сұйылту ережесін тәжірибе жасап көрсетеді. Оның күйдіргіштік, су тартқыштық қасиеті айтылады.

III. Алған білімді қорытындылау. Оқулықпен (§12.1-3 жаттығулар) жұмыс істей отырып, оқушылар өз пікірлерін ортаға салады. Күкірт оксидтерінің қолданылуын оқулықтағы суретті пайдалана отырып, әңгімелеп береді.

Үйге тапсырма. §11,12. 1-3-жаттығулар, жұмыс дәптерінен, есептер жинағынан тапсырмалар.

16-сабақ. Күкірт қышқылының химиялық қасиеттері.

Сульфаттар

 

Сабақтың мақсаты:күшті электролиттердің бірі-екі-негізді күкірт қышқылының құрамы, құрылысы, байланыс типін еске түсіріп, қасиеттерін жоспарлы түрде жүйеге келтіру. Қышқылдарға тән ортақ қасиеттері мен ерекше қасиетін тотығу-тотықсыздану тұрғысынан және иондық тұрғыда жаза білуге үйрету.

Реактивтер мен құралдар:концентрациялы және сұйылтылған H2SO4, Na2CO3, лакмус, метилоранж, NaOH ерітінділері,CuO, Fe2O3, Cu(OH)2қант ұнтағы, металл мыс, сынауықтар.

Сабақтың барысы. I. Жаңа сабақты қабылдауға дайындық. Қысқа сұрақ-жауап күкірт қышқылының физикалық қасиеттері мен күкірт диоксиді және триоксидіжайлы болады. 10 минуттық тексеру жұмысын өткізуге болады.

 

I нұсқа

II нұсқа

1.Берілген заттар: Ca(OH)2, H2O, BaO, CО2  және O2 осылардың қайсысымен күкірт (IV)оксиді әрекеттеседі? Реакция теңдеулерін жазып дәлелдеңдер.

 

2. Күкірт қышқылы және күкіртсутектегі күкірттің массалық үлесін табыңдар.

1. Мына айналымдарды іске асыруға болатын реакция теңдеулерін жазыңдар:

S→FeS→H2S→SO2→SO3→H2SO4 Реакция теңдеулерін молекулалық және иондық түрде жазыңдар.

 

2. Күкірт (IV) және (VI) оксидтерінің қайсысында күкірттің массалық үлесі көп. Есептеу арқылы анықтаңдар.

 

 

Оқушылардың орындаған тексеру жұмысын мұғалім жинап алған соң, сабақ одан әрі жалғасады.

II.Жаңа сабақты оқып-үйрену. Мұғалім шәкірттердің бұрын алған білімі негізінде екінегізді күкірт қышқылының сатылып диссоциациялануын жаздырады. Натрий, кальций металдарының гидросульфат, сульфат тұздарының формуласын жазғызып, оксидтердің, гидроксидтердің, тұздардың әрекеттесуіне оқушылардың өздеріне мысалдар келтіріп, талдатады.

Күкірт қышқылының ерекше қасиетіне, соның ішінде қантқа әсеріне тоқталады. Содан кейін металдармен концентрациялы және сұйылтылған қышқылдың тотықтырғыштық қасиетінің нәтижесінде сутек ионы Н+ тотықсызданып, газ түріне бөлініп шығатын теңдеуді талдайды. Реакция теңдеуіндегі тотықсыздандырғышты, тотықтырғышты белгілейді:

 

Fe + H2SO4 = FeSO4 + H2 ↑

Концентрациялы күкірт қышқылы металдардың кернеу қатарында сутектің оң жағында орналасқан металдармен (Cu, Hg, Ag)әрекеттескенде реакция өнімі SO2 түзіледі. Мысалы, берілген концентрациялы күкірт қышқылының күміспен әрекеттесу теңдеуіндегі тотықсыздандырғыш пен тотықтырғыштымұғалімнің көмегіне сүйене отырып, электрондық баланс түрінде теңестіреді:

                              0                       +6              +                                              +4

Ag + 2H2SO4 = Ag2SO4 + 2H2O + SO2

 

Концентрациялы күкіртқышқылы күшті тотықтырғыш болғандықтан, металмен қосып қыздырғанда (алтын мен платинадан басқа) олардың белсенділігіне сәйкес әртүрлі өнімдер түзілетініне қысқаша көңіл аударады. Немесе төмендегідей сызбанұсқаны ұсынуға болады:

 

 
   

 

 

 

 

 

 

 

Екінегізді күкірт қышқылының орта тұздарын сульфаттар, ал қышқыл тұздарын гидросульфаттар дейді. Күкірт қышқылындағы және тұздар құрамындағы сульфат ионды SO42- анықтауға арналған сапалық реакцияға тәжірибе жасалады. Тәжірибе: екі сынауық алып, оның біреуіне күкірт қышқылының сұйылтылған ерітіндісін H2SO4 екіншісіне түсті натрий сульфатының ерітіндісін құяды. Екі сынауықтың үстіне 1-2 тамшы барий хлориді BaCl2 ерітіндісінен құяды да, болған өзгерісті оқушылармен бірге талдап реакция теңдеуін толық молекулалық, толық және қысқартылған иондық теңдеулермен көрсетеді. Осы оқулықтың I тарауындағы иондарды анықтауға арналған кестені оқушылар басшылықы алады.

III. Алған білімді қорытындылау. Оқулықпен жұмыс істей отырып, алған білімді жүйелі түрде қайталапшығады. Білімді жоспарлы түрде қорытындылап бекітудің үлгісін мұғалім ұсынады.

I нұсқа. Сұйылтылған күкір қышқылының негіздік оксидпен, негіздермен, карбонаттармен әрекеттесу теңдеуін жазыңдар.

II нұсқа. Концентрациялы күкірт қышқылының сынаппен Hg әрекеттесу теңдеуін тотығу-тотықсыздану теңдеуі түрінде жазыңдар.

III нұсқа. Концентрациялы күкірт қышқылының мыспен Cu әрекеттесу теңдеуін тотығу-тотықсыздану теңдеуі түрінде жазыңдар. Немесе оқулықтағы §13. 4-,7- жаттығуларды орындауға болады.

Үйге тапсырма. §12. 4-9-жаттығулар, есептер жинағы, жұмыс дәптері.

 

 

 

 

 

 

 

17-сабақ. Азот. Азоттың периодтық жүйедегі орны және қасиеттері

 

Сабақтың мақсаты: азот атомның сипаттамасын Д.И. Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық жүйесіндегі атом құрылысы тұрғысынан түсіндіру. Заттың ристалдық торы мен қасиеттері арасындағы өзара байланыстың себеп-салдарын түсіндіру.

Қажетті құралдар: периодтық жүйе кестесі, кристалдық торлар, сызбанұсқалар.

Сабақтың барысы. I. Жаңа сабақаты оқып-үйрену. Азот нағыз бейметалл, ол II кіші периодта, V негізгі топшада орналасқан. Электронның орбиталға орналасуы: +7N) 2ē) 5ē.

Оның сутекті ұшқыш қосылысы – NH3

Оттекті қосылыстағы тотығу дәрежесі:+1, +2, +3, +4, +5.

Тұрақты қосылыстары NO2, N2O5 екені айтылады.

Азот молекуласының N2 құрылымдық формуласына қарап, ондағы азот атомдары коваленттік полюссіз байланыс түзетінін еске түсіру қажет. Химиялық беріктігі жағынан – салғырт газ. Ауада көлемі бойынша 78%, масса бойынша 75,5% таралған. Азот ауаның негізгі бөлігі. 1л суда 15,4мл азот ериді. Табиғаттағы таралуы жағынан бейметалдардың ішінде 9-орында.Мұғалім азот жайлы білімді толықтыру мақсатында алдан-ала үлестірме құрал даярлайды. Одан соң төмендегідей жоспарды ұсынып, оқушыларға оқулық және анықтамалық құралмен өзіндік жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.

Азотты сипаттау жоспары:

1)азоттың периодтық жүйедегі орны;

2)азот - жай зат;

3)табиғатта таралуы;

4)физикалық қасиеттер;

5)химифлық қасиеттері;

6)алу жолы;

7)қолданылуы.

Жеке оқушыларға азоттың ашылу тарихы мен қолданылуына байланысты алдын ала тапсырма беріп, шығармашылық қабілетін шыңдауына мүмкіндік берген дұрыс.

Азоттың химиялық қасиеттерін оқып-үйрену үшін сызбанұсқа беріледі. Оқушылар тиісті реакция теңдеулерін құрастырады.

Әр жағдайда азоттың электртерістігін пайдалана отырып, химиялық реакция теңдеулері   тотығу-тотықсыздану реакциясы түрінде теңесетінін мұғалім ескертеді.

III.Алған білімді бекіту, қорытындылау. Төмендегідей бекіту сұрақтарын даярлап, оны талдау керек.

1.Азоттың периодтық жүйедегі орнына байланысты сипаттама беріңдер.

2.Үш бейметалл: азот, фосфор, оттек берілген. Әрқайсысының периодтық жүйедегі орнына байланыст салыстырмалы сипаттама беріңдер.

3.Азоттың металмен, сутекпен және оттекпен әрекеттесу реакция теңдеулерін жазыңдар.

4.Тақырыпта ұсынылған сызбанұсқаны және жоспарды пайдаланып, өз түсінгендеріңді айтып беріңдер.

  1. өнеркәсіпте ауаны қалай сұйық күйге айналдыруға болады, одан азотты қалай бөліп алады?

Мұғалімнің басшылығымен осы кезге дейін алған білімдерін оқушылар өздері қорытындылай білуі керек. Сонда ғана білім сапасы тиянақты, жоспарлы түрде іске асады.

Үйге тапсырма. §13. 1-6-жаттығулар, есептер жинағы, жұмыс дәптері.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                  18-сабақ. Аммиак

 

Сабақтың мақсаты: аммиак молекуласының құрылысымен таныстыру. Лабороторияда, өнеркәсіпте аммиактың алынуын және химиялық қасиеттерін оқып-үйрену. Аммоний тұздарыныңерекше қасиеттері – айырылу реакциясы және аммоний - ионға NH4+ сапалық реакция жасай білу дағдыларын дамыту.

Құралдар мен реактивтер: қатты NH4Cl, Ca(OH)2, сынауықтарымен тұрғы, спирт шамы, суы бар ыдыстар, фенолфталеин (қағазы,ерітіндісі), тығыны бар құты, кәрлен табақша, концентрациялы HCl, NaOH, (NH4)2SO4, т.б.

Сабақтың барысы. I. Жаңа сабақты қабылдауға дайындық ретінде үй жұмысын тексеру, талдау қажет.

Тақтада үш оқушыға тапсырма беріледі:

1.Азот молекуласының түзілуін жазып түсіндіріңдер.

2.Азоттың физикалық қасиеттерін айтып беріңдер.

3.Азоттың химиялық қасиеттерін жазыңдар.

Қалған оқушылар үйге берілген §14. 5-,7- жаттығуларды тексереді.

  1. Жаңа сабақты оқып-үйрену. Алдымен азоттың ұшқыш сутекті қосылыс аммиактың NH3 химиялық байланыс типін еске түсіреді. Аммиак молекуласындағы азот атомының 3р-эоектроны сутектің 3.. атомымен кловаленттікполюсті байланыс түзеді. Ол былай өрнектеледі H→N←H

                                                                                                      ↑

                                                                                                      H                      Cөйтіп, оқушылар бұрын алған білімдерін еске түсіреді. Мұғалім аммиактың лабораторияда алынуын және суда ерігіштігін көрсетеді. Аммиактың судағы ерітіндісі аммиак суы немесе аммоний сілтісі деп аталады. Аммиактың қышқылмен әрекеттесуіне I, II, III негізді қышқылдарға мысалдар келтіре отырып, тиісті реакция теңдеулерін оқушылардыңсабаққа белсенді қатысуымен жазады. Аммиактың негіздік қасиет көрсететінін лакмустүсінің өзгеруіне тәжірибе жасай отырып көрсеткен жөн. Сондай-ақ аммиактың жануы мен оның тотықсыздандырғыш қасиетіне мысалдар келтіру қажет.

Аммоний-ионы NH4+ бар тұздардың құраммында ол катион түрінде болады. Аммоний тұздары суда жақсы еритін электролиттер. Мұғалім аммоний-ионына сапалық реакция тәжірибесін көрсетеді. Мысалы, аммоний хлоридіне (қатты) концентрациялы натрий сілтісін құйып, сынауықтың аузына сулы фенолфталеин қағазын ұстаса, ол қызғылт (таңқурай) түс береді. Келесі тәжірибеде аммоний хлориді NH4Cl тұзының айрылу тәжірибесін жасап, көрсеткен жөн. Қыздырғанда ол аммиак пен хлорсутек газдарына ыдырайды. Сынауықтың суық қабырғасында газдар өзара қайта әрекеттеседі де, аммоний хлоридінің майда кристалдарын түзеді. Реакция теңдеулерін оқушылар өздері жазады. Тұз түзуші қышқыл неғұрлым әлсіз болса, аммоний тұздары соғұрлым тұрақсыз болады.

III. Алған білімді қорытындылап бекіту. Қалыптасқан дағдынынақты сұрақтар арқылы дамытады.

1.Аммиактың физикалық қасиеттерін сипаттап айтыңдар.

2.аммоний-оинын NH4+  қалай ажыратуға болады?

3.Лабораторияда аммиакты қалай алады, оны жинап, газдың түзілгенін қалай дәлелдейді?

4.Жұмыс дәптерінен 48-, 51-, 53-тапсырманы орындаңдар.

5.Аммиак газының суда ерігіштігін айтып беріңдер.

Үйге тапсырма. §14. 1-10- жаттығулар. 1-7-жаттығулар, есептер жинағы, жұмыс дәпері.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

19-20-сабақ. Азот оксидтері. Азот қышқылы

 

Сабақтың мақсаты: оксидтердің жіктелуін, құрылысын, қасиеттері мен қолданылуын, байланыс типтері мен кристалдық торын еске түсіру. Азот қышқылының негіздік қасиеттері мен күшті тотықтырғыш ретінде металдармен әрекеттесуін оқып-үйрену.

Құралдар мен реактивтер: HNO3(конц.), мыс сым, HNO3, NaOH, Na2CO3, фенолфталеин ерітінділері, қатты мыс (II) оксиді, сынауықтар.

Сабақтың барысы. I. Жаңа сабақты қабылдауға дайындық. Үй тапсырмасын сұрақ-жауап әдісі арқылы тексерген жөн.

1.Аммиактың химиялық қасиеттеріне мысалдар келтіру.

2.Аммоний тұздарына мысалдар келтіріп, оның қандай ерекше қассиеті бар екенін айтып беріңдер.

3.Жұмыс дәптерінен 57-, 58- тапсырмалар.

D4. Оқулықтан §16. 5-7-жаттығулар орындаңдар.

  1. Жаңа сабақты оқып-үйрену. Оқушылардың бұрын алған білімдеріне сүйене отырып, оксидтерді еске түсіру қажет. Уақыт үнемдеу мақсатымен алдын ала азот оксидтері жайлы хабарлама жасауды ұсынуға болады, оны әр оқушы қосымша әдебиеттен өзі табады.

Оқулықты оқи отырып. Азот оксидтерінің оң тотығу дәрежесіне назар аударады. Азот қышқылының физикалық және химиялық қасиеттеріне тоқталады. Реактивтерді пайдаланып, мұғалім көрсетілімдік тәжірибе орындайды.

Концентрациялы азот қышқылы көптеген бейметалдарды олардың өзіне сәйкес қышқылдарына дейін тотықтырады. Ал концентрациялы және сұйылтылған азот қышқылының металдармен әрекеттесу ерекшелігін айтқанда сутек бөлінбейтінін ескертеді. Азот қышқылы химия өнеркәсібінде көп қолданылатын маңызды өнімнің бірі. Шамамен азот қышқылының 75%-і минералды тыңайтқыштар өндірісіне, 15%-і қопарылғыш заттар алуға және 10%-і басқа мақсатқа жұмсалады.

III. Алған білімді қорытындылап бекіту. Бекіту сұрақтары арқылы сабақ қорытындыланады. 1.Концентрациялы күкірт қышқылы мен азот қышқылына салыстырмалы сипаттама беріңдер.

2.Азот қышқылы HNO3күшті тотықтырғыш болғандықтан металдармен әрекеттескенде шығатын өнімдер оның концентрациясына, металдың белсенділігіне,  температураға тәуелді болады. Осыған мысалдар келтіріңдер.

