Quantcast
Channel: Химия - Қазақстан ұстаздарына арналған - Әдістемелік-ақпараттық сайт sabaqtar.kz
Viewing all articles
Browse latest Browse all 130

Химиялық ыдыстарды таныстыру

$
0
0

Тақырып: Химиялық ыдыстарды таныстыру

Сабақтың өту мақсаты:

Білімділік: Химиялық ыдыстардың түрлерімен таныстыру, пайдалану жолдарын түсіндіру 

Тәрбиелік: студентті дәлдікке, ұқыптылыққа, шыдамдылыққа, ұжыммен, топпен жұмыс жасауға, өз тобының білімі  мен жауапкершілігін күшейтуге тәрбиелеу

Дамытушылық: студенттердің ойлау жылдамдығын дамыту

Сабақтың көрнекілігі:  слайд суреттері, видео материал

Сабақ өткізудің әдісі: біріккен сабақ

Өтетін орны: зертхана цехы

 

                                   Сабақтың өту барысы

      I .Кіріспе нұсқау: (8.30-9.15)- 45 мин

  1. Ұйымдастыру бөлімі (3 мин)

     1.1 Топ студенттерімен амандасу, сабақ тақырыбымен, мақсаттарымен               

таныстыру.Сабаққа дайындығын тексеру.

     1.2 Сабақты өткізу тәртібі мен жүрісін түсіндіру кезеңі, кезекшілерді белгілеу

         (қажет болған жағдайда)

     1.3 Жұмыс орыны бойынша орналастыру ( қажет болған жағдайда)

  2.Үй тапсырмасын сұрау : ( 10 минут)

  1. Зертханадағы жұмыс тәртібі қандай?
  2.     Зертханада орындайтын сақтық шаралары?

            3.Жаңа сабақты түсіндіру:(25 минут)

Сабақ жоспары:

    Химиялық ыдыстарды  таныстыру

  1. Химиялық ыдыстардың түрлері
  2. Химиялық ыдыстарды пайдалану тәртібі
  3. Қыздыру аспаптары
  4. Улы және өткір иісті заттармен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері.
  5. Жаңа сабақты пысықтау сұрақтары:(5 минут)

      1.Химиялық тәжірибелерді жүргізу үшін қандай ыдыстарды қолданады?

  1. Сұйық көлемін өлшеу үшін қолданылатын ыдыстарды ата?

      3.Химиялық ыдыстарды және оларды пайдалану тәртіптері?

    4.Қыздыру аспаптарының атқаратын қызметі?

    5.Химиялық ыдыстарды пайдалану кезіндегі техника қауіпсіздік ережелері?

    5.Бағалау:(2 минут)

        Қорытынды нұсқау:

1.Бағалау (ағымдағы  нұсқауға қорытындысы бойынша)

2.Үйге тапсырма (оқулық аты, авторы, беті) Мұнай мен газдың өңдеудің химиясы және  

технологиясы Т. Омарәлиев I том (4 -8 бет) Химиялық ыдыстарды таныстыру

  

Өндірістік оқыту шебері:                                   Г.Журалиева

 

Химиялық ыдыстар және оларды пайдалану тәртібі

     Химиялық тәжірибелерді жүргізу үшін жұқа шыныдан жасалған ыдыстар қолданылады, мұндай шыны температураның өзгерісіне төзімді. Көбірек қолданылатын ыдыстарға шыны пробиркалар, стакандар, колбалар, конус тәрізді және вюрц колбасы жатады. Шыны ыдыстарға кристаллизатор, түрлі сүзгілер, сағат шынысы, аллонж жатады. Фарфор ыдыстан табақшалар, тигельдер қолданылады.

