Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы № 21 орта мектеп
химия және биология пәні мұғалімі Шамуратов Қайрат Жумадурдыевич.
Сабақтың тақырыбы |
§36. Алюминий және оның маңызды қосылыстарының биологиялық және экологиялық рөлі
|
Сабақтың мақсаты |
Екідайлы элементтер жайлы алған білімді одан әрі дамыту. Жай заттардың химиялық қасиеттерін реакция теңдеулері арқылы сипаттау. Екідайлы элементтер қосылыстарының химиялық қасиеттеріне сәйкес реакция теңдеулерін жаза отырып бұрын алған білімдерін дамыту. |
Міндеттері |
Тақырып бойынша оқушы пікірі мен көзқарасын дамыту. Нақты тұжырым жасап, дәлелдей алуы. Сын тұрғысынан ойлай білуі |
Сілтеме |
Химия 9 сынып, Yotube, google |
Оқыту нәтіжесі |
Оқушылар шығармашылықпен жұмыс істеуге, өз ойларын ашып дәлелді сөйлеуге үйренді. Тақырыптағы ерекшеліктерді дәлелдей алды, ұтымды тұжырымдады. Сыни қөзқараспен ойлады |
Негігі идеялар |
Тақырып аясында сын тұрғысынан ойлап, түрлі жағдаятқа сәйкес өз пікірін еркін айтуына пікірталасқа түсүіне жағдай жасай отырып оқыту, Блум таксономиясы, ББҮ-стратегиясы, СТО стратегиялары. |
Тапсырмалар |
Бір - бірін оқыту, негізгі мазмұнды ашу, тұжырым жасау, өздері оқу, қорғау |
Кейінгі тапсырма-лар |
Қайталап оқу, тест, химиялық диктант, эссе, реферат, сөзжұмбақтар құрастыру |
Жүргізілетін жұмысым
Уақыты |
Мұғалімнің іс - әрекеті |
Оқушының іс - әрекеті |
2 мин |
Сыныппен сәлемдесу. Топқа бөліну. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын ояту. Өзімнің орындауымда бір шұмақ ән. «Құстар» |
Амандасады.Топқа бөлінеді.Оқушылар әріне білетін болса, менімен бірге әндетіп, сабаққа деген белсенділіктерін білдіреді |
1мин |
Сабақ басталмас бұрын топтарға «Бағалау бетшесін» тарату. Мұнда сынып төрт топқа бөлінді, топ басшылары топ мүшелерін бағалайды, дискрипторлар таратылды |
Оқушылар берілген дискрипторлар бойынша қаншалықты деңгейде орындағанын түсінеді |
5мин
10мин |
I.Білу «Ой қозғау» (топтық жұмыс). 1. Неге жаңбыр суы жұмсақ, ал өзен суы кермек болып келеді? 2. Үй жағдайында судың кермектігін қалай кетіруге болады? 3. Шәйнектегі карбонаттық қақты қалай жоюға болады? 4. Периодтық жүйедегі орнына сай алюминийге сипаттама беріңдер. Алюминийдің физикалық және химиялық қасиеттерін сипаттаңдар. 5. Ас содасын, әк суын және қышқыл немесе ашыған сүт өнімдерін алюминий ыдыста ұзақ сақтауға бола ма? Жауаптарыңды дәлелдеңдер. Жаттығулар 1. Массасы 2,3г натрийді 100г суда еріткенде алынған натрий сілтісінің массалық үлесін есептеңдер 2. Құрамында 20% қоспасы бар массасы 200г ізбестасынан көмірқышқыл газының қандай көлемін алуға болады? |
Өқушылар өз-ой пікірлерін айтады, дәлелдейді, нақты мысалдар келтіреді. |
8 мин
2 мин |
II. Түсіну «Түсіндір» Топтық жұмыс (шығармашылық тапсырма) 1 топ – Атом құрылысы. Физикалық қасиеттері. 2 топ - Химиялық қасиеттері 3 топ - Өнеркәсіпте алынуы 4 топ – Қолданылуы
Видео-көрсетілім |
Оқушылар жұптаса отырып тапсырмаларды орындайды және қорғайды
Оқушылар, оксид қабыршағының түзілуіне, оның беріктігіне қарапайым тәжірибенің арқасында көз жеткізеді (Алюминий сымын қыздыру ) |
8мин |
III. Қолдану «Мағынаны таны» Ұжымдық жұмыс 1. Алюминий қосылыстарының ерекшеліктерін көрсетеді 2. Дискуссиялық өрнек (Топтық жұмыс) Мұнда оқушыларға тұжырым беріледі, олар келісетінін немесе келіспейтінін айтады, дәлелдейді |
|
4мин
3мин |
IV. Талдау 1. Жұптық жұмыс ( берілген мазмун бойынша жұптар түсінік береді) 2. «Раунд-робин» оқушыларға тақырыптар бойынша термин сөз беріледі, бір-бірін қайталамай түсіндіруі керек) V. Жинақтау 1 топ – Айналымдардың химиялық реакция теңдеуін жазыңдар. AI2 (SO4 )3 → AICI3 → AI (OH)3 2 топ - Алюминий хлоридін үш тәсілмен алыңдар 3 топ – Құрамында 30г AICI3 бар ерітіндіге калий гидроксидінің ерітіндісін құйғанда тұнбаға түсетін алюминий гидроксидінің массасы қанша? 4 топ - Қолданылуы |
Оқушылар жұптаса отырып тапсырмаларды орындайды және қорғайды, өз-ой пікірлерін айтады, дәлелдейді.
|
2мин |
VI. Бағалау. Формативті, суммативті. VII. Рефлексия. VIII. Үйге тапсырма: §36.Алюминий және оның маңызды қосылыстарының биологиялық және экологиялық рөлі. 160-162бет, 1-7жаттығулар.
|
ББҮ-стратегиясы бойынша, оқушылар бүгінгі сабақта алған әсерлерін стикер орналастыруымен анықтайды. |