3.Концентрациялы азот қышқылы HNO3, әдетте, Al, Fe,Cr, Ni, Au, т.б. метадарға әсер етпейді. Мысалдар келтіріңдер.

Сұйылтылған азот қышқылының HNO3 металдармен (Fe,Cr,Ni) әрекеттескенде шығатын өнімдері азоттың N+4, N+2, N+1, N-3 тотығу дәрежелерін көрсетеді. Азот қышқылы жарықтың әсерінен азот (IV) оксидіне суға және оттекке ыдырайтынына мысалдар келтіріңдер.

Үйге тапсырма. §15. 1-4- жаттығулар. §16. 1-6-жаттығулар. Жұмыс дәптері мен есептер жинағынан тапсырмалар.

           21-сабақ. Нитраттар. Азоттың табиғаттағы айналымы

 

Сабақтың мақсаты: азот қышқылы және оның тұздары нитраттардың қасиеттерін, қолданылуын қарастыру, оқушылардың еске сақтау қабілеттерін дамыту. Нитраттардың айырылу реакциясында шығатын өнімдер металдың белсенділігіне байланысты екендігін түсіндіру.

Құралдар мен реактивтер: қатты NaNO3, Cu(NO3)2, AgNO3, концентрациялы H2SO4, NH4NO3, сынауықтар, мыс сым. 

Сабақтың барысы. I. Жаңа сабақты қабылдауға дайындық.

1.Мұғалім оқушылармен сұрақ-жауап әдісін пайдалана отырып, азот қышқылының физикалық қасиеттері мен қолданылуын талдайды.

2.Бір оқушы тақтада:

                             2 моль             х л

                            4HNO3 = 4NO2 + 2H2O + O2

Берілген жазудың мәнін түсіндіріп, есепті шығарады.

3.Азот қышқылының қолданылуын айтып беріңдер.

4.Берілген айналымдарды іске асыруға болатын тиісті реакция теңдеулерін жазыңдар, өнімдердің аттарын атаңдар:

                        N2→NO→NO2→HNO3→Cu(NO3)2

 

  1. Жаңа сабақты оқып-үйрену. Азот қышқылының тұздарын нитраттар деп атайды. Нитраттар қатты кристалды заттар, бәрі дерлік суда жақсы ериді. Азот қышқылының негіздік оксидтермен, негіздермен әрекеттесу реакция теңдеуін жаздыру арқылы мұғалім нитраттарды алу жолына тоқталады. Есептер жинағынан сәйкес тапсырмаларды оқушылармен бірге талдауға болады.

Басқа оттекті қышқыл тұздарына қарағанда нитраттардың айырылуы ерекше. Бұл тұздарды қыздырғанда реакция оттек О2 бөле жүретіні баса айтылуы тиіс. Оқулықтағы кейбір нитраттардың айырылу мысалына сүйене отырып, қосымша реакция теңдеулерін жазғаызған жөн. Мысалы, калий нитраты, мырыш нитраты, күміс (I) нитратының айырылу реакциясының теңдеулерін жазыңдар.

Азоттың табиғаттағы айналымын оқулықпен жұмыс істеу немес қосымша тапсырмалар беру арқылы оқушылардың өздеріне орындатқан дұрыс.

III. Алған білімді қорытындылап бекіту. Нитраттардың көпшілігі азот тыңайтқышы ретінде қолданылатындықтан, төмендегі айналымды орындау арқылы ауа атмосферасын байланыстырудың маңызы көрсетіледі.

Айналымдарды іске асыруға болатын реакция теңдеулерін жазғызу:

 

NO→NO2→HNO3→Ca(NO3)2

                     NH3         NH4NO3

                                     (NH4)2SO4

 

Үйге тапсырма. §17. 1-4-жаттығулар. Жұмыс дәптерінен тапсырмалар.

         22-23-сабақтар. Фосфор. Фосфордың оттекті қосылыстары

 

Сабақтың мақсаты: фосфордың аллотропиялық түр-өзгерістері және олардың физикалық қасиеттеріндегі ұқсастықтары мен айырмашылықары және химиялық қасиеттерімен таныстыру.

Құралдар мен реактивтер: қызыл фосфор, құты, зат жағатын қасық, спирт шам, су, лакмус, метилоранж, P2O5, H3PO4, Na3PO4, AgNO3, NaOH.

Сабақтың барысы. I. Өткен сабақты қайталау. Мұғалім өзінің қалауы бойынша сұрақтар даярлауына болады.

1.Азот қышқылының қолданылуын айтып беріңдер.

2.Азоттың табиғаттағы айналымын мысалмен түсіндіріңдер және жұмыс дәптеріндегі сәйкес тапсырманы орындаңдар.

3.Нитраттар айырылғанда қандай заттар бөлінеді?

Бұларға қосымша мұғалім параграфтың соңындағы сұрақтарды немесе жұмыс дәптері және есептер мен жаттығулар жинағын пайдалануына болады.

  1. Жаңа сабақты оқып-үйрену.

Фосфор атомының химиялық элементтердің периодтық жүйесіндегі (х.э.п.ж.) орны және ашылу тарихын айту үшін алдын ала оқушыларға тапсырма беріледі.

Мұғалімнің жетекшілігімен оқушылар фосфордың периодтық жүйедегі орны: протон, нейтрон, электрон саны, валенттік электроны, тотығу дәрежесі және фосфордың бейметал екені туралы периодтық кестені пайдалана отырып айтып береді. Табиғатта фосфор тек қосылыс түрінде кездесетіні айтылады. Фосфор атомның кристалдық торын қарастырып, ақ, қызыл, қара фосфор жайлы(7-кесте) олардың аллотропиялық түрөзгерістерін салыстыра отырып түсіндіру қажет. Тәжірибелік көрсетілім: қызыл фосфордан аздап темір қасыққа салып оны қыздырса, фосфор түтіндене жанып Р2О5 қышқылдық оксид түзеді. Оны суда еріткенде қышқылға айналатынын ескере отырып, реакция теңдеуін жазады:

Р→Р2О5→Н3РО4

4Р + 5О2 =2Р2О5

Р2О5 + 3Н2О = 2Н3РО4

 

Шыны ыдыста қышқылдың түзілгені индикатор арқылы анықталады (қай индикаторекенін еске түсіріңдер). Бейтараптану реакциясына тәжірибе жасауға болады.

Фосфордың химиялық қасиеттерін оқушылар өзбеттерімен орындау үшін мұғалім төмендегідей сызбанұсқаны ұсынуына болады:

 

Р

 фосфор

 

                         +N2                                             +O2

      P3N5          эл. доға                                                                     P2O5

 

                              + Me                                                        +S

       Me3P2                                                                                            P2S3

       Me3P

 

Фосформен реакцияға түсетін бейметалдардың электртерістігін еске түсіре отырып, түзілген өнімдегі заттардың атауларын атап, теңдеуді теңестіреді. Фосфор (V) оксидінің суда еруін берілген сызбанұсқа бойынша талдайды:

                            H2O                      H2O                      H2O

               P2O5                    HPO3                     H4P2O7                 H3PO4

                            00C       метофосфор     200С   пирофосфор      1000С       ортафосфор

                                                                Қышқылы                        қышқылы                                қышқылы

                                                                                                            

 

Одан соң Р2О5–ке тән химиялық қасиеттерін: негізбен, негіздік оксидпен әрекеттсуін жазып, өнімнің аттарын атайды. Қышқылдың Н3РО4 судағы ерітіндісінің сатылап диссоциациялану теңдеуі талданады. Фосфор қышқылынан түзілетін тұздарының формуласын жазады. Ортафосфат ионға РО43- сапалық реакция тәжірибесі жасалады.

III. Алған білімді бекіту. Оқулықпен жұмыс: §19. 6-9-жаттығулар.

Үйге тапсырма: §18. 1-8-жаттығулар. §19. 6-9-жаттығулар. Есептер жинағы мен жұмыс дәптерінен сәйкес тапсырмалар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

24-сабақ. Тыңайтқыштар жайлы қысқаша мәліметтер.

Азот, фосфор және калий тыңайтқыштары

 

 Сабақтың мақсаты: өсімдікке қажетті қоректік элеиенті бар қосылыстар – тыңайтқыштар және олардың түрлері жайлы түсінік беру. Тыңайтқыштардың Биологиялық маңызына тоқталу.

Құралдар: «Минералды тыңайтқыштар» жинақтамасы, «Минералды тыңайтқыштардың жіктелу» кестесі.

Сабақтың барысы. I. Жаңа сабақты қабылдауға дайындық. Өткен сабақтаалған білімді тиянақтап, жаңа өтілетін тақырыпқа сәйкестендіру мақсатымен азот, фосфор және калий тыңайтқыштары ретінде пайдаланатын тұздардың формулаларын жазғызып, ооны алудың жолдарына тоқталады.

1.Бейтараптану реакциясының көмегімен калий нитратын, аммоний сульфатын алудың реакция теңдеуін жазыңдар.

2.Берілген өзгерістерді іске асыруға болатын реакция теңдеулерін жазыңдар:

NH3→NH4Cl→NH3→NH4H2PO4

 

3.Аммоний нитраты NH4NO3  мен натрий нитратындағы NaNO3 азоттың массалық үлесін (%) табыңдар.

Мұғалім барлық оқушыларды белсенді қатыстыра отырып, азот, фосфор қышқылдарының химиялық қасиеттерін және нитраттар мен фосфаттардың формулаларын еске түсіреді.

  1. Жаңа сабақты оқып-үйрену. Әр оқушы оқулықпен жұмыс істеу арқылы ондағы материалды тыңайтқыштардың жіктелу сызбанұсқасына көңіл аударады. Азот, фосфор және калий тыңайтқыштарының формуласын дәптерлеріне көшіріп жазып, атауымен танысады. Мұғалім таратып берген «минералды тыңайтқыштар» жинақтамасымен танысады.

III. Алған білімді бекіту мақсатында оқулықтағы §22. 1-4-жаттығуларды орындайды.

1.калий нитратындағы азоттың массалық үлесін табыңдар.

2.Қос суперфосфаттағы Ca(H2PO4)2. 2H2O қоректік элемент фосфордың массалық үдесін (%)табыңдар.

3.Калий карбонаты мен калий нитратының формуласын жазыңдар.

4.Азот тыңайтқыштарының жіктелуін айты беріңдер.

5.Фосфор тыңайтқыштарды қалай жіктеледі?

Мұғалім өз қалауын басқа білім дамыту сұрақтарын даярлауына болады. Немесе параграфтың аяғында берілген сұрақтарды талдайды.

Үйге тапсырма: §20. 1-7-жаттығулар. Есептер жинағы.

 

 

 

 

 

26-сабақ. Көміртек.  Көміртектің химиялық қасиеттері

 

Сабақтың мақсаты: көміртектің химиялық элемент және жай зат ретіндегі қасиеттері мен оның аллотропиялық түрөзгерістері жайлы түсінікті одан әрі жалғастырып дамыту. Олардың кристалдық торының түрлерін ажырату. Кристалдық тордың әртүрлілігіне қарай, бейметалдар қасиетіндегі өзара байланысты анықтай білу. Көміртектің қасиетін мысалға ала отырып, тотығу-тотықсыздану реакцияларын еске түсіру.

Құралдар мен реактивтер: графит, таскөмір, белсендірілген көмір, алмаз бен графиттің кристалдық тор үлгісі, бор, әктас, тұз, күкірт қышқылдары, сынауықтар, тұрғы.

Сабақтың барысы. I. Жаңа сабақты қабылдауға дайындық.

Сұрақ-жауап: а) минералды тыңайтқыштардың түрлері мен жіктелуін айтып беріңдер; ә) азот және фосфор тыңайтқыштарының формуласын жазып, олардың аталуын айтып беріңдер; б) §22. 7-жаттығуды орындаңдар.

  1. Жаңа сабақты оқып-үйрену. Көміртек –барлық тірі организмнің құрамына кіретін негізгі элемент. Жер бетінде кездесетін элементтер ішінде бос күйінде де, қосылыс түрінде де кездесетінін мұғалім оқушылардың тірек біліміне сүйене отырып баяндайды. Бос күйде көміртек, негізінен, екі түрлі турөзгеріс – алмаз бен графит түзетінін айта келіп, оқулықпен жұмыс істеу қажет. Көміртектің қай түр өзгерісін алсақ та оның дәмі, иісі болмайды. Кәдімгі температурада химиялқ енжар. Мұғалім адсобцияға тәжірибе көрсете отырып, сабақты түсіндіруді жалғастырады.

Әуелі көміртек атомының қосылыста көрсететін тотығу дәрежелеріне тоқталып, кестедегі формулаларды оқушыларға талдатқан жөн.

 

Көміртектің тотығу дәрежесі

Қосылыстарының формулалары

+4

+2

0

-4

CO2 (-CO32- , Na2CO3) CS2, CF4

C (гарфит, алмаз, карбин, фуллерен)

CH4 (BeC, Al4C3, SiC)

       Сызбанұсқаға сүйенген оқушылар сабақты тез меңгереді. Бейметалдардың электртерістік қатарын біле отырып, әр оқушыда өз бетінше формула құру дағдысы жоспарлы түрде қалыптасады.

Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру мақсатында, көміртек және оның қосылыстарының бір-біріне айналу сызбасын беруге болады:

+4 СО2→H2CO2→Na2CO3 Осы айналымды іске асыруға болатын реакция                               теңдеулерін қарастырсақ:

         ↑ ↑

+2    CO                                        а) С→СО→СО2

                 ↑                                          ә) CO2→H2CO2→Na2CO3

                C←                                       б) CH4→CO2

         0     C                  

-4     CH4 

Оқушылардың бұрын меңгерген тірек білімдеріне сүйене отырып, алдын ала жоспарлы тапсырма берген дұрыс. Мұғалімнің қалауы бойынша көрсетілімдік тәжірибелер жасауға болады.

III. Алған білімді бекіту. Оқулықтың §23. 1-6- жаттығуларын және §24. 2-4-жаттығуларын орындайды. Химия есептер жинағы мен жұмыс дәптерінен тапсырмалар беруіге болады.

Үйге тапсырма. §21. 1-9-жаттығулар. §22. 1-6-жаттығуларды және жұмыс дәптерінен тапсырмалар орындайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

27-28-сабақтар. Көміртек (II) және (IV)оксидтері. Көмір қышқылы, карбонаттар, көміртектің табиғаттағы айналымы

 

Сабақтың мақсаты: оксидтердің жіктелуін еске түсіріп, олардың құрылымдық формуласы, қасиеттері,қолданылуы жайлы алған білімді қоорытындылап, оксидтердің қасиеттеріндегі айырмашылықтың себептері айтыады. Көмір қышқылын басқа бейорганикалық қышқылдармен салыстыру, карбонаттардың басқа тұздардан ерекшелігі сөз болады. Көміртектің табиғаттағы айналымы туралы түсінік беру.

Құралдар мен реактивтер: «Карбонаттар» жинақтамасы, қатты ас содасы, малахит, әктасә концентрациялы хлорсутек қышқылы HCl, газ алатын қарапайым құрал, сынауықтар, әк суы Ca(OH)2.

Сабақтың барысы. I. Жаңа сабақты қабылдауға дайындық.

Бірнеше оқушыға мынадай тапсырмалар орындатуға болады:

а)күкірт (IV) оксидін мысалға ала отырып, қышқылдық оксидтерге тән қасиеттерді жазыңдар;

ә)тұз түзетін және тұз түзбейтін оксидтерге мысалдар келтіріңдер;

б)§24. 4-жаттығуды орындаңдар;

в)көміртектің аллотропиялық түрөзгерістері жайлы не білесіңдер?

г)Адсорбция деген не? Өткен сабақта көрсетілген тәжірибені сипаттап айтып беріңдер.