     Жұмыс кезінде ыдыстарды бекіту үшін сақиналары және ұстатқышы бар штативтер

қолданылады. Шыны ыдыстарды қыздырғанда, оларды асбест жабылған металл торларға қояды. Шыны ыдыстардың алдымен бойын қыздырып алу керек, пробирканың қыздыруы ұзаққа созылмаса, ұстатқышты қолданады. Фарфор тигелде затты күшті қыздыру үшін сымнан жасалған фарфор түтікшелері бар үш бұрыш қолданылады. Қатты заттарды ұсату үшін қалың қабырғалы фарфор ыдыс, келі қолданылады. Сұйықтық көлемін өлшеу үшін өлшеуіш ыдыстар: колба, цилиндр және мензуркалар пайдаланылады. Өлшеуіш колбалардың мойнында белгісі бар, олардың көлемі әр түрлі 2л., 1л., 500мл.,250мл., 200мл., 100мл., 50мл., 25мл. болуы мүмкін. Сұйықтықтың белгілі көлемін өлшеп алу үшін пипеткалар қолданылады.

 

  Пробиркалар – бұл ыдыстың ішіндегі ең көбірек  қолданылатыны әр түрлі пішінді, әртүрлі материалдан дайындалған ыдысты айтады. 

   Олар цилиндр тәрізді, түбі доғалданған, әртүрлі көлемді, әртүрлі шынылардан дайындалған түтіктер. Лабораториялық пробиркаларды жеңіл балқитын шынылардан дайындайды. Бірақта жоғары температурада қолданылатын пробиркаларды қиын балқитын немесе кварцтан дайындайды.

Қарапайым пробиркалардан басқа градуспен белгіленген центрифугаға арналған пробиркалар бар. Пробиркалар сапалы реакцияларда, өте терең микро анализдерге пайдаланылады. Пробиркаларда реакция құю үшін реактивтерді аз мөлшерде алынған жөн. Оларда аз мөлшерде сұйқтықты қайнатуға  болады. Тек оның жоғарғы жағынан ұстағышпен ұстау керек. Сұйықты қыздыруды жоғарғы жағынан ұстағышпен ұстау керек.

Пробиркалармен  жұмыс жасаған кезде штативтер қолданады.

Штативтердің түрлері: ағашты, пласмасты, металды   

Пробиркаларды жууға арналған ершиктер қолданады

Воронкалар – сұйықтарды  құю және сүзу үшін қажет. Химиялық воронкалар әртүрлі көлемде шығарылады. Химиялық воронкалр әртүрлі көлемде шығарыады. Олардың жоғары ауызғы диаметрі 35, 55, 70, 100, 150, 200, 250 және 300 мм болады.  Кәдімгі воронкалардың ішкі қабаты тегіс болып келеді. Егер үуі ддату керек болса, онда ішкі қабаты бұлдырланған воронкаларды қолданылады. Сүзу үшін қолданылатын воронкалардың  45°С бұрышы болады және қисайта кесілген түтікшемен аяқталады.

Бөлгіш воронкалар  - өзара араласпайтын сұйықтарды (мысалы, май мен суды) ажырату үшін қолданылады. Олар цилидр немесе груша тәрізді, көпшілігі тығыздалып жабылатын тығынмен қамтамасызетілген. Трубканың жоғары жағында шыны ран бар.  Олардың сыйымдылықтары әртүрлі, соған байланысты қабырғаларының қалыңдықтары да әртүрлі болып келеді. Неғұрлым сыйымдылығы аз болса, оғұрлым қабырғалары жұқа болады.  

Химиялық стакандар  - әртүрлі сыйымдылығы (50 – 2000 мл) қабырғасы жұқацилиндр тәрізді ыдыстар. Ола аласа, биік тұмсықты, тұмсықсыз болып келеді. Сондай – ақ шкалалы конус қабырғалы стакандар бар. Оларды химиялық реакцияларда, препарат дайындау жұмыстарында қолданылады. 

Кәдімгі шынылардан дайындалған стакандарды жалаң отқа қыздырғанда олар сынып кетеді. Сондықтан олардағы сұйықты қыздыру үшін газға немесе электр плиткаларында асбестенген торша арқылы қыздырады. Су банналарында қыздыруға болады. Стаканды плитаға қояр алдында оның сыртындағы ылғалды орамалмен мұқият сүрту керек.

 

Колбалар  -  олар шар және конус тәрізді болып келеді, сыйымдылықтары 50 мл – 10 литрге дейін, шлифті және шлифсіз түрлері болады. Колбаларды химиялық реакцияларды титрлеуге, препараттар дайындауға т.б лабораториялық жұмыстарға пайдаланылады. Колбадағы сұйықты  стакан сияқты қыздырады. Ыстыққа төзімді шыныдан жасалған колбаларды ашық отқа қоюға болады.

 

Кристаллизатор -  қабырғалары жұқа, түбі жадағай, сыйымдылығы мен бетінің диаметрі әртүрлі шыны ыдыс. Оны заттарды кристалдау және буландыру үшін қолданылады. Кристализаторды су баниясында ғана қыздыруға болады.

 

Тоңазытқыштар – қайта қуу аппарттарындағы қайнаған судың буын конденсациялау үшін қолданылады. Суытылған су буы дайын ыдысқа немесе қайта сол қайнатылған ыдысқа жинақталады. Осыған байланысты олардың пішіні мен аттары әртүрлі болады. Дайын ыдысқа конденсатты жинау үшін пайдаланылатын тоңазытқыш түзу тоңазытқыш деп, ал конденсат қайта қайнатылған ыдысқа жинау үшін пайдаланатын кері тоңазытқыш деп аталады.

 

Жуғыштар  - ыдыстарды жуу үшін бейімделеген аспап. Олардың сыйымдылығы 0,5 – 2л колбалардан дайындайды. Полиэтиленнен жасалған жуғыштар қолайлы, бірақ оларды ертінділерге қолдануға болмайды

Өлшегіш цилиндрлер – қалың қабырғалы, қабырғасының сыртында көлемді мл мөлшерінде көрсететін бөлік белгілері бар ұзынша келген шыны ыдыс.

Тамшылатқыш – сұйықты тамшы арқылы қолдануға арналған, науалы шыны тығыны бар, одан сұйық тек тамшылап қана ағатын қолданылатын шыны приборлар. Олар бу арқылы түзілетін тамшыларды ұстап жинау үшін қолданылады.

Өлшегіш колба- аналитикалық жұмыстарды атқарған кезде ертінділерді дәл өлшеп дайындайтын колбалар. Өлшегіш колбалардың түрлері: шлифті, шлифсіз әртүрлі көлемде болады (25-1000 мл)

        Бюретка лабораторияда сұйықты, газды титрлеуге және олардың көлемін дәл өлшеуге арналған арнайы шыны түтіктер. Бюретканың сыйымдылық өлшемін көрсететін бөлшектенген бөлігі 10 -25, 50 – 100 мл болады. Оны толтыру үшін қолданылатын және сұйықтың деңгейін нольге келтіретін арнайы құралдар бар.

       Пипеткалар – сұйықтың белгілі бір діл мөлшерін анықтау үшін қолданылады. Олар сұйықтың және газдың мөлшерін анықтайтын пипеткалар болып бөлінеді.

Кәдімгі пипеткалар – ортасында кеңейтілген жері бар, диаметрі онша үлкен емес шыны түтікше. Оның төмен ұшы сүйірленген, диаметрі 1 мм – ге жуық.

Сыйымдылығы 1 – 10 мл болатын, шлифті тығынды немесе тығынсыз автоматты пипеткалар да қолданылады.  Оларды әрбір 0,01мл-ге тең бөліктерге бөліп белгілейді.

Пипеткаларды пайдаланар алдында қолданылатын сақтық шаралары:

  1. пипетка сұйықты аларда оны тік ұстау керек.
  2. сұйықтың төменгі меникасын елгімен салыстырғанда оператордың көзі сол сызықтың деңгейінде болуы шарт.

 

Келі түйгіш – қалың қабырғалы, дөңгелек, тұмсықты ыдыс. Ішкі беті глазурсыз, кедір бұдыр. Қатты заттарды, биологиялық ұнтақ заттарды ұстауға және араластыруға қолданылады.

Электрлі кептіргіш- Жуылған лабораториялық ыдыстарды кептіруге арналған кептіргіш. (колбалар, химиялық стакандар т.б.)

Бюкс - зертханалық ыдыс түрі, көп белгілі уақыт аралығында дымқылдың сақталуына кепі береді.