  1. Жаңа сабақты оқып-үйрену. Өткен сабақты қорытындылау арқылы мұғалім жаңа сабақты түсіндіруге кіріседі. Көміртек металдармен, сутекпен, кремниймен әрекеттескенде тотықтырғыш, ал басқа бейметалдармен, оксидтермен әрекеттескенде тотықсыздандырғыш екендігіне тоқталады. Бұрын алған білімді дамыта отырып, көміртек жанғанда екі түрлі оксид – көміртек (II) оксиді СО және көміртек (IV) оксиді СО2 түзілетінін еске салады. Әр оксидтің молекула құрамы мен құрылысын нақтылайды. Олардың физикалық қасиеттерін салыстырады. Тірі организмге СО газының физиологиялық әсерін, қауіптілігін, химиялық қасиеттерін түсіндіреді. Лабороторияда СО2 газын алу және оны жинап газды анықтауды көрсетіп, газдың ауадан ауыр немесе жеңіл екеніне оқушылардың көзін жеткізеді. Ол үшін берілген формуланы пайдаланады:

 

            

          Mr (CO2)                    44

   Dауа =                      ; Dауа   =               = 1,5,

          Mr (ауа)                     29

 

ал СО газының ауамен салыстырғанда тығыздығын оқушылар өздері табады.

Көмір қышқылы Н2СО3 екінегізді әлсіз қышқыл екендігін ал оныңтұздары карбонаттар табиғатта кеңінен таралғандығын мұғалім карбонаттар жинақтамасын көрсету арқылы түсіндіреді.

Мүмкіндік болса, корбанаттармен қатар жасыл ұнтақ малахиттің CuCO3(OH)2 айырылу тәжірибесін көрсетуге болады. «Карбонаттар» жинақтамасын пайдаланып, басқа минералдан оны ажырату үшін карбонатқа (CaCO)3 концентрациялы тұз қышқылынтамызу арқылы танып-білуді үйретеді. Егер зертте отырған зат әктас болса, қышқыл тамызғанда «быжылдап» газ бөлінгені байқалады. Оқулықтағы суретті пайдаланып, көміртек диоксиді СО2 және карбонаттардың қолданылуын, көміртектің табиғаттағы айналымын оқушылар өз бетінше оқып-үйренеді.

III. Алған білімді бекіту. Мұғалім өз қалауымен оқулықтан жаттығулар орындатып, бірнеше қосымша сұрақтар қояды.

Немесе оқушылар алдын ала даярланған тарапта құралдарды (карточка) пайдаланып, бірнеше айналымдарды іске асыруға болатын реакция теңдеулерін жазады:

а) Na2CO3→CO2→CaCO3→Ca(HCO3)2→CaCO3→CaO

ә) CuCO3*Cu(OH)2→CuO→Cu

     ↓

    CO2→K2CO3→KHCO3

Үйге тапсырма: §23. 5-10-жаттығулар. §24. 4-9-жаттығулар. Есептер жинағынан, жұмыс дәптерінен тапсырмалар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

29-30-сабақтар. Кремний. Кремний диоксиді. Кремний қышқылы

 

Сабақтың мақсаты: химиялық элементтердің периодтық жүйесінде кремнийдің орналасуын атом құрылысы тұрғысынан сипаттап, оның қасиеттері жайлы білімді дамыту. Оксидтері мен силикаттарының табиғатта таралуы туралы мағлұмат беру.

Құралдар мен реактивтер: «Минералдар мен тау жыныстары» жинақтамасы, Na2SiO3 силикат желімі, HCl, CaCl2 ерітінділері, индикаторлар.

Сабақтың барысы. I. Жаңа сабақты қабылдауға дайындық. Сыныптағы оқушыларға «Көміртек және оның қосылыстары» туралы оқулықты, анықтамалықтарды, тағы басқа әдебиеттерді пайдаланып, 10 сұрақ даярлап келуге тапсырма беріледі. Бұдан шәкірттің шығармашылық қабілеті дамып, білім деңгейі жоғарылайды. 

Екінші тапсырма сұрақ-жауап арқылы оқулықтағы §25-26-тарды қамтиды. Әр параграфтағы есептерді шығарып, сұрақтарға жауап беріп, оқушылар өз бетінше тапсырма орындауға дағдыланады.

  1. Жаңа сабақты оқып-үйрену. Кремний атомының құрылысын элементтердің периодтық жүйесіндегі орны бойынша талдайды. Кремний және оның қосылыстарының қасиеттері көміртекке ұқсайды. Көміртекке қарағанда кремний оттекпен қуатты әрекеттесіп, бірден SiO2 түзеді. Кремний (IV) оксиді –берік қосылыс. Оның кристалдық торы –атомдық, ал көміртек (IV) оксидінде-молекулалық. Кремний оксиді суда ерімейді. Жер қыртысында SiO2 кристалы кварц минералының құрамында өзен құмында, т.б. жерлерде кездеседі. Табиғатта ол таратылуы жағынан оттектен кейінгі екінші орында. Кремний жер қыртысындағы (масса бойынша) минералдар мен тау жыныстарының негізін құрайды.

Бейметалдар, қышқылдар, оксидтер және сілтілермен әрекеттескенде кремний тотықсыздандырғыш, ал металлдармен (сирек) әрекеттесіп, тотықтырғыштық қасиет көрсетеді. Кремний қышқылына, силикаттардың қасиеттеріне, қолданылуына тоқталған соң сабақ қорытындыланады.

III. Алған білімді бекіту. Мұғалім сыныптағы оқушыларды топтастыра отырып, тарапта материалдар береді, бірнеше сұрақтарға жауап іздейді. Мысалы.

  1. Кремнийдің кристалдық торы не себептй берік болады?
  2. Кремнийдің физикалық қасиеттерін сипаттаңдар.
  3. Табиғатта креммнийдің көп таралуының себебі неде?
  4. Оқулықты пайдаланып, кремнийдің және оның қосылыстарының қолданылуын айтып беріңдер.
  5. Айналымдарды іске асыруға болатын реакция теңдеулерін жазыңдар.

SiO2→Si→SiH4→SiO2→Na2SiO3

Үйге тапсырма: §25. 1-10-жаттығулар, есептер мен жаттығулар жинағы. § 26 (1-9-жаттығулар).

 

 

                                31-сабақ. Силикат өнеркәсібі

 

Сабақтың мақсаты: кремний қышқылының қасиеттерін көмір қышқылымен салыстыра отырып, олардың қосылыстаранаң табиғатта кездесулеріне назар аудару. Кремний қосылыстары жайлы білім қорытыныланады. Цемент, шыны, қыш өндірісі жайлы оқушылардың мағлұматтарын кеңейту.

Құралдар мен реактивтер: силикат желімі, концентрациялы тұз қышқылы, индикатор, қыш, шыны, цемент бұйымдары.

Сабақтың барысы. 1. Жаңа сабақты оқып-үйрену. Мұғалімнің талдауымен алдын ала тапсырма беру арқылы семинар-сабақ ретінде өткізуге болады. Оқушылар «шыны», «цемент», «қыш», тақырыптарын бөліп алған соң, реферат даярлайды. Қосымша әдебиеттерді пайдаланып немес интернет арқылы жаңа мәліметтер жинайды. Әр шәкірт өзі жинаған материалдарды қорғайды. Оқулықтағы §28,§29- тармен таныса отырып, тақырып соңында берілген жаттығуларды орындайды. Тест сұрақтарына жауап береді.

Үйге тапсырма: §27. 1-10-жаттығулар. Есептер мен жаттығулар жинағынан 7-10-22- есептер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

35-сабақ. Металдардың адам өміріндегі маңызы.

Металдардың периодтық жүйедегі орны. Металдардың құрылысы

 

Сабақтың мақсаты: металдардың периодтық жүйедегі орналасуымен таныстыра отырып, олардың физикалық қасиеттері, атомдық құрылысына және кристалдық торының еркекшелігіне байланыстыекені жайлы мәлімет.

Құралдар мен реактивтер: металдан жасалған бұйымдардың үлгісі, заттың электрөткізгіштігін сынайтын құрал, металдық кристалдықтор модельдері. Периодтық жүйе.

Сабақтың барысы. I. Жаңа сабақты оқып-үйренуді оқушылармен әңгімелесуден бастаған жөн. Металдардан жасалған бұйымдардың қалай және қайда қолданылатыны сөз болады. Өте ерте кезден адам баласының металды қолдануынан бастап, бүгінгі техника дамыған заманда металлдарды пайдаланбайтын бірде-бір өндіріс саласы жоқ екені туралы мағлұматты оқушыларды белсенді қатыстыра отырып беруге болады. Периодтық жүйеде орналасуы түсіндіріледі.

I-III топта сутек пен бордан басқалары –металдар. Барлық қосымша топшада және басқа топтардың негізгі топшасында металдар орналасқан. Период бойынша қарастырсақ кіші периодтардың бас жағында, ал үлкен периодтардың жұп қатары түгелімен және тақ қатардың бас жағында металдар орналасқан.

Мұғалім оқушылармен сұрақ-жауап әдісін пайдалана отырып, сабақты түсіндіреді. Металдардың атом құрылысында бейметалдарға қарағанда қандай айырмашылығы бар екенін металдардың электрондық құрылысынан бастап түсіндіреді. Және олардың химиялық қасиеттеріне келгенде металл атомы электронын беріп, оң зарядталатыны айтылады:

Ме0 - пē→Ме+п

Металдар атомдардарының радиусы бейметалл атомымен салыстырғанда  үлкендеу болады. Бұл тек металдарға тән қасиет. Тағы бір себебі металл атомдары электронын оңай беретіндіктен, тотықсыздандырғыштық қасиет көрсетеді.

Металдық кристалдық тордың түйіндеріндегі металл атомының радиусы үлкендеу және сыртқы электрондар ядромен әлсіз байланысқандықтан тор-түйінінде атомдар және катиондар болады да, олардың аралығында бос электрондар немесе «электрон газы» пайда болады. Осы «электрон газы» металдың жалпы физикалық қасиеттерін анықтайды.

  1. Жаңа сабақты оқып-үйренуден алған білімдіжинақтап қорытындылау әдісін мұғалім өзі таңдайды.

Мұғалім алдын ала бірнеше сұрақтар даярлап, соған жауап беру арқылы және оқулықтан жаттығулар орындату арқылы сабақты қорытындылайды.

Үйге тапсырма. §28. 1-5-жаттығулар, есептер мен жаттығулар жинағынан тапсырмалар. §29. 1-8-жаттығлар.

 

 

 

36-сабақ. Металдардың физикалық қасиеттері.

Құймалар

 

Сабақтың мақсаты: металдардың құрамы, құрылысы және физикалық қасиеттерінің өзара байланысын түсіндіру. Кристалдық тордағы бос электрондарға байланысты ортақ қасиеттерді ажырата білуге дағдыландыру.

Құралдар мен реактивтер: кейбір металдардың балқу, қайнау температураларының анықтамасы, электрөткізгіштікті анықтайтын аспап. Металдық кристалдық тор үлгілері.

Сабақтың барысы. I. Жаңа сабақты қабылдауға дайындық. Үйге берген тапсырманы сұраудың немес өткен сабақты еске түсірудің әдісі көп. Соның бірі –мұғалім өткен сабақты бірнеше сұрақпен қайталайды.

1.Металл ионы қалай түзіледі?

2.Сілтілік металл иондарының ұқсастығы мен айырмашылығы неде?

3.Металдық және иондық байланыстың кристалдық торында бір-бірінен қандай йырмашылықтары бар?

Үй тапсырмасын қайталаған соң, жаңа сабақ басталды. Металдар, олардың тарихтағы және қоғамдағыорны басқа пәндерге (тарих, география) байланыстырылып түсіндіріледі. Металдар ерте заманнан-ақ белгілі. Тас ғасырынан бастап мыс, қола, темір дәуірлері жайлы оқушылар қызықты мәліметтерді өздері де келтіре алады, бұл арада пәнаралық байланыс жүзеге асады. Әрі оқушының шығармашылық қабілеті дамиды.

  1. Жаңа сабақты оқып-үйрену. Металдардың физикалық қасиеттерін, олардың кристалдық торының құрылысы және металдық байланысы жайлы алған білімді пайдалана отырып түсіндіру қажет.

Кристалдық тордағы «электронды газ» -металдардың физикалық қасиеттерін, металдық жылтырын, жылу-және электрөткізгіштігін, пластикалығын, созылғыштығын, тығыздығы мен балқу, қайнау температураларын анықтайтындығы сөз болады.   

Металдардың қаттылығы әртүрлі   және олардан алынатын құймалардан түрлі құралдар, конструкциялық материалдар жасалады. Сондықтан әсіресе металл құймалары кеңінен қолданылатыны айтылады.

Қорыта келгенде мұғалім типтік металдардың физикалық қасиеттеріндегі айырмашылығын түсіну үшін металдың атом құрылысын басшылыққа алады.

Барлық металдар (сынаптан басқасы) қатты, бәрінде дерлік металдық жылтыры бар. Қатты күйде жылуды және электр тоғын өткізеді. Себебі, олардың кристалдық торында жартылай оң зарядталған иондар, жартылай бейтарап атомдар мен одан үзіліп кеткен еркін қозғалатын электрон газы болады.

III. Оқушылардың алған білімін қорытындылау мұғалім бірнеше сұрақ қояды.

1.Ең оңай балқитын және осы қасиетіне байланысты қолданылатын қандай металды білесіңдер?

2.Ауада қатты қыздырғанда да тотықпайтын металлдарды атаңдар.

3.Ең қиын балқитын металдарды атаңдар.

4.Металлдардың құймаларын қандай мақсатта қолданады және қалай алады?

5.ҚҰйманың құрамында 80% никель, 20% хром бар. Хромның 1 моліне неше моль никель келетінін есептеңдер.

Үйге тапсырма. §30. 1-10-жаттығулар.

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                              

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Күні:                               Сыныбы: 9

Сабақтың тақырыбы: Металдардың химиялық қасиеттері.

Металдардың электрохимиялық кернеу қатары

 

Сабақтың мақсаты: металдардың электрохимиялық кернеу қатары жайлы мағлұмат бере отырып, металдардың химиялық қасиеттері жайлы оқушылардың білімдерін тереңдетіп, химиялық реакция теңдеулерін жаза білуге үйрету.

Құралдар мен реактивтер: метал натрий, магний, мыс цинк, хлор толтырылған ыдыс, тұз қышқылы, фосфор, суы бар ыдыс, концентрациялы азот қышқылы, мыс (II) сульфаты, спирт шам, металдардың электрохимиялық кернеу қатарының кестесі.

Сабақтың барысы. I. Жаңа сабақты қабылдауға дайындық. Өткен сабақта алған білімді тиянақтау мақсатында мұғалім алдын ала сұрақтар даярлайды.

  1. Жаңа сабақты оқып-үйрену. Металдар ең сыртқы энергетикалық деңгейіндегі электронын оңай беріп, тотықсыздандырғыш ретінде реакцияға түсетінін еске түсіреді:

Ме0 - пē→Ме+п

Металдар жай заттармен (бейметалл) қосылу, ал күрделі заттармен орынбасу реакциясынатүсетінін айта келіп, бірнеше тәжірибе көрсетуге болады.  Мысалы, магнийдің оттекпен, натрий немесе кальцидің сумен әрекеттесетінін, мыс (II)  купоросы ерітіндісінде батырылған темір шегенің қызғылт түсті мыспен қапталатынын, мыс қышқылымен әрекеттескенде  сутек бөлінбейтінін оқушылармен бірге отырып талдаған жөн. Одан соң металдардың белсенділік қатарын түсіндіріп, металдардың электрохимиялық кернеу қатарындағы орнына сай шығатын заңдылықтарды оқып үйренеді. Кестені талдайды, оған сәйкес реакция теңдеулерін жазады. Ең белсенді және белсенділігі төмен металдар атомының сумен әрекеттесуін талдап, тиісті реакция теңдеулерін тотығу-тотықсыздану тұрғысынан жазғызған жөн.

III. Алған білімді бекіту, қорытындылау. Тақырыпты қорытындылау мақсатында мұғалімнің түрлі тәсілді өзі таңдағаны дұрыс.

Сабақ кезінде мұғалім жасаған тәжірибелердің реакция теңдеулерін жазып, оны түсіндіріп беруге 3 оқушыны тақтаға шақыруына болады.Жеке тарапта материалдар алдын ала даярланып, оны оқушыларға орындатуға болады. Екі-екіден алынған заттардың қайсыларының арасында химиялық реакциялар жүреді: а) Cu және HCl; ә) Cu және Hg(NO3)2; Zn және Pb(NO3)2.  Осындай нақты мысалдармен сыныпта неғұрлым көбірек жұмыс жасалса, білім дағдысы да соғұрлым тиянақты болады. Немесе оқушылардың бұрын алған білімдерін пайдалана отырып, жалпы химиялық қасиеттерінен тереңірек білім беру үшін мұғалім бірнеше қосымша сұрақты алдын ала даярласа да болады.

1-сұрақ. Мыстың физикалық, химиялық қасиеттері мен қолданылуын айтып беріңдер. Тиісті реакция теңдеулеріне мысадар келтіріңдер. Жауап: 1) физикалық қасиеттері. Мыс қызғылт түсті, 10830С-та балқиды, тығыздығы 8,96 кг/см3. Жылуды және электр тоғын жақсы өткізеді.

Химиялық  қасиеттері:

М

Ы                                         

С

 

                         + О2→?

 

                         + S→?

 

                         + Сl2→?

 

Оқушыларға металдардың электрохимиялық кернеу қатарында мыс сутектің оң жағында тұрғанын ескертіп, қышқылдармен әрекеттескенде сутек бөлінбейтіні айтылады. Бірақ мыс концентрациялы күкірт және азот қышқылдарымен қыздырғанда әрекеттесіп, тотықсыздандырғыш қасиет көрсететіні ескертіледі. Тәжірибеге сүйене отырып, реакция теңдеуін жазады:

                                                                +2                                       +4

Cu0 + 4HNO 3(конц) = Cu (NO3)2 + 2NO2↑ + 2H2O

                 +2

Cu0 - 2ē = Cu        2

 +5                 +4                  2

N + ē = N              1

 

Cu0 – тотықсыздандырғыш.

N+5 – тотықтырғыш.

Басқа пәндерден білетіндерін пайдаланып, оқушыар мыстың қолданылатын жерлерін өздері де айтып береді. Дарынды оқушыларға шығармашылық қабілетін дамыту үшін алдын ала жұмыс дәптерінен тапсырма беруге де болады.

Үйге тапсырма. §31. 1-9-жаттығулар.  Химия есептер мен жаттығулар жинағынан тапсырмалар. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Күні:                              Сыныбы:

Сабақтың тақырыбы:  Металдардың жемірілуі және онымен күресу жолдары

 

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға металдардың жемірілуі туралы мағлұмат беру, жемірілумен күресу жолдарымен таныстыру.

Сабақтың барысы. I. Жаңа сабақты қабылдауға дайындық. Өткен сабақтың соңында берілген сұрақтарды қайталап,  үйге берілген тапсырманың жаттығуларын орындату арқылы мұғалім оқушының білім деңгейін анықтай алады. Металдардың химиялық қасиеттерін белсенділігі әртүрлі металдарды мысалға ала отырып, жаздыруға болады. Өйткені жаңа тақырып металдардың кернеу қатарындағы орнына байланысты біліктілікті қажет етеді.

  1. Жаңа сабақты оқып-үйрену. Қоршаған ортаның әртүрлі әсерінен металдардың желінуі. Металдар электрохимиялық кернеу қатарында орналасуына қарай 3-ке бөлінеді:
 
 

K, Ca, Na, Mg, Al, Zn                              Fe, Ni, Sn, Pb, H2, Cu, Ag, Hg, Pt, Au

 

 

 

химиялық               төзімді оксид         жемірілуге қатысатын               жемірілмейтін

белсенді                қабықша пайда                металдар                                   металдар

                                   болады

 

 

 

 

 

 

аааат

 

 

 

Күнделікті тұрмыста темірден жасалған бұйымдар пышақ, шеге, балта, күрек ылғалда қалса бетін сарғылт тат қабаты басады. Себебі металдар мен құймалар басқа заттармен жанасқанда химиялық реакцияға түсіп, қосылыстар түзеді, нәтижесінде металл бүлініп желінеді.

Әсіресе темір және оның құймасы оттектің, судың, сутек иондарының әсерінен тез желіне бастайды да, оның атомы темір иондарына айналады:

Fe0 - 2ē = Fe+2

Fe+2 – ē = Fe+3

Реакцияның толық теңдеуі оқулықта бар. Металдарды жемірілуден қорғаудың бірнеше бағыттары айтылып, металдардың жемірілуі тотығу-тотықсыздану реакциясына жататындығына тоқталу қажет.

III. Тақырыпты қорытындылау үшін мұғалім тақырыптың соңындағы жаттығуды оқушыларға орындата отырып, сабақты бекітеді. Немесе өз шығармашылығына сәйкес деңгейлі сұрақтар қойып, тақырыптың мазмұнын нақтылайды.

Үйге тапсырма. §32. 1-9- жаттығулар және жұмыс дәптерінен тапсрмалар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  

Күні:                              Сыныбы:

Табиғаттағы металдар. Қазақстанда кендерден металл алу

 

Сабақтың мақсаты: металл кендері жайлы түсінікті дамыту. Қазақстанның кен орындары жайлы мәліметтер беру. Жергілікті материалдарды пайдалана отырып, оқушыларды елін-жерін сүюге тәрбиелеу.

«Металлургия» ұғымын қалыптастырып, белсенділігі әртүрлі металдарды өндіру әдісі туралы мағлұмат беру.

Құралдар: «Минералдар және тау жыныстары» жинақтамасы, «Металл кендері» кестелері, электролизер моделі, т.б.

Сабақтың барысы. I. Сабақты қабылдауға дайындақ. Сұрақ-жауап әдісін пайдаланып, үй тапсырмасын еске түсіруге болады.

1.Жемірілу деген не?

2.Жемірілудің металдардың белсенділігіне қандай қатынасы бар?

3.Жемірілудің қандай түрлері бар?

4.Жемірілумен күресудің басты бағыттарын атап беріңдер.

  1. Жаңа сабақты оқып-үйрену. Географиядан алған оқушылардың алғын білімін пайдалана отырып, Қазақстанның кен байлығын еске түсіру қажет. Қазақстан жерінде периодтық жүйедегі элементтердің барлығының дерлік қосылыстары кездесетінін, бір ғана Алтайдың Қазақстанға қарасты жағындағы кен орындары және соның ішінде 900-гежуық полиметалл кен көздері табылғаны айтылады. Қазақстанның басты байлығы-түсті металадар. Түсті металдар: ауыр, жеңіл, асыл, сирек кездесетін металдар болып бөлінетіні туралы мағлұмат беріледі.

1.Ауыр түсті металдарға: мыс, қорғасын, мырыш жатады. Мыс кен орнының маңыздылары-Жезқазған, Қоңырат, Саяқ, Қаратас жерлерінде.

Қорғасын, мрыш кен орындары-Жәйрем, Ащысай, Текелі, Зырян, Ертіс, т.б. жерлер бар.

2.Асыл түсті металдарға: алтын, күміс, платина, осмий, палладий жатса, олардың кен орындары-Жолымбет, Майқайың, Бақыршық жерлерінде кездеседі. Ал платиноидтардың ала, Солтүстік Балқаш пен Алтайда бар.

Кендерден металдарды бөліп алумен металлургия өнеркәсібі айналысады, ол грек тілінен аударғанда металлдарды өңдеу деген сөз екенін түсіндіріп кеткен жөн. Қазақстан кен байлықтары мен металлургия өнеркәсібі сөз болғанда, тұңғыш академик Қ. Сәтбаевтың қосқан үлесі кеңінен айтылып, оқушыларға ол туралы реферат даярлатуға да болады. Мұндай мәліметтерді пайдалану, сабақтың мазмұнын ашумен қатар оқушыларды патриоттыққа тәрбиелеп, туған жер байлығына құрмет сезімін оятады. Оқушылардың туған жерге, оның қара тасын ардақтап ғалымдарға деген құрмет сезімін қалыптастыру, адамгершілікке тәрбиелеудің негізі болып табылады. Оқушы ізденуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге ұмтылады.

Бүгінгі металлургия саласы адамзатқа 80-нен аса таза металл және 5000-нан аса қасиеттері алуан түрлі құймалар беріп отыр.

Енді еліміздегі бай кен орындарынан таза металды бөліп алдың өндірістік тәсілдерін анықтауды оқушылардың ізденімпаздық әрекетін дамыту үшін қосымша тапсырма ретінде беруге болады. Қазіргі заманғы металлургия металдарды бөліп алу әдістеріне қарай 3-ке бөлінеді. Оқушылардың назарын оқулықтағы кестеге айдарған жөн.

Оқушылар географиялық карта көмегімен Қазақстандағы металлургия өнеркәсібі дамыған аудандарды атайды. Мысалы, Қарағанды металлургия комбинаты, Соколов-Сарыбай, Лиосков және Қашар комбинаттары темір кендерінің концентартымен жұмыс істеп, феррохром шығарады. Ақтөбе зауыты Оралдан жеткізілетін кварцитті пайдаланып, ферросилиций шығарады. Шымкентте қоғасын зауыты, Текеліде қорғасын-мырыш комбинаты бар.

Алюминий және титан-магний өндірісі Өскемен мен Павлодарда бар.

Балқаш және Жезқазған кен металлургия комбинаттары –мыс өнеркәсібінің аса ірі кәсіпорындары. Осы өндірістердің дамуына зор үлес қосқан ғалым, академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаев.

Ғалым Қазақстанның қазба байлықтарын зерттеп, оның металлогендік картасын жасады. Алдын ала Қазақстанның кен орындары, өнлірістік комбинаттары туралы оқушыларға хабарлама даярлатқан жөн.

III. жаңа сабақты қорытындылау мақсатында тест сұрақтарын даярлап, ұсынуға болады.

1.Жеңіл балқитын металдар.

2.Металдарды алудың қандай әдістерін білесіңдер?

3.Электр тоғын ең күшті өткізетін металл.

4.Қ. Сәтбаев ашқан кен орындары, т.б.

Мұғалім әр сұраққа 3-4-жауап даярлап, тест түрінде ұсынады. Оқушылардың өздеріне сыныпта даярлатуға да болады. Мұның бәрі мұғалімнің шығармашылық, кәсіптік деңгейінің дамуына әсер етеді.

Үйге тапсырма. §33. 1-9-жаттығулар. Қосымша әдебиеттер. Жұмыс дәптерінен тапсырмалар. Реферат даярлау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Күні:                              Сыныбы:

 

 Сабақтың тақырыбы: Металдардың қосылыстары. Оксидтері мен гидроксидтері

 

Сабақтың мақсаты: атомдарының құрылысына қарай металдардың әртүрлі тотығу дәрежесін көрсететініне тоқталып, р-элементтер мен d-элементтер тотығу дәрежелерінің сипатына сәйкес металдардың түрлі қосылыстар түзуіментанысу. Мыстың, темірдің және хромның қосылыстарындағы тотығу дәрежелерінің мәнін түсіндіру және соған сәйкес оксидтері мен гидроксидтерінің химиялық қассиеттерін болжауға дағдыландыру.

Сабақтың барысы. I. Жаңа сабақты оқып-үйрену. Мұғалім оқушылардың бұрын алған білімін пайдалана отырып, химиялық элементтердің периодтық жүйесінде орналасқан s-элементтердің сыртқы энергетикалық деңгейінде 1-2 электроны бар металдарға мысалдар келтіріп, +1, +2 тотығу дәрежесін көрсететін металдардың оксидтері ен гидроксидтерінің, тұздарының формуласын оқушылармен бірге отырып еске түсіреді.         +1           +1              +1            +1

Мысалы, Na2O, Na2O, NaOH, NaCl.

Қосымша топша металдары d-элементтер, әртүрлі тотығу дәрежесі бар қосылыстар түзеді. Бұлай болу себебі, олардың валенттік электрондары сыртқы энергетикалық деңгеймен қоса одан ішкері орналасқан d-электронды да қамтиды. d-элемент атомдарының ең жоғары тотығу дәрежесі көбіне сол металл орналасқан топ нөміріне сәйкес келеді. Мұғалім оқушыларға бірнеше жаттығуды (ауызша) орындатады.

1-сұрақ. Cr, Fe, Cu элементтерін периодтық жүйедегі орны мен атом құрылысы тұрғысынан салыстыра отырып сипаттаңдар.

Қысқаша жауабы:

а) ұқсастығы: бұл элементтер (Cr, Fe, Cu) үлкен IV периодтың қосымша топшасында орналасқан.

ә) айырмашылығы: Cr 6-топта (қосымша), ал Fe 8-топшада үлкен периодтың тақ қатарында, Cu I топтың (қосымша) үлкен периодтағы жұп қатарыда орналасқан.

2-сұрақ: Cr, Fe, Cu атомдарының құрылысын салыстыра отырып (атом құрылысы, электрондардың орналасуы, электрондық формуласы, мүмкін болатын тотығу дәрежесі), қысқаша олардың тотықтырғыштық –тотықсыздандырғыштық қасиеттері жайлы қорытынды жасалады.

3-сұрақ. Осы элементтердің оксидтері мен гидроксидтерінің қасиеттері жайлы тұжырымдар жасау қажет:

  +1           +2         +2       +3              +2        +3           +6

Cu2O, CuO, FeO, Fe2O3, CrO, Cr2O3, CrO3

Бұдан шығатын қорытынды: айнымалы тотығу дәрежесін көрсететін элементтер әртүрлі сипаттағы қасиет көрсетеді. Оқушылар оқулықтан хром оксидтері, гидроксидтері және олардың әртүрлі негіздік, екідайлы және қышқылдық қасиеттерімен танысып, өз бетінше оқып-үйренеді. Мұғалім осы 3 элементтің табиғатта кездесуі жайлы қосымша әдебиеттерден хабарлама даярлауға тапсырма беруіне болады.

Оқушылар оқулықтағы кестені басшылыққы ала отырып натрийдің, мырыштың ооксидтері мен гидроксидтерінің қасиеттерін сипаттап, өз бетімен жаза алады.

  1. оқушылардың алған білімін қорытындылау мақсатында мұғалім алдын ала даярланған бірнеше сұрақтарды, жаттығуларрды орындатады.
  • 35. 2-жаттығу.
  • 35. 4-жаттығу.

Беріген металдардың: Cr, Fe, Cu байланыс типін, кристалдық торын және басқа да өздерің білетін қасиеттерін салыстырып сипаттаңдар.§35-тың 6-есебін шығарыңдар.  Есептің толық мазмұны оқулықта бар.

 

 

Үйге тапсырма: §34. 1-7-жаттығулар. Химия есептер мен жаттығулар жинағынан тапсырмалар.

 

 

 

 

 

 

 

Күні:                              Сыныбы:

 

41-42-сабақтар. Кальций. Кальцидің қосылыстары.

Судың кермектігі

 

Сабақтың мақсаты: периодтық жүйені пайдаланып, II топтың негізгі топшасы элементтерін сипаттауды жалғастыру.

Сілтілікжер металы кальцидің және оның қосылыстарының қасиеттерін жаза білуге үйрету. Магний және кальций қосылыстарының биологиялық маңызы мен қолданылуы туралы оқушылардың мағлұматтарын кеңейту.

Құралдар мен реактивтер: магний, кальций, әк суы бар ыдыс, индикаторлар, сынауықтар, сіріңке, спирт шам, суы бар құты, әктастар жинақтамасы.

Сабақтың барысы. I. Жаңа сабақты қабылдауға дйындық. Бұрын алған білімді еске түсірейік(8-сынып).

1.Неліктен барлық сілтілік металдар күшті тотықсыздандырғыш болады?

2.Натрий атомының құрылысын сызып, оның тотығу дәрежесін көрсетіңдер.

3.Берілген сызбанұсқаға сәйкес реакия теңдеулерін жазыңдар:

Na→NaOH→Na2SO4→Na2O→Na3PO4

4.Массасы 2,3 г натрийді 100г суда еріткенде алынған натрий сілтісінің массалық үлесін (%) есептеңдер.

5.Тірі организм үшін натрий мен калий иондарының маңызы қандай?

6.Күйдіргіш натр қайда қолданылады?

  1. Жаңа сабақты оқып-үйрену. II топтың негізгі топшасынбастап тұрған элементтер s-элементтерге жатады. Бериллий-екідайлы эелемент. Одан әрі металдар: магний, кальций, стронций, барий, радий орналасады. Осы элементтердің әртүрлі периодта орналасатынын ескере отырып, ұқсастығын еске түсіреді.