Ареометр - сұйықтың тығыздығы мен сыбағалы салмағын өлшейтін шыны аспап

Химиялық ыдыстарды ұстауға арналған құрылғы. Ұстағышты көбіне ысытуда пештерден ыстық заттарды алуға арналған.

Эксикатор  - жуылған ыдысты ерекше тазалықта ұстау керек болғанда ұсақ шыны ыдыстарды эксикаторда кептіруге болады. Судың буын жақсы сіңіретін силикагел мен толтырылған вакуум – эксикаторларлы пайдаланған жақсы. Эксикаторға суды сіңіретін қатты заттарды салады. Күкірт қышқылын салуға болмайды.

Қыздыру үшін зертханада әр түрлі аспаптар қолданылады: спирт шамы, газ жанарғы,

электрплиталары және т.б. Спирт шамы әдетте шыныдан жасалған қақпағы бар ыдыс.

Оларға денатурат-спирт құйылады және білтесі болады. Шамның жалыны онша ыстық емес,спирт ұшпас үшін жұмыс біткеннен соң спирт шамын қақпағымен жабу керек.

Егер ұзақ қыздыру керек болса шамамен 100-3000С аралығында «монша» деп

аталатын жылытқыш құралдар қолданылады: су және құм жылытқышы т.б. Су жылытқышы металдан жасалған ыдыс (темірден немесе мыстан ) бірнеше дөңгелек қақпақтары бар, оларды бірінің үстіне бірін жабады. Су жылытқышын пайдаланғанда оны 2/3 бөлігіне дейін сумен толтырады да қыздырады, қайнатады, суы бітпегенін қадағалау керек. Құм жылытқышында табақ тәрізді ыдысқа тазартылған құм салынып, қыздырылады. 600-10000 С температураға дейін қыздыру үшін муфель пештерін қолданады.

 

 

 

Улы және өткір иісті заттармен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері. 

Зертханалық жұмыстарды орындауда еріткіштермен (бензол, толуол, фенол, анилин т.б.), сонымен қатар сынаппен, броммен және басқа да улы заттар, қышқылдар мен сілтілермен жұмыс жасау қажет болады. Олармен жұмыс жасау кезінде немқұрайлы қарау улануға, күюге әкеліп соқтырады. Бұл жағдай болмас үшін, төмендегі ережелерді есте сақтау қажет:

  1. Улы заттар мен еріткіштермен жасалатын жұмыстар тартпа шкафтын (вытяжной шкаф) астында орындалуы керек. Олардың теріге тиюі кезінде сол уақытта оны сипртпен, содан кейін сумен жуу қкерек.
  2. Улы заттар мен еріткіштерді абайлап, шашыратпай құю керек. Оларды құяты ыдыстың астына противень қою керек.
  3. Зиянды заттарды (соның ішінде мұнай өнімдері) пипеткамен алу груша немесе баллон көмегімен алу керек, оларды жалаң қолмен алуға болмайды.
  4. Әсері күшті заттарды сейфте сақтау қажет, оларды акт бойынша алу, қабылдау, тізімнен шығару жұмыстарын қатаң қадағалау керек.

5.Зертханада қолданылатын заттардың дәмін, иісін байқап көруге болмайды. Реактивтердің иісін тек қолды алыстан сілтеу арқылы байқауға болады. 

  1. Қышқыл, сілтілері бар ыдысты түбінен ұстау керек.
  2. Сынапты приборларды темір проитвеньге орналастыру керек. Егер де термометр сынған жағдайда ішіндегі сынапты күкіртпен себелеу керек, оған калий пермангатының ерітіндісін құю керек.
  3. Пайдаланылған улы заттар, қышқылдар мен ерітінділерді, мұнай өнімдерін раковинаға төкпей, оны арнайы ыдыстарға ағызу керек.

 

 ТОЛЫҚ КӨШІРУ

     ЖҮКТЕУ


Viewing all articles
Browse latest Browse all 130

Trending Articles



<script src="https://jsc.adskeeper.com/r/s/rssing.com.1596347.js" async> </script>