Екінші топ элементтерінің ең сыртқы энергетикалық деңгейінде 2 электрон бар екенін, электрондық және графиктік формуласына сүйене отырып, кальцидің тотығу дәрежесі +2 екенін түсіндіру:

Ca0 - 2ē – Ca+2

Тотығу дәрежесі +2 болатын қосылыстары СаО, Са(ОН)2, және кальций қосылыстарының химиялық қасиеттерін кесте құрып жаздыруға болады. Төмендегі тірексызбаны пайдалана отырып, түзілетін өнімдерді жазып, аттарын атайды:

          кальций                                                                                 кальций оксиді

             +        О2→                                                       +         Н2О→

             +        S→ 

Ca                                                                 CaO           +          H2S4

            +        Cl2→                                                       +          SO2

            +         H2→   

             

                        кальций гидроксиді

                                              +        HCl→

  Ca(OH)2                  +        CО2

                                                +        H23

Өнеркәсіпте кальциді тұздарының балқымасын электролиздеп алады.

Кальцидің қолданылуын айта келіп, қосылыстарының ішінде кальций оксиді СаО мен кальций гидроксидіне Са(ОН)2 ерекше тоқталу керек. Техникада СаО сөндірілмеген әк, Са(ОН)2 әк сүті деп аталады. Әк сүтін әктеуге жәнеқұммен қосып кірпіш қалағанда және сылағанда байланыстырушы зат ретінде жұмсайды. Бұл қоспа біртіндеп «ұстасып» қатая бастайды.

Реакция теңдеуі:

Са(ОН)2 + СО2 = CaCO3 + H2O

 

Кальций тұздарының құрылыстағы мәні зор. Олардың сумен химиялық байланысып, кристалгидраттар түзетін қабілеті бар. Мысалы, табиғи гипс CaSO4 * 2H2O, алебастр (CaSO4)2 * H2O. Алебастр ұнтағын суға араластырса, тез қатаятын  қоймалжың масса түзіледі. Қатаюы суды қосып алғанда жүреді:

 

(CaSO4)2*H2O + 3H2O = 2(CaSO4*2H2O)

 

Әрі қарай судың кермектігі қарастырылады. Кальций және магний тұздары судың кермектігін тудырады. Кермектіктің екі түрі болады, Суда Mg, Ca гидрокарбонаттары болса, уақытша немесе карбонаттық кермектік,  ал сульфаттар хлоридтер болса, тұрақты, яғни бейкарбонатты кермектік деп аталады. Кермектікті жою, яғни суды жұмсарту «әдістерімен таныстырады.

III. Алған білімді жинақтап қорытындылау үшін тақырыптың сроңындағы жаттығуды орындау қажет.

  • 31. 1-4- жаттығулар.
  • 37. 1-7- жаттығулар.
  • 38. 1-3- жаттығулар.

Үйге тапсырма. §35. 1-7-жаттығулар, §36. 1-11- жаттығулар, §37 оқып келу. Жұмыс дәптерінен 26-36-тапсырмалар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Күні:                              Сыныбы:

43-44-сабақтар. Алюминий. Алюминий қосылыстары

Сабақтың мақсаты: екідайлы элементтер жайлы алған білімді одан әрі дамыту. Жай заттардың химиялық қасиеттерін реакция теңдеулері арқылы сипаттау. Екідайлы элементтер қосылыстарының химиялық қасиеттеріне сәйкес реакция теңдеулерін жаза отырып, бұрын алған білімдерін дамыту.

Құралдар мен реактивтер: алюминий ұнтағы, тақташасы, түйірлері, таспалары, тұз қышқылы, натрий гидроксиді, мыс (II) сульфаты, алюминий хлориді (сульфаты), натрий карбонаты ерітінділері, сынауықтар, спирт шам. Табиғатта кездесетін алюминий қосылыстарының жиынтығы.

Сабақтың барысы. I. Жаңа сабақты қабылдауға дайындық.

Өтілетін тақырып екідайлы элемент жайлы болғандықтан, үй тапсырмасын қайталау үшін алдын ала жоспар құрғанда мұғалім негіздік қасиет көрсететін жай заттардың генетиалық тізбегін еске түсіру қажет екенін ескергені жөн.

1.Кальцидің және оның қосылыстарының негіздік қасиет көрсеттеінін дәлелдеңдер:

Ca → CaO → Ca(OH)2 → CaCl2

Тізбекті жүзеге асыруға болатын реакция теңдеулерін жазыңдар.

2.Магний мен кальций қосылыстарының табиғатта таралуы.

  1. Mg мен Ca қосылыстарының қолданылуы.

4.Сілтілікжер металдарының табиғатта кездесуі.

5.Шәнектегі карбонаттық қақты қалай жоюға болады?

  1. Жаңа сабақты оқып-үйрену. Алюминийдің периодтық жүйедегі орынын қысқаша сипаттап өткен соң, оның табиғатта кездесуі сөз болады. Табиғатта кездесетін металдардың ішінде алюминий бірінші орын алады. Ол белсенді металл болғандықтан тек қосылыс түрінде кездеседі. Дала шпаты, слюда, ороклаз K2O*Al2O3*6SiO2 және нефелин Na[Al2Si2O8] шайылып мүжілгенде каолинит Al2O3*2SiO2*2H2O түзіледі. Ал корунд Al2O3 өте қатты түссіз минерал, ол түрлі бағалы тастардың құрамына кіреді. Қазақстан бокситінің Al2O2*nH2O кен орны Торғайда, ал Павлодарда глинозем (Al2O3) өндірілетіні айтылады. Ерекше назар аударатын мәселе – алюминийдің физикалық қасиеттеріне сәйкес қолданылуы.

Алюминийдің химиялық қасиеттеріне тоқталғанда оқулықпен жұмыс жасай отырып, оның жай және күрделі заттармен әрекеттесуі екідайлы қасиетіне байланысты екендігіне тоқталуға болады.

Қысқаша алюминий оксидінің балқымасын электролиздеп, өнеркәсіпе алюминий алынатыны айтылады.

Алюминий құймаларында негізгі металл 90% -ті құрайды. Басты легирлеуші металдар: Cu, Mg, Mn, N және Si болады. §39 оқулықтағы кестені пайдаланып, оқушылар құймалар жайлы мәлімет алады. Алюминий және оның құймаларының қолданылуына тоқталады. Өте таза алюминий электротехникада өткізгіш ретінде және түрлі аппараттардың бөлшектерін жасауға, пиротехникада пайдаланады.

Металлургияда алюминотермиялық әдіспен оксидтерін ( Cr2O2, V2O5) тотықсыздандырып, таза металл алады:

Cr2О3 + 2Al = 2Cr + Al2О3

3V2O5 + 10Al = 6V + 5Al2O3

Мұндай реакциялар көп жылу бөле жүреді (экзотермиялы).

Екінші сабақта оқушылармен сұрақ-жауап әдісін қолдана отырып, сабақ әрі қарай жалғастырылады.

1.Алюминийдің құймасы оның өзіне қарағанда неліктен жиірек қолданылады?

2.Ас содасын, әк суын, ашыған сүт өнімдерін алюминий ыдыста ұзақ сақтауға болмайтын себебі неде?

3.есеп кітаптан сан есептерін орындай отырып, оқушылар алюминий қосылыстарының қасиеттерін оқып-үйренеді.

Алюминий оксиді қатта, қиын балқитын зат екеніне назар аударып, екідайлы қасиетіне тоқталады. Дәл солай суда ерімейтін алюминий гидроксидін Al(OH)3 лабораторияда  алу әдісін және оның екідайлы қасиетін лабораториялық тәжірибе көмегіен мұғалім оқушыларға орындатады. Алюминийдің маңызды тұздары және олардың қолданылуына қысқаша тоқталуға болады. Мысалы, AlCl3 * 6H2O алты сулы алюминий хлориді органикалық синтезде өршіткі ретінде қолданылады.

Al2(SO4)3 * 18H2O он сегіз сулы алюминий сульфаты суды тазартуда, қағаз өндірісінде, ал ашудас KAl2(SO4)3 * 12H2O мата бояуда, тері илеуде кеңінен қолданылады.

III. Екі сабақтағы өткен материалды қорытындылау үшін тақырып соңындағы сұрақтар мен жаттығуларды, есеп кітапты пайдалануға болады. Мұғалім өз қалауы бойынша әртүрлі  әдістерді қолданғаны жөн.

Үйге тапсырма. §38. 1-6-жаттығулар. Химия есептер жинағынан, жұмыс дәптерінен тапсырмалар. §39. Өзіндік жұмыс орындауға болады.

Күні:                              Сыныбы:

45-46-сабақтар. Темір. Темірдің маңызды қосылыстары

Сабақтың мақсаты: темірдің тотығу дәрежесіне байланысты химиялық қасиеттерін түсіндіру, тотығу дәрежесі +2, +3 темір оксидтері мен гидроксидтерінің химиялық қасиеттерін қарастыра отырып, оқушылардың біліктіліктерін дамыту. Темір иондарына сапалық реакция жайлы мағлұмат беру.

Құралдар мен реактивтер: темір (ұнтағы, түйіршігі, қаңылтыры) күкірт, мыс (II) сульфаты, тұз қышқылы, темір  (III) хлориді, натрий гидроксиді, қызыл жіне сары қан тұзы ерітінділері, калий роданиді ерітіндісі, спирт шам, сіріңке.

Сабақ барысы. I .Жаңа сабақты қабылдауға дайындық.  I-III топтың негізгі топшасындағы s-элементтер және  VIII топтың қосымша топшасының s-, d- элементтерінің сыртқы электрондық деігейіндегі электрондар санын еске тұсіріп, айырмашылықтарын талдайды. Бұрын алған тірек білімді пайдаланып, бұл сұраққа жауап беруді оқушылармен диалог ретінде қайталауға болады.

Na+, Ca+2, Al+3 тотығу дәрежесіне сәйкес келетін қосылыстарының формуласын тақтаға бір оқушы мысал келтіріп орындайды.

2- оқушы: алюминийдің химиялық қасиеттерін жазады.

3- оқушы: төмендегі өзгерістік айналымдарды іске асыруға болатын реакция теңдеулерін жазады:

  Al2(SO4)3

             AlCl3→Al (OH)3

NaAlO2

 

Қалған оқушыларға есеп шығартуға болады.

Есеп. Массасы 15,2 г хром (III) оксидін алюминиймен тотықсыздандырғанда  9 г хорм түзілген. Хромның теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы шығымын (%) көрсетіңдер.

  1. Жаңа сабақты оқып - үйрену. Мұғалім шәкірттердің ойлау қабілеттерін, біліктілігін дамыту мақсатында қысқа сызбанұсқа ұсынуына болады.

Өзіндік жұмыс.

 
   

 

 

 

 

 

 

 

  1. Химиялық элементтердің периодтық жүйедегі орны 4 үлкен период. VIII 26, Ar = 56.

↑↓    ↑     ↑    ↑    ↑

 

↑↓

 

↑↓

 

↑↓    ↑↓     ↑↓

 
  1. Атом құрылысы: 3s2 3p6                             3d                      4s2

+26Fe1s22s2p63s23p63d64s2  

Валенттік электрон:

Fe0(3d64s2) - 2ē = Fe+2 (3d64s0) FeO, Fe(OH)2, FeCl2

Fe0(3d64s2) - 3ē = Fe+3 (3d64s0) Fe2O3, Fe(OH)3, FeCl3

  1. Темірдің табиғатта кездесуі.
  2. Физикалық қасиеттері.
  3. Химиялық қасиеттері.
  4. Өнеркәсіпте алынуы.
  5. Қолданылуы.

Өзіндік жұмысты орындау кезінде оқушылар оқулықтыжәне қосымша басқа әдебиеттерді пайдаланса да болады.

Тақырыпты өтуге арналған екінші сағатта темірдің қосылыстарының қасиеттері қарастырылады.

+2тотығу дәрежесіне сәйкес қосылысына темір (II) оксиді FeO қара сұр түсті ұнтақ, темір (II) гидроксиді Fe(OH)2 және тұздары  FeCl2, FeSO4жатады.

Бұл қослыстар тез тотығып +3 қосылыстарына айналады. Оксидтері мен гидроксидтері негіздік қасиет көрсетеді.

Лабораториялық тәжірибе жасау арқылы FeO және Fe(OH)2 химиялық қасиеттерімен таныстырады:t

FeO + 2HCl→FeCl2 + H2O

Fe(OH)2 + 2HCl = FeCl2 + H2O

Тәжірибе жасай отырып, темір (II) гидроксидін алмасу реакциясы көмегімен алуға болады:

FeSO4 + 2NaOH = Fe(OH)2 ↓ + Na2SO4

Fe2+ + 2OH- = Fe(OH)2

Жасылдау түсті тұнба

Fe(OH)2 ауада тоттотығып, қызыл күрең тұнбаға айналадаы:

4Fe(OH)2 + 2H2O + O2 = 4 Fe(OH)3

Fe(OH)2 аздап қыздырғанда темір (II) оксиді мен суға ыдырайды.

Оқушыларға Fe2O3 негіздік оксиді екені, ал Fe(OH)3 әлсіз (екідайлы) негіз, сондықтан қышқылмен де, сілтімен де реакцияға түсетіні айтылады. Оқушылар темір (III) гидроксидінің қышқылымен әрекеттесіп- темір нитратын (III) ал сілтімен ірекеттесіп -натрий ферритін түзетінін түсінеді.

Темір (III) гидроксиді қыздырғанда ыдырайды:

2Fe(OH)3→Fe2O3 + 3H2O

Темірдің +2,+3 иондарына сапалық реакция жасауды оқулықтан гидроксидтерінің жасыл және қызыл күрең тұнбасына сүйеніп тануға болатынын түсіндірген соң,  мұғалім темір Fe3+ ионын сары қан тұзы K4[Fe(CH)6] және калий роданидімен KCNS анықтауға болатыны туралы мағлұмат береді:

4FeCl3 + 3K[Fe(CN)6] = Fe4[Fe(CN)6]3 + 12KCl

                                   Берлин көгі

Fe2+ ионын қызыл қан тұзын қосып анықтайды:

3FeCl2 + 2K3[Fe(CN)6] = Fe3 [Fe(CN)6]2 + 6KCL

                                              Турунбул көгі

Темір жіне оның қосылыстарының қолданылуын қарастырып, таза темірдің тез магниттелетіні және магниттік қасиетін жоюға бейім екенін түсіндіріп, темір(III) хлоридінің алты сулы кристалгидраты 3FeCl2* 6H2O қанды ұйытатын қасиеті болғандықтан медицинада қан тоқтату үшін, ал Fe (II) сульфатының 7сулы кристал гидраты FeSO4*7H2O бақша зиянкестерін құртуға және бояулар жасауға қолданыталтынын айтқан жөн.

III. Тақырыпты оқу кезінде оқушылардың алған білімін бекіту үшін мұғалім алдын ала тапсырмалар даярлайды. Мұғалім кәсіби шеберлігін арттырып оқыту әдісін жетілдіру үшін түрлі әдебиеттерді қарап шығармашылықпен іздену қажет.  Сабақты қорытындылау үшін төмендегідей сұрақтар берілуі мүмкін.

  1. Темір табиғатта қандай түрде кездеседі?
  2. Қазақстанда қандай кен орындары бар?
  3. Темірдің тірі организм үшін маңызы қандай?
  4. Темірдегі өзгерістік айналымдарға іске асыруғаболатын реакция теңдеуін жазыңдар:
  5. Темір (III) хлоридімен калий гидроксидін әрекеттестіргенде массасы 10,7 г тұнба түзілген. Реакцияға неше грамм темір (III) хлориді қатысқанын есептеңдер.
  6. Эксперименттік есеп: темір (II) хлоридінен темір (III) оксидін тәжірибе арқала алыңдар.

Орындалуы:

FeCl2 + 2NaOH = Fe(OH)2 ↓ + 2NaCl

Fe2+ + 2OH- = Fe(OH)2

Темір (II) гидроксидінің айналымын тездету мақсатында тотықьырғыш суек пероксидін қосса реакция жылдам жүреді:

 

2Fe(OH)2 + H2O→3Fe(OH)3

                                                                     қызыл қоңыр

Алынған темір (III) гидроксидін қыздырғанда, ыдырап темір (III) оксиді түзіледі.

  1. Темір (II) оксидінің химиялық қасиеттерін жазыңдар. Оқушылардың жауабын талдай отырып, білімдерін бағалайды.

Үйге тапсырма: §40. 1-9- жаттығулар. §41. 1-8-жаттығулар және есептер жинағы мен жұмыс дәптерінен тапсырмалар. Өзіндік жұмыс (Ә.Н. бар.)

 

 

 

 

 

 

Күні:                              Сыныбы:

 

47-сабақ. Шойын мен болат

Тақырыпты оқушылардың өзіндік жұмысы ретінде ұйымдастыруға болады.

Темір табиғатта таралуы жөнінде металдардың ішінде алюминийден кейін екінші орында. Темір магнетит, гематит, лимонит, пирит түрінде кездеседі. Темірдің кендері Оңтүстік Қазақстанда, Қостанайда кездесетіні география сабағымен байланыстырылады. Қарағанды металлургия комбинаты, Соколов-Сарыбай, Лисаков және Қашар комбинаттары темір кендерінің концентратымен жұмыс істейді. Соның ішінде Қарағанды металлургия комбинаты шойын және болат өндіретін кәсіпорынның негізгісі.

Шойын деген не, неден тұрады? – деген сұраққа жауап беру үшін қысқаша сызбанұсқаны ұсынған дұрыс:

               4500                                  8000                          7000

Fe2O3                   Fe3O4              FeO                 Fe

                 CO                                       CO                             CO

              темір кенінде                                                                 шойын

 

Шойында:

 
   

 

 

 

 

Үйге тапсырма: §42. 1-6- жаттығулар. Реферат, презентация әзірлеу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

50-сабақ. Органикалық заттардың ерекшеліктері мен маңызы

Сабақтың мақсаты: органикалық қосылыстардың құрамы мен құрылысы жайлы алғашқы ұғым қалыптастыру. Органикалық заттардың бір-бірінен айырмашылығы мен ерекшеліктеріне тоқталып, олардың алуан түрлілігі жайлы мағлұмат беру. Бұрын қалыптасқан химиялық біліктілік пен дағдыны органикалық заттардың құрылымдық формуласын қарастыру мысалында жалғастыру.

Құралдар мен реактивтер: табиғи және синтетикалық заттар үлгілері, сіріңке қышқылы, ацетон, қант, қағаз, балауыз, мұнай, спирт шам, сіріңке.

Сабақтың барысы. I. Жаңа сабақты оқып-үйрену. Сабақты мұғалім бұрын даярлап қойған реактивтерді көрсетуден бастауына болады. Органикалық заттардың кейбір ертедегеі атауларын мысалға келтіреді. Органикалық көптеген синтетикалық заттар жайлы түсінік береді. Көміртек барлық өлі және тірі табиғатты біріктіруші элемент. Сондықтан органикалық заттардың ерекшеліктеріне тоқтала келіп, ның құрамында көміртек атомының негізгі рөл атқаратыны сөз болады. Барлық тірі организмнің денесі көміртек атомдары құрайтын заттардан тұрады. Мысалы, оқушыларға бұрыннан мәлім күн сәулесі әсерімен өсімдіктерде жүретін фотосинтез процесін алайық. Нәтижесінде, көміртек (IV) оксиді мен судан глюкоза C6H12O6 молекуласы түзілмей ме? Оның құрамында көміртектің алты атомы тізбектеле отырып, сутек және оттек атомдарымен байланысады. Ал бейорганикалық заттардың бәрінің құрамын біріктіретін ортақ элемент жоқ. Органикалық заттардың алуан түрлілігі көміртек тізбегінің әртүрлі болуымен қатар, басқа химиялық элементтер қатысуымен де көптеген қосылыстар түзеді. Органикалық заттардың тағы бір ерекшелігі-жанады. Қазіргі кезде органикалық заттардың 18млн-нан астам түрі бар. Онымен қатар дүние жүзі химиктері лабороторияда жылына 30 мыңға жуық органикалық заттар алады. Мұғалім бірнеше органикалық заттың: мұнай, пластмасса, көксағыз (каучук), синтетикалық талшықтар, құрғақ спирт (уротропин) үлгілерін де көрсетуіне болады. Алдын ала тақтаға кейбір заттардың химиялық формулаларын, мысалы: ацетонC3H6O, этил спирті C2H6O, қант C12H22O9, сірке қышқылы C2H4O2, глюкоза C6H12O6,  аскорбин қышқылы C6H8O6 т.б. жазып, сұрақ-жауап әдісін қолдана отырып, сабақты түсіндіреді.

«Осы заттардың молекула құрамында бәріне тән қандай ортақ белгі байқалады? Бұлардың қасиеттері қандай болуы мүмкін?» - деген сұрақтарға оқушылармен бірге отырып жауап іздейді. Мұғалім уртропин, балауыз, спирт шамның жануын көрсетіп: «Не себепті парафин жанғанда түтінденеді? Жану деген не? Оның өнімі қалай аталады?», т.б. сұрақтарға оқушылардың бұрын алған білімдерін олармен бірге отырып талдау арқылы жауап береді.

Көміртек атомының ерекшелігі – олардың бір-бірімен тізбектеліп байланысатындығында және оның құрамында әртүрлі атм топтары (функциялық тобы) қосыла алатынында. Мұғалім енді көміртек атомдарының өзара сызықты, тармақты және тұйық цикл түзетінін ерекше атап өтеді. Оқулықтағы мәліметтерді пайдаланып, органикалық заттардың алуан түрлілігіне назар аударады. Органикалық химия пәні нені оқытады? – деген ойды қалыптастырып, органикалық қосылыстардың адамзат өміріндегі маңызы сөз болады.

  1. Алған білімді бекіту. Сабақ кезінде органикалық химия көміртек қосылыстарының химися деп те аталатынына назар аударып, өткен сабақтан алған білімдері мен күнделікті тұрмыста оқушылар білетін заттар туралы білімдерін тиянақтап, бекіту сұрақтарын даярлайды.

1.XIX ғасырға дейін ғалымдар заттарды қалай топтастырады?

2.Органикалық заттардың ерекшелігі мен маңызы неде?

3.§43. 4-, 5-, 6-жаттығуларды орындатқан жөн.

4.Көміртектің 5 және 6 атомын тіркестіре және тармақтап орналастыру ұсынылады.

Үйге тапсырма. §43. 1-9-жаттығулар. Есептер жинағынан, жұмыс дәптерінен тапсырмалар. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

51-сабақ. Органикалық қосылыстардың химиялық

құрылысы. Изомерлену

 

Сабақтың мақсаты: изомерия және изомерлер жайлы алғашқы мағлұмат беріледі. Бұрын қалыптасқан құрылымдық және электрондық формула органикалық қосылыстар мысалымен одан әрі түсіндіріліп дамытылады.

Құралдар мен реактивтер: пластилин (түрлі түсті), өзектер, анықтама оқулықтары.

Сабақтың барысы. I. Жаңа сабақты қабылдауға дайындық. Үй тапсырмасын тексерген соң, оқушылардың өткен сабақта алған білімдері ауызша және жазбаша тексеріледі.

Оқушылар дәптерлеріне C5H12, C2H6O, C3H8 молекулаларының құрылымдық формуласын құрастырады, атомдардың бір-бірімен байланысуы валенттікке сәйкес екенін көрсетеді. Мұғалім оқушылардың дәптерлеріне төмендегідей қорытынды жаздырады:

1)органикалық заттар, негізінен, көміртек атомдарынан тұрады;

2)органикалық заттар жанады немесе құрамында көміртек бар өнімдерге ыдырайды;

3)органикалық заттар молекуласындағы байланыс- коваленттік полюсті болады.

  1. Жаңа сабақты оқып-үйрену. XIX ғасырда органикалық заттар құрамына кіретін көміртек атомының валенттігін анықтауда түсінбеушілік болды. Мысалы, метанда CH4 көміртек атомы IV валентті, ал қалған формулаларда, мысалы, С2Н4, С2Н2, С3Н8 ол II, I және бөлшек сан болды. Олай болуы мүмкін емес, сондықтан да бейорганикалық химиядағы валенттікті анықтау тәсілін органикалық заттар формуласында басқаша көзқараспен қарастыру қажет болды. Шындығында, органикалық заттардың құрылысында ерекшелік бар: ол көміртек атомының әрқашан IV валентті екенінде және бұл атомдар бір-бірімен көміртек тізбегін түзе байланыса алатынында. Алғашқы сабақтан бастап оқушылар осы ерекшелікті түсініп, көміртек атомының қаңқасынан тұратын құрылымдық формула құрастыра білуі қажет. Органикалық химияның негізгі заңынды, 1861ж. Орыс ғалымы А.М. Бутлеров ұсынған «Органикалық қосылыстардың құрылыс теориясының» басты қағидалары қарастырылады. Оны түсіну үшін метан CH4 мен этанның C2Hқұрылымдық формуласымен қатар, бутан C4H10 молекуласының екі түрлі құрылымы болатыны тақтада көрсетіліп, н-бутан мен изобутанның құрылысындағы, қайнау температурасындағы айырмашылықты талдай келіп «изомерия», «изомерлер» деген жаңа ұғымдар енгізіледі. Пластилиннен масштабты, шарөзекті көмірсутектер молекуласының моделін жасап көрсеткен дұрыс. Оқулықпен жұмыс жасалады. Молекулалық формулалары бірдей екі заттың C2H6O құрылысы мен қасиеттерін қарастырады.

III. Алған білімді бекіту. Оқушылар өзіндік жұмыс орындау арқылы C5H12,  C6H14 молекулаларының изомерлерін құрылымдық формуламен көрсетіп жаттығады. Оқушылардың пәнге қызығушылығын дамыту мақсатында оқулықтағы 47- параграфтың 3-, 4-, 7- жаттығуларын сыныпта орындап, осы тақырыптан алған білімдерін бекітеді.

Диметил эфирімен этил спиртінің қасиеттері неге әртүрлі деген сұраққа жауап береді.

Мұғалім оқушылардың қатысуымен сабақтың мақсатын естеріне салып, оня қорытындылайды.

Үйге тапсырма. §44. 1-7-жаттығулар. Химия есептер мен жаттығулар жинағынан, жұмыс дәптерінен тапсырмалар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

52-сабақ. Органикалық қосылыстардың жіктелуі

Көмірсутектер

 

Сабақтың мақсаты: табиғи органикалық заттардың құрамына көміртек, сутек атомдарынан басқа оттек, азот, күкірт, фосфор атомдары кіретіні туралы түсінік беру. Молекула құрамына жаңа атомның енуіне қарай, олардың қасиеттерінің өзгеруін түсіндіру және көміртек атомдары өзара байланысқанда байланыстың дара, қос, үш еселі болуына сәйкес заттар қасиеттерінің қалай өзгеретіні туралы мағлұмат беру.

Құралдар мен реактивтер: этанның, этиленнцң, ацетилиннің модельдері; пластилин, шырпы, т.б.

Сабақтың барысы. I. Жаңа сабақты қабылдауға дайындық. Мұғалім алдын ала даярлаған сұрақтарына өзіндік жұмыс орындату арқылы, оқушылардың көмірсутектер туралы түсінігін одан әрі дамытқан жөн.

  1. Жаңа сабақты оқып-үйрену. Тақтаға бірнеше формула: CH4, C2H6, C2H2, C2H4, CH3OH, C3H7OH, CH3COOH, C2H5NH2, C2H5NO3, т.б. жазып, әр заттың құрамына қарай отырып, органикалық заттардың жіктелу себебі талданады. Көмірсутектер қаныққан, қанықпаған және ароматты болып бөлінетіні айтылады. Құрылымдық формула жаза білу өткен сабақта алған дағды мен біліктілікке негізделеді. Енді CхHумәнін анықтап және сызбанұсқаларды талдай отырып, сабақ жалғасады.

Әрі қарай көмірсутек атомдарының арасында дара, қос, үш еселі байланыс болуына қарай оның жіктелуіне баса назар аударып, нақты мысалдар келтіре отырып қарастырылады. Мұғалім осы тұста этан, этилен, ацетилен молекулаларының моделін көрсете отырып, оқушылар білімін одан әрі дамытады.

III. Алған білімді бекіту мақсатында мұғалімнің қалауы бойынша бірнеше тапсырма орындатуға болады. Оқушыларға органикалық заттардың шарөзекті моделін жасау ұсынылады. Осы құрастырған заттың құрылымдық формуласын дәптерге сыздырған дұрыс. Бұлардан тағы қандай әртүрлә модель жасауға болатынына оқушылар өздері көз жеткізулері қажет.

Жұмысты екі-екі оқушыдан бірігіп орындауға болады. Ол 10-15 мин-тан артпауы керек. Тақтаға бір оқушы орындаған құрылымдық формуласын жазады да, оны барлық оқушылар талдайды. Төмендегідей сұрақтар тууы мүмкін. Бұл заттардың бәріне ортақ қандай белгі бар? Әр заттың бір-бірінен айырмашылығы неде? Құрамы, құрылысы жайлы не айтасыңдар?

Мұғалімнің көмегімен оқулықтағы 1-4-сұрақтар талданып, сабақ қорытыныланады, оқушылардың алған білімдері бекітіледі.

Үйге тапсырма. §45. 5-9-жаттығулар. Химия есептер мен жаттығулар жинағынан, жұмыс дәптерінен тапсырмалар. 

 

 

 

 

 

53-сабақ. Қаныққан көмірсутектер. Метан. Метан

қатарындағы көмірсутектер(алкандар)туралы түсінік

 

Сабақтың мақсаты: көмірсутектерді жіктеуге сүйене отырып алкан, алкен, алкин, арендер жайлы алғашқы ұғымдарды қалыптастыру. Қанныққан көмірсутектер жайлы жан-жақты түсінікті метан мысалында қалыптастыру және алкандар жайлы білім беру.

Құралдар: метан, этан, этен, пропен, ацетиленніңшарөзекті модельдері. Пластилин.

Сабақтың барысы. I. Жаңа сабақты қабылдауға дайындық. Тақтада бір оқушы бутан C4H10, пентан C5H12, гексан C6H14, молекулаларының изомерлерін жазады. Сұрақ-жауап арқылы органикалық заттардың айрықша белгіленуі, құрылысындағы ерекшелік, көптүрлілігі, изомерия жайлы сөз болады. Оқушылардың берген жауабы мұқият тыңдалып, ортақ қорытынды жасалады.

  1. Жаңа сабақты оқып-үйрену. Жалпы формуласы CхHу болып келетінкөмірсутектер құрылысына байланысты алкандар қатары деп бөлінеді. Көмірсутектің жалпы формуласымен CnH2n+2 таныстырады. Мұғалім органикалық заттар 9-сыныпта қысқаша қарастырылатындықтан, алкандардың жалпы формуласын бермесе де болады.

Оның қарапайым өкілі метан молекуласының тетраэдр тәрізді пішіні сөз болады. Метандағы көміртек сутек атомымен өзара әрекеттескенде, ол қозған күйне ауысады. Сыртқы қабаттағы 4-электрондары ажырап, олардың біреуі үшінші р-электронының бос орбитальінен орын алады. Бұл электорнның орбиталі басқа екі р-электрон орбиталіне перпендикуляр болады. Енді 4 коваленттік электронның барлығы да жалқы, олар 4 химиялық байланыс түзеді, Байланыс арасындағы бұрыш 109028 жасап орналасады. Гибридтенудің мұндай түрі sp3  гибридтену деп аталатынын мұғалім оқушылармен бірге отырып талдайды. Метан молекуласының шарөзекті, масштабты моделін жасап, құрылымдық, электрондық формулаларын тақатаға жазып түсіндіреді. Метанның табиғатта таралуы мен физикалық қасиеттері қысқаша айтылады. Әсіресе бұрын алған білімдерін дамыту мақсатында кез келген газдың ауа және сутек бойынша салыстырмалы тығыздығы, олардың салыстырмалы молекулалық массаларының қатынасына тең екенін еске түсіреді. Метанның ауамен, сутекпен салыстырғандағы тығыздығын табады. Содан кейін химиялық қасиеттеріне тоқталып, жануын, айырылуын және хлортуындыларының  түзілуін олардың аталуы және қолданылуын түсіндіреді. Оқулықпен өзіндік жұмыс істеткен дұрыс. 

III. Алған білімді бекіту үшін бірнеше сұрақтар қоямыз.

  1. Метандағы көміртек пен сутектің массалық үлесін табыңдар.

2.Метан газының ауамен, сутекпен, азотпен салыстырғандағы тығыздығын табыңдар:

                                            Mr(CH4)

                     D(ауа) (CH4) = Mr (ауа)

 

                                            Mr(CH4)

                     DH2 (CH4) =   Mr (H2)

 

                                            Mr(CH4)

                     D(азот) (CH4) = Mr(азот)

 

өрнектеуге сүйеніп, сұраққа жауап қайтарады.

3.Гибридтену негізінде метан молекуласының тетраэдр тәрізді құрылысын түсіндіріңдер.

4.Қарапайым өкілі метанды мысалға ала отырып, қаныққан көмірсутектерге тән химиялық қасиеттерді жазып түсіндіріңдер.

Сабақ қорытындыланып, қысқаша дәптерлеріне конспекті түрінде жазылады. Оқушылар білімі жүйеленіп, үйге тапсырма беріледі.

Үйге тапсырма. §46. 1-9- жаттығулар. §46-47. 1-6- жаттығулар. Есептер жинағынан тапсырмалар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

54-сабақ. Салыстырмалы тығыздығы мен массалық үлесі

бойынша газ тәрізді заттардың молекулалық формуласын анықтау

 

Сабақтың мақсаты: сан есептерін шығаруда оқушылардың бұрын алған білімдерін пайдаланып, газдардың салстырмалы тығыздығы мен массалық үлесі бойынша есептеуді үйрету.

Сабақтың барысы. I. Жаңа сабақты оқып-үйрену. Молекуланың сандық құрылымындағы элементтің массалық үлесіне және белгісіз заттың салыстрмалы тығыздығына сүйеніп, молекулалық формуласын табуға бірнеше мысалдар келтіру арқылы оқушының білімі тиянақталады. Үлгі ретінде бір есептің шығарылу тәсілін ұсынамыз.

 

Атом сандары бүтін сан болу керек, сонықтан  бұл шыққан сандарды (6,25:25) ең кішісіне бөлеміз. Сөйтіп, бүтін сан қатынасы1:4 екенін білдік. Орнына мәнін қойып, формула СН4 метан екеніне көз жеткіздік. Оқушылар өз беттерімен берілген ұқсас есептерді шығаруына болады.

1.Құрамында С 80%, Н 20% болатын белгісіз газдың сутек бойынша тығыздығы 15-ке тең. Көмірсутектің молекулалық формуласын табыңдар.

2.Молекула құрамында көміртектің массалық үлесі 0,857 немесе 85,7 % оның сутекпен салыстырғандағы тығыздығы 21-ге тең. Көмірсутектің молекулалық формуласын табыңдар.

3.Құрамында С85,7% Н 14,3% бар газдың 1л қ.ж.-да 1,25 г/л масса тарататыны белгілі болса, осы заттың молекулалық формуласын табыңдар.

4.Құрамында С 92,3%, Н 7,7% бар көмірсутектің ауамен салыстырғандағы тығыздығы 2,69. Молекулалық формуласын табу қажет.

5.Сутек бойынша тығыздығы 29 болатын, құрамында масса бойынша 82,8% көміртек, 17,2% сутектен тұратын заттың молекулалық формуласын табыңдар.

Үйге тапсырма. §46-47. 5-,6- жаттығу және есептер жинағы мен жұмыс дәптерінен тапсырмалар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

55-сабақ. Қанықпаған көмірсутектер. Этилен

 

Сабақтың мақсаты: көмірсутектердің алуан түрлілігінің бір белгісі-көміртек атомы тізбектерінің ұзындығы әртүрлі болуымен қатар, С-С атомдарының арасында бір және екі еселі байланыстың түзілуі табиғатымен таныстыру. Көміртек атомы тізбегінде сызықтық, тармақталған байланыстар болуымен қатар, еселі байланыстарға қысқаша сипаттама беріледі.

Құралдар: көмірсутектердің шарөзекті модельдері, сызбанұсқалар, пластилин.

Сабақтың барысы. I. Жаңа сабақты қабылдауға дайындық. Оқушылар төмендегідей сұрақтарға жауап береді.

а) қаныққан көмірсутектердің жалпы формуласына СпН2п+2 сүйеніп, 18, 21, 28 көміртек атомдарынан тұратын көмірсутектің формуласын жазыңдар.

ә) 3 моль метан мен 10л этаннан тұратын қоспаны түгел жағу үшін ауаның қандай көлемі (қ.ж.) қажет.

Көмірсутектердің қалған қасиеттеріне қатысты сұрақтар талқыланады.

Жаңа сабақты бастамас бұрын, берілген есепті барлық оқушылар мұғалімнің көмегімен орындайды. Мысалы, белгісіз газдың қ.ж.-да тығыздығы 1,25 г/л. Оның құрамында С85,71%, Н 14,29% болатын көмірсутектің формуласын табыңдар. Осы есепті шығарғанда С2Н4 формуласы шығады. Осы формула жаңа сабақты түсіндіруге бастама болады.

  1. Жаңа сабақты оқып-үйрену. Тақтаға тақырыпты жаздырған соң, қаныққан көмірсутек этан С2Н6 мен есеп шығару арқылы тапқан этилен С2Н4 формулаларының құрамына қарап, қанықпаған көмірсутекке тән С-С арасында дара байланыспен қатар қос байланыс (еселі) деген жаңа ұғымды түсіндіру қажет. С2Н4 этиленнің құрылымдық

                         Н                         Н

формуласын               С = C

                         Н                         Н

 

және ықшамдалған құрылымдық формуласын СН2 = СН2 түсіндіреді, СпН2п қанықпаған көмірсутектің жалпы формуласы. Енді этилен молекуласының құрылысын шарөзекті пішінмен бейнелеуге тапсырмалар беріледі. Кейбір оқушылар пластиленнен этилен молекуласын құрастырады. Этилен алуды, физикалық, химиялық қасиеттерін түсіндіріп, этиленнің қосып алу, гидрлеу, гидротация, полимерлену реакциясына қысқаша тоқталған жөн. Нәтижесінде, түзілетін өнімдердің аттарын атауға үйренткен дұрыс. Этилен мен оның туындыларының қолданылатын жерлерін оқулықпен жұмыс істеу арқылы әрбәр оқушы өзі орындап, қорытындылай алады.

III. Алған білімді бекіту. Мұғалім қаныққан және қанықпаған көмірсутектердің ұқсастығы мен айырмашылығына арналған сұрақтар қою арқылы алған білімді одан әрі дамытады:

а) этиленнің жануы; ә) гидрлену; б) бромсутекті қосып алу реакциясын жазып, түзілген өнімдердің аттарын атаңдар;

в) полимерлер деген сөздің мағынасын түсіндіріңдер;

г) төмендегі айналымдарды іске асыруға болатын тиісті реакция теңдеулерін жазыңдар, өнімдерді атаңдар:

                     С2Н6→С2Н4→С2Н4Сl2

                                   ↓

                                 CO2

ж) көлемі 5,6л, этилен газы қ.ж.-да қанша көлем алады?

Мұғалім оқушылардан сұрақтарға жауап ала отырып, тақырыпты оқып-үйренуде қалыптасқан оқушылардың білімі мен біліктілігін одан әрі дамытады. Оқушының сабақта алған білімін қорытындылап, тапсырма береді.

Мұғалім бутадеин туралы қысқаша ғана түсінік беріп, одан синтетикалық каучук, резеңке алынатынына тоқталады.

Үйге тапсырма. §48. 1-13-жаттығулар. Есептер жинағынан 5-, 6-, 12-есептер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

56-сабақ. Ацетилен және ароматты көмірсутектер,

бензол жайлы түсініктер

 

Сабақтың мақсаты: этиленді, диенді ацетиленді көмірсутектер жайлы оның құрылымдық формуласына сүйене отырып, молекуладағы С-С байланыстары екі (қос) және үш еселі болуымен оқушыларды таныстырып, еселі байланыстар жайлы түсініктерін дамыту.

Құралдар: этилен, бутадиен – 1,3, ацетилен молекулаларының шарөзекті модельдері, пластилин.

Сабақтың барысы. I. Жаңа сабақты қабылдауға дайындық шарөзекті модельдерді пайдаланып: этилен, бутадиен, ацетилен молекулаларын құрастырудан бастауға болады. Мұғалім осы жерде оқушылардың бұрын алған білімдерін дамыта оқытуға мүмкіндік алады. Білім берудің жоспарлы нәтижесін байқайды.

  1. Жаңа сабақты оқып-үйрену. Бір қос байланысы бар алкендерге жалпы формула СпН2п-2 сәйкес болса, үш байланысы бар алкиндерге СпН2п-2 жалпы формуласы тән екнінтүсіндіру қажет. Құрамында үш байланысы бар ең қарапайым көмірсутек – ацетиленнің С2Н2 құрылымдық формуласы қандай екенін оқулықтағы суретті пайдалана отырып, түсіндірген жөн. Ацетиленді алу үшін оқушылар күнделікті құрылыста пайдаланып жүрген карбидті естеріне түсіреді.

Қанықпаған көмірсутек-ацетилен табиғатта кездеспейді оны лабораторияда кальций карбидіне су қосып алады:

     

                        CaC2 + 2HOH = C2H2 + Ca (OH)2

                                                  ацетилен

 

Мұғалімнің қалауы бойынша ацетилен алып, оның түтінденіп жануын көрсетуіне болады.

Ацетиленнің физикалық және химиялық қасиеттеріне (тек жану теңдеуі) тоқталады. Тақатаға үш оқушыны шақырып: а) этанның; ә) этиленнің, б) ацетиленнің жану реакция теңдеулерін жаздырып, теңестіріп, өзіндік жұмыс орындатқан жөн.

Келесі назар аударатын мәселе, қаныққан көмірсутектерден бастама алатын өзгерістерді іске асыруға тапсырмалар орындатқан дұрыс. Мұғалім мұндай тапсырманы даярлау кезінде оқушылардың орындай алатын мүмкіндігін ескергені жөн.

Тапсырма. Төмендегі айналымдарды іске асыруға болатын реакция теңдеулерін жазыңдар, өнімдердің аттарын атаңдар:

а) С→С2Н6→С2Н4→С2Н4Сl

                           ↓

                      C2H5OH

*ә) метан → хлорметан → этан

          ↓

 көміртек (IV) оксиді

Ароматты көмірсутектің өкілі- бензол С6Н6. Молекуладағы көміртек атомы алты мүшелі цикл жасаптұйықталып байланысатындығына оқушылардың назарын аударып, бензол молекуласының моделімен ықшамдалған құрылымдық формуалсымен таныстырып, шарөзекті моделін құрастырады. «Бензол сақинасы» деген ұғымды түсіндіріп, ароматты көмірсутектерге тән жалпы формуласымен  СпН2п-6 таныстырады. Бензолдың таскөмірді кокстегенде түзілетіні және мұндайдан синтездік жолмен алынатыны, физикалық қасиеттері мен қолданылуы сөз болады.

III. Алған білімді бекіту. Жоғарыда берілген деңгейлік тапсырманы аяғына дейін талдай отырып, жаңа сабақты түсіндірудің басатмасы қалыптасады. Уақыт болса мұғалім §52 соңындағы қиындау 6-, 7-, 8- жаттығуларды талдап, түсіндіріп, тапсырма бередіү

Немесе оқушыларды топқа бөліп, төмендегідей тапсырмаларды орындатуға болады:

а) есеп: массасы 13г ацетилен толық жанғанда, қанша көлем (қ.ж.) оттек жұмсалатынын есептеңдер?

ә) броиның ең көп мөлшері ацетиленмен  әрекеттескенде түзілетін өнімнің атын атаңдар;

б) СпН2п+2, СпН2п  жалпы формулалары қандай көмірсутектерге тән;

в) лабороторияда ацетиленді неден алады;

г) этиленнің, ацетиленнің қолданылуын айтып беріңдер.

Үйге тапсырма. §49. 1-3-жаттығулар. §50. 1-5-жаттығулар. Есептер жинағынан тапсырмалар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

57-58-сабақ. Көмірсутектердің табиғи қорлары.

Мұнай, таскөмір, отын

 

Сабақтың мақсаты: табиғатта көмірсутектердің кездесуін пәнаралық байланыс арқылы түсіндіру (биология, география). Мұнай, таскөмір, отын энергетикалық ресрстары жайлы мәлімет беру.

Реактивтер мен құралдар: сызбанұсқа, пластилин, Қазақстанның пайдалы қазбалар картасы.

Сабақтың барысы. I. Жаңа сабақты қабылдауға дайындық. Мұғалім үйге берген тапсырманың орындалуын тексеріп, оған қысқаша талдау жасап, жаңа сабақты бастайды.

Көмірсутектердің табиғи көздері және олардың негізгі энергия қоры химия өнеркәсібі үшін маңызы шикізат екенімен таныстырады.

Оларға табиғи газ, мұнайға серіктес газдар, мұнай мен таскөмір жатады. Табиғи газдың қоры көп. Онда метан 80-90% шамасында болады. Қазақстан-көмірсутектік шикізат қорына бай ел. Мұнай мен мұнай өнімдерін тасымалдау,  экспорттау мен имопрттауға қатысты экономикалық мүдделерді қоғау мақсатында 1997ж. «ҚазтрансОил» ұлттық мұнай тасымалдау компаниясы құрылғаны айтылады.

Осы тақырыпта оқушыларға реферат жаздыруға болады. Бұл арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеті қалыптасып дамиды.

Қорытындылау мақсатында қойылатын сұрақтар география пәнімен пәнаралық байланысты жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

1.Қазақстанның қай аймағы табиғи газга бай екенін картаны пайдаланып айтыңдар.

2.Табиғи көмірсутектер қайда кездеседі?

3.Табиғи газ деген не? Ол қайда қолданылады?

  1. Маңғыстауда қандай кен орындары бар?

Сабақты мұғалімнің қалауымен басқаша өткізуге болады. «Мұнай», «Таскөмір», «Отын». «Отынды тиімді пайдалану» тақырыптарына алдын ала тапсырма беріп, семинар-сабақ немесе конференция –сабақ түрінде өткізуіне де болады.

Үйге тапсырма. §51. 1-4-жаттығулар. §52, 53, 54-тарды оқу. Реферат даярлау. Жұмыс дәптерінен тапсырмалар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

59-сабақ. «Органикалық заттар» тақырыбын

 қорытыныдлауға арналған сұрақтар

 

1-тапсырма. Берілген ұғымдар мен терминдерге түсініктеме беріңдер.

1.Органикалық химия.

2.Изомерия.

  1. Изомерлер.

4.Гомологтар.

5.Электрон бұлттарының гибридтенуі.

6.Сигма және р-байланыстар.

7.Көмірсутектер(-ан, -ен, -ин, -диен, - арен).

8.Жалпы формуласы.

9.Радикал.

10.Полимерлену.

11.Орынбасу.

12.Қосып алу.

13.Мұнай өнімдері.

14.крекинг.

15.Отын оның түрлері.

15.Отынды тиімді жағу деген не?

 

2-тапсырма.Заттардың құрылысы. Көмірсутектер.

  1. А.М. Бутлеров тұжырымдаған органикалық қосылыстардың құрылыс теориясының негізгі қағидаларын айтып беріңдер.
  2. Көмірсутектердің жіктелуін мысалмен түсіндіріңдер.
  3. Алкандардың қандай гомологтарын білесіңдер?
  4. Қанықраған көмірсутектерге қандай қосылыстар жатады?
  5. Бутадиенді көмірсутектерге мысалдар келтіріп, қолданылатын жерлерін айтып беріңдер.

  ▲6. Этилен мен ацетиленнің химиялық қасиеттерінде қандай ұқсастық бар екнін реакция теңдеулерін жазу арқылы дәлелдеңдер.

  ▲7. Бензол молекуласында көміртек атомдары өзара қалай жалғасады? Басқа көмірсутектерден айырмашылығы неде?

  1. Табиғи газдан қандай заттар алуға болады? Олар негізінен қайда қолданылады?
  2. Мұнайдан алынатын қандай заттарды білесіңдер?
  3. Қазақстанда көмір қай жерлерде өндіріледі?

 

3- тапсырма.

     ▲1. Метанның, этанның, бензолдың буларының сутекпен салыстырғандағы тығыздықтары қанша?

    ▲2. Көлемі (қ.ж.) 18л СН4, 3л С2Н2, 5л С3Н8 болатын газдардың қанша зат мөлшері және қандай массасы болатынын есептеңдер.

       ▄ 3. Құрамында 93,75% көміртек, 6,25% сутек бар белгісіз газдың ауамен салыстырғандағы тығыздығы 4,41 болатынын ескере отырып, заттың молекулалық формуласын табыңдар.

       ▄ 4. Көлемі (қ.ж.) 89,6 л метанды толық ыдыратқанда неше грамм күйе алынады?

       ▄ 5. Көлемі 5,6 л этилен (қ.ж.) қанша грамм бромды қосып алады?

         *6 . Төмендегі айналымдарды жүзеге асыруға болатын реакция теңдеулерін жазыңдар. А, Б заттарының атын атаңдар.    

           -H2            -H2              2Cl2

этан             А              Б                       тетрахлорэтан.

 

       ▄ 7.Массасы 3,9 г бензолды толық жағу үшін қанша көлем ауа қажет екенін есептеңдер.

       ▄ 8.а) бутаннан; ә) бутеннен бутадеин – 1,3-ті қалай алуға болады? Химиялық реакция теңдеуін жазыңдар.

       ▄  9. Өзгерістерді іске асыруға болатын реакция теңдеулерін жазыңдар:

 

пропан→пропен→хлорпропан

     ↓                                ↓

көміртек                дихлорпропан

           (IV) оксиді

      *10. Берілген айналымдарға мысалдар келтіріп, реакция теңдеулерін жазыңдар: Қаныққан көмірсутек→қанықпаған көмірсутек→спирт→жай эфир.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ОТТЕКТІ ОРГНАИКАЛЫҚ ҚОСЫЛЫСТАР

 

60-сабақ. Спирттер. Көпатомды спирттер

 

Сабақтың мақсаты: оттекті органикалық қосылыстар жайлы алғашқы ұғымды қалыптастыра отырып, олардың жіктелуімен және кейбір өкілдерімен таныстыру. Олардың негізгі қолданылатын салалары және органикалық заттардың алуан түрлілігі жайлы мағлұмат беру.

Құралдар мен реактивтер: метанол, этанол, этиленгликоль, глицерин молекуласының модельдері мен ерітінділері, сіріңке, спирт шам, кәрлен табақша.

Сабақтың барысы. I. Жаңа сабақты қабылдауға дайындық. Осы сабақты өту барысында көмірсутектерден басқа құрамында оттек атомы болатын жаңа органикалық заттар бар екенін айта келіп, мұғалім «Спирттерді» оқыту үшін алдын ала оқытудың жоспарланған бірнеше тәсілін ұсынады.

Мысалы, шарап спиртін адамдар ертеден-ақ өндіре білген. Сондықтан алдын ала оқушыларға тапсырма беріп, реферат даярлатуға болады. Ол үшін мұғалім осы сабаққа арналған толық жоспар құрады да, соны оқушылармен бірге талдайды.

Спирттердің қолданылуы, жіктелуі, алыну жолы мен химиялық қөасиеттері қысқаша түсіндіріледі.

Спирттердің құрылымдық формуласын қарастырғанда бір-, екі- жәнеүшатомды спирттердің де бар екені жайлы да түсінік беріледі. Этиленгликоль мен глицериннің қолданылатын салаларын түсіндіре отырып, оқушылардың біртіндеп санның сапаға ауысу заңдылығын ұғынуына мүмкіндік туғызады. Басқа да оқыту әдісін пайдалану мұғалімнің іскерлігіне байланысты.

Тәжірибе. Әртүрлі спирттер жанғанда көп жылу бөлінеді, бірақ жанған кездегі олардың бір-бірінен айырмашылықтары да бар екені тәжірибе арқылы дәлелденеді.

Себебі метил, этил спирттері көгілдір жалынмен лезде жанып кетеді. Ал басқа ауыр спирттер жарқыраған жалынмен жанады, жанып кеткен соң кәрлен (фарфор) табақшада қара дақ қалатынына тәжірибе арқылы көз жеткізіледі. Оқушыларға оның себебін түсіндіру қажет. Спирттердің суда ерігіштігі де әртүрлі. Ол жоғары сыныптарда оқылады. Сондықтан көпатомды этиленгликоль мен глицериннің құрылымдық формуласы мен қолданылуын айтумен шектеледі.

III. Бөлімде оқушылар алған білімді бекіту  мақсатында мұғалім тақырыптың соңындағы жаттығудың кейбіреулерін сыныпта оқушылармен бірге талдайды. Немесе қалыптасқан білім дағдысын және жаңадан өткен сабақты дамыту мақсатында 5-10 минуттық тексеру жұмысын ұйымдастыруына да болады.

 

 

I нұсқа

II нұсқа

▲1. Этанолдың молекулалық, құрылымдық формуласын жазыңдар

2. Бірінші сұрақтағы аты аталған заттың жітелуін, қолданылуын айтыңдар.

▄ 3. Берілген теңдеулерді аяқтаңдар:

а) CH4 + O2

ә) C2H4 + O2

б) C2H2 тримерлену

түзілген өнімдердің аттарын атаңдар

▲1. Метанолдың молекулалық және құрылымдық формуласын құрыңдар

▲2. Бірінші сұрақта аты аталған заттың молярлық массасын табыңдар

▄ 3. Берілген теңдеулерді аяқтаңдар:

а) C2H6 + O2

ә) C2H4 + HBr →

б) түзілген өнімнің аттарын атаңдар

Оқулықтан §55. 10-жаттығуды орындаңдар.

  • 56. 11-жаттығуды орындаңдар.

Мұғалім өз қалауымен сабақты қорытындылаудың басқа әдістерін ұсынуына болады.

Үйге тапсырма. §54. 1-12-жаттығулар. §55. 1-, 3- жаттығулар.  Есептер жинағы мен жұмыс дәптерінен тапсырмалар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

61-сабақ. Карбон қышқылдары

 

Сабақтың мақсаты: оттекті органикалық қосылыстар алуан түрлі болғандықтан, оларды бір-бірінен ажырата білу үшін функционалдық топтардың маңызы жайлы түсінікті одан әрі жалғастыру қажет.

Күнделікті өмірмен байланыстырып, карбон қышқылдарының қарапайым өкілдері – құмырсқа және сірке қышқылдарының құрамы мен құрылысы туралы мағлұмат беру.

Құралдар мен реактивтер: метал Mg, NaOH, Na2CO3, CaO, C2H5OH концентрациялы H2SO4 70%-тік және 5%- тік сірке қышқылының ерітінділері, сприт шам, сынауық ұстағыш, суытқыш түтігі, т.б.

Сабақтың барысы. I. Жаңа сабақты қабылдауға дайындық.

1-оқушы. Өткен сабақта алған біліміді бекітуге берілген 5-10мин-тық тексеру жұмысының I нұсқасындағы 4 сұрақтың өз қалауы бойынша екеуін орндайды.

2-оқушы. I, II, III атомды спирттердің аттарын атап, формуласын жазып, әрқайсысының молярлық массасын табуына болады.

3-оқушы.Этанолдың жануын реакция теңдеулерін жазу арқылы түсіндіреді.

Осы кезде қалған оқушылармен бірге отырып, тақырып соңындағы жаттығуды ауызша талдап, мұғалім өткен сабақта алған білімді одан әрі дамытады.

  1. Жаңа сабақты оқып-үйрену. Мұғалім тірек білімді пайдалана отырып, -

                    O                O

OH;   – C            ; - C 

                    H               OH           

функционалдық топтары бар заттардың оқушыларға таныскластарын атауға мүмкіндік жасайды. Піспеген жеміс-жидектерде, қымыздықта, қымызды, лимонда қандай дәм болатынын естеріне сала отырып, органикалық заттардың да ішінде қышқылдар бар екніне назар аударған жөн. Күнделікті тұрмыста қолданылып жүрген құмырсқа және сірке қышқылымен таныстырады. Тәжірибелер көрсетеді, индикаторға әсерін байқай отырып, бейорганикалық қышқылдарға ұқсастығы мен айырмашылығын талдап түсіндіреді. Оқулықта берілген сірке қышқылының химиялық қасиеттерін тәжірибе арқылы оқушыларға көрсетуге болады.Ол үшін мұғалім уақытты тиімді пайдаланып, сұрақ-жауапты жоспарлы түрде алдын ала даярлап алуы қажет.

      Сірке қышқылының қолданылуын оқулықты пайдалану арқылы өзіндік жұмыс ретінде орындайды.

III. Алған білімді бекіту. Оқулықтағы §60. 1-8-жаттығуларды ауызша және жазбаша екі немесе үш топқа бөліп, орындату арқылы сабақ қортындыланады.

Үйге тапсырма. §57. 1-8-жаттығулар. Химия мен жаттығулар жинағынан, жұмыс дәптерінен тапсырмалар.

62-сабақ. Күрделі эфирлер мен майлар. Сабын және синтетикалық жуғыш заттар. Генетикалық байланыстар жайлы ұғым.

 

Сабақтың мақсаты: гүлдерде, жеміс-жидектерде болатын хош иісті еске түсіре отырып, олардың күрделі эфирлерге жататыны туралы мағлұмат беріледі. Жоғары молекулалы карбон қышқылдарының эфирлері, сабын және синтетикалық жуғыш заттар туралы ұғыммен таныстыру қажет.

Құралдар мен реактивтер: Сірке, стеарин қышқылы, натрий сілтісі, концентрациялы тұз қышқылы, сабындар. Синтетикалық жуғыш заттар.

Сабақтың барысы. I. Жаңа сабақты қабылдауға дайындық. Барлық сынып оқушыларымен өткен сабақта алған білімнің практикалық мәні неде екенін айта келіп, карбон қышқылдарына тән кейбір химиялық қасиеттеріне тоқталады. Соның ішінде күрделі эфир алу реакциясына (этерификация) ерекше назар аударған жөн.

  1. Жаңа сабақты оқып-үйрену. Осы тақырып тек күрделі эфирлер мен майлар жайлы мағлұмат беруге арналғандықтан, күнделікті өмірмен байланысы айтылады. Оқулықтағы «Кейбір тағамдардың құрамы» деген кестеде биолгоия курсынан жақсы таныс мәліметтер келтірілген, сыныптағы оқушылармен оны талдап, өздері білетін басқа да мәліметтерді естеріне түсіруге болады.

Май-биологиялық отын, жан-жануарлар үшін энергия көзі екендігіне тоқтала отырып, майлар, көмірсулар, нәруыздар жайлы сөз қозғайды. Сұрақтар қоя отырып, күнделікті тұрмыста қолданып жүрген майлар жайлы түсінік толықтырылады.

  1. Қандай май тез балқиды?
  2. Майлар суда ери ме?
  3. Адам қандай майды пайдаланады?
  4. Май бұзыла ма?
  5. Майдың құрамы қандай?

Жоғары молекулалы карбон қышқылдарына тоқтала отырып, ішіндегі маңыздысы стеарин қышқылының С17Н35СООН формуласын жазып, оның маңызын түсіндіреді. Ал сабын дегеніміз – натрий сереаты. Сабын алуды қазақ халқы ертеден – ақ білген, қазіргі ғылымның  дамуы мұнай өнімдерін тотықтырып, жоғары молекулалы карбонқышқылдарынан сабын алудың мүмкіндігіне жол ашты. Осы сабақ барысында оқулықпен өзіндік жұмыс жасату арқылы §62, 1-7-жаттығуларды талдап, білімді бекітуге болады. Ол көбінесе оқушының шығармашылық дамуын қалыптастырады, өз бетінше білім алудың қажеттігіне көз жеткізеді. Мұндай сабақтың мәні зор.

Үйге тапсырма. §58. 1-10-жаттығулар. §59-60. 1-7-жаттығулар. Есептер жинағынан, жұмыс дәптерінен тапсырмалар.

 

 

 

 

 

63-сабақ. Көмірсулар

 

         Сабақтың мақсаты: көмірсулардың табиғатта таралуы, жіктелуі ен организмдегі биологиялық маңызын түсіндіру. Пәнаралық байланысты іске асырып, оқушылардың көмірсулар туралы мағлұматын кеңейту.

         Құралдар мен реактивтер: қатты күйдегі глюкоза, сахароза, крахмал, мақта  және глюкоза, сахароза ерітінділері.

         Сабақтың барысы. I. Жаңа сабақты оқып-үйрену. Бұл сабақты мұғалім түрлі тәсілдермен өткізуіне болады. Соның бірі-ең қарапайым көмірсулар өкілі глюкозаның құрамын айта келіп, С6Н12О6- да көміртектің массалық үлесі 40% ал оттек 53,3% екеніне, яғни оттекті органикалық қосылыстарда оттектің үлесі болаынына тағы да оқушылардың назарын аударуға болады.

    Екінші тәсіл бірден глюкозаның массалық үлесіне сүйеніп, есеп шығарады. Салыстырмалы молекулалық массасы 180, құрамында С - 40%, Н – 6,7%, О-53,3% заттың молекулалық формуласын табуға болады. Осы есептеуден кейін формула С6Н12О6 екеіне оқушылар көз жеткізеді. Одан әрі қарай басқа күрделі көмірссулармен танысу жалғасын табады. Глюкоза, сахароза, крахмалдың құрамын салыстыра отырып, оқушылар көмірсулардың құрамындағы ұқсастық пен айырмашылығына көңіл аударады. Оқулықта берілген материалды өз беттерінше оқып-үйренеді немесе мұғалімнің баяндауына көңіл аудара отырып түсінеді.

       Глюкоза, сахароза, крахмал тамақ өнеркәсібінде маңызды рөл атқаратыны айтылады. Қысқаша реферат даярлауға да болады. Себебі бұл аталған көмірсулар оқушыларға биология курсынан жақсы таныс.

  1. Алған білімді бекіту үшін 5-10 мин-тық тапсырма беруге болады.

I нұсқа. 1.сахарозаның молекуласындағы оттектік массалық үлесін есептеңдер.

  1. Көмірсулардың табиғатта таралуын айтып беріңдер.

II нұсқа. 1. Мына айналымдарды іске асыруға болатын реакция теңдеулерін жазыңдар:

Этилен→этил спирті→сірке қышқылы→сіркеэтил

                                            эфирі.

  1. Крахмалды, целлюлозаны табиғатта неден алады?

III нұсқа. Сахарозаның молекуласындағы көміртектің массалық үлесін есептеңдер:

  • Көмірсулардың жіктелуін айтып беріңдер.
  • Глюкоза, сахароза, крахмал, целлюлозаның физикалық қасиеттерін жеке-жеке сипаттаңдар, табиғатта таралуын айтып беріңдер;
  • Көмірсулар қандай мақсатқа қаолданылады?

Үйге тапсырма. §61. 1-14- жаттығулар. Жұмыс дәптерінен, есептер

жинағынан тапсырмалар.

 

 

 

64-сабақ. Аминқышқылдары. Нәруыздар (белоктар)

 

         Сабақтың мақсаты: азотты органикалық қосылыстардың өкілдерімен танысу арқылы оқушылардың оқушылардың органикалық заттар жайлы алған теориялық білімдерін одан әре дамыту. Аминдердің құрылымдық формуласын оқып-үйренумен қатар, жаңа функционалдық топ - NH2 жайлы мағлұмат алу.

      Құралдар мен реактивтер: аминдер молекуласын құрайтын атом модельдері.

     Сабақтың барысы. I. Өткен сабақты еске түсіру. Үй тапсырмасын тесеру барысында §64, 7-12- жаттығуларды қарастырып, қосымша сұрақтар қояды. Барлық сынып оқушыларымен әуелі қиын жаттығуларды талдайды. Оқулықтағы сәйкес кестені қарай отырып, тағамның негізгі құрам бөліктерінің калориялығының әртүрлі екеніне көз жеткізеді.

  1. Жаңа сабақты оқып-үйренуде көңіл аударатын мәселеге организмде майлар тотыққанда бөлінетін энергияның мөлшері көмірсулар мен нәруыздар тотыққанда бөлінетін энергиядан екі еседей көп екенін еске сала отырып, құрамында төрт элемент С,Н,О,N бар органикалық қосылыстардың қарапайым өкілінің бірі- аминсірке қышқылымен H2N-CH2- COOH танысады. Оның нәруыздың құрамына кіретіні, қолданылуы, қысқаша айтылады. Одан әрі оқушылардың биологиядан алған нәруыз жайлы тірек білімдеріне сүйене отырып, мұғалім қалғанын баяндайды. Түрлі сұрақтарға жауап береді.

       III. бөлім. Осы сабақта §65 аяғында берілген 1-10-жаттығуларды талдап, алған білімді бекітуге болады. Мұғалімнің қалауымен сабақты өткізу әдісі тағы да басқа орындалуы мүмкін.

      Үйге тапсырма. §62. 1-10-жаттығулар. Есептер жинағынан және жұмыс дәптерінен тапсырмалар.

 

 


Viewing all articles
Browse latest Browse all 130

Trending Articles



<script src="https://jsc.adskeeper.com/r/s/rssing.com.1596347.js" async> </